Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация.


Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер

Оқу мақсаттары:

11.3.2.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;

Сабақ сақсаты:

Стильдік ерекшеліктерін ескере отырып жазу дағдысын дамытады. Оқырманды қызықтыру үшін ерекше тәсілдемені қолданады.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

Мәтіннің түрлерін ажырата алады. Берілген суреттерге сүйене отырып, топта талқылау жасайды.

Оқушылардың көбісі:

Интервьюдің жазылу жолы, стильдік ерекшеліктерін саралай алады. Өз көзқарасын жан–жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдей біледі.

Оқушылардың кейбірі:

Интервьюдің құрылымын сақтап, ерекше тәсілдемені қолданып жаза алады. Жұмыстың ұтымды тұстары мен сәтсіз тұстарын анықтай алады.

Бағалау критерийлері

Жанрға сай жазу дағдысын дамытады.

Тақырыптан ауытқымай, нақты ашып жазады.

Суреттегі сюжетке сәйкес құрылымын қатаң сақтайды.

Сөз көлемін сақтап, ойын сауатты, орфографиялық нормаға сай жазады.

Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі:

І. Амандасу

ІІ. Оқушыларды түгендеу

ІІІ. Қызығушылықты ояту: жұпқа бөлу

Оқушылар «Таяқша» әдісі арқылы аттары жазылған таяқшалар бойынша екі оқушыдан жұптасады.

ІҮ. Үй тапсырмасын тексеру

1-қадам. Жазылым алдындағы тапсырма C/Ж

Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды.

Интервью дегеніміз не?

Интервью алу үшін қандай жабдықтар болу керек?

Интервьюдің түрлері

Зерттеу кезеңіне байланысты

Алдын-ала интервью. Алдын-ала дайындаған сұхбат, ең алғашқы сұхбат.

Негізгі интервьюЕң негізгі материалдар негізінде болады.

Бақылау интервьюНегізгі материалдарды толықтыру үшін қолданады.

Қатысушының санына байланысты

Дербес интервью дегеніміз — бір тілші сұрақ қояды, және сұраққа жауап беретін бір адам болады.

Топтық интервью дегеніміз — екі немесе одан да көп тілшілер сұрақ қояды.

Бұқаралық интервью дегеніміз — жүзден аса тілшілер немесодан да көп тілшілер сұхбат алады.

Интервьюдің классификациясы

Интервью - композициясына қарай, формасы мен ерекшелігіне қарай тағы да, интервью-диалог, интервью-монолог, коллективтік интервью, интервью-бейнелеу және сауалнама деп жіктеледі.

Интервью-диалог дегеніміз – өте көп кезесетін интервьюдің түрі, сұрақ-жауап ретінде келеді.

Интервью-монолог дегеніміз – Тілші бір ғана сұрақ қойып, тақырыпты айтады, кейін сұхбат берген адам өзі жауап айтып, көбіне өзі сөйлейді. Саясаткерлердің берген сұхбаты, жеке кәсіпорындардың есеп-сұхбатын жатқызуға болады.

Коллективтік интервью дегеніміз – бірнеше адамдармен сұхбат жүргізіледі,тілші сұрақ қояды бірнеше адам жауап береді. Интервьюдің бұл түріне дөңгелек стол, пресс-конференция және брифингтерді жатқызуға болады.

Интервью-бейнелеу дегеніміз – Тілші сұрақты қоя отырып, өзінің ойын толық айтады, өз көзқарасын білдіреді, қысқаша мінездемелер беріп отырады.

Сауалнама дегеніміз – Интервьюдің бұқаралық түрі, тілші өзінің оқырмандарымен сырттай сөйлеседі, әлеуметтік сұрақтар қойыладыМысалы: Сіздің сүйікті актеріңіз, сіздің сүйікті машинаныңыз т.б.

2-қадам. Жазылым тапсырмасы Ж

Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма беру. Атамекен» тобы, «Бәйтерек» тобы )

Екі топ келген қонақтардан интервью алады, сұрақтарды оқушылар өздері тауып,өздері қояды. Сұхабаттың сұрақтарын әзірлейді.

ИНТЕРВЬЮ ЖАЗУ ТАПСЫРМАСЫ

Бағалау критерийі:

Интервьюдің стильдік ерекшелігін ескеріп жазады.

Тақырыпты аша алады.

Ойын сабақтастыра байланыстырып, дамыта алады..

3-қадам. Жазылымнан кейінгі тапсырма С/Ж

Жұпта өзара дәптерлерін алмастырып, Бағалау критерийіне сай жазғандарын өзара тексереді.

Әр оқушы жұбының жұмысына «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді.

Үздік деп бағаланған 2-3 жазба жұмысы сыныпта оқылып, сыныпта талданады.

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийіне сай жұмысты әділ бағалайды.

Өзге оқушының жұмысымен танысып, екі артықшылығы мен бір дамытуды қажет тұсын анықтай алады.

4-қадам. Бағалау Ж/Ж

Әр оқушының жұмыстары жетістік критерийлеріне сай өзара жұпта бағаланады, жұмысқа кері байланыс беріледі

Қорытынды

Біз бүгін сабақта жаңа ... алдық.

Біз ... үйрендік.

Сабақта ... ескерілсе екен.

Жаңа сабақ ... өтті.

Үй тапсырмасы

Қайырымды істерге шақыруға бағытталған жарнама жазып келу.

Бағалау критерийі:

Эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолдана алады.

Жарнама жанрына сай жазады.

Оқырманды тарту үшін ұтымды тілдік бірліктерді қолданады.

Кері байланыс «3-2-1»

Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Алдағы сабақтарда маған қажет 2 аспект;

Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ не ұсыныс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу