Жаңа сабақ. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 5 сабақ. 1 нұсқа.


Оқылым мәтіндері

А мәтіні

Өнертабыстар Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуында

      Кез келген елдің экономикасының дамуы үшін ғылым мен техниканы дамыту негіз болып табылады. Шығармашылық идеяларды қолдау нысаны бола тұра, патенттер инновациялар мен өнеркәсіптің дамуын ынталандырады. 

     Әлем тез өзгереді, өнеркәсіптің дамуы да сондай өзгеріп тұрады.   Өнертабыс деген ұғым - бір қол жеткізбейтін және күрделі дүние деген түсінік ескірген. Пайдалы және қарапайым өнертабыстарды жасау күнделікті өмірімізді жақсартады. Олар көбінесе біраз міндеттерді орындауды жеңілдетеді, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді, микроскоптар ой-өрісті және білімді кеңейтеді, теледидар мен радио өмірді қызығырақ етеді, от сөндіргіштер адамның өмірін сақтап қалады. Әдеттегідей, көптеген өнертабыстар адамның бір нәрсені оңайлату немесе пайдалануға ыңғайлы етуге деген талпынысы бойынша жасалады. Бүкіл әлемде адамдар бірдей мәселелерді бастан кешеді және олардың шешімін табуға ұмтылады. 

     Біз көптеген дүниелер үшін бұрыңғы өнертапқыштарға міндеттіміз, себебі біз олардың шығармашылық нәтижелерін күнделікті пайдаланамыз. Дизельдік қозғауышты неміс инженері Рудольф Дизель жасаған, пастеризациялау процесін француз химигі Луи Пастер, Фаренгейт шкаласын - Пруссия физигі Габриель Фаренгейт, қуатты өлшеу бірлігі вольтты – итальяндық өнертапқыш  Алессандро Вольта, сэндвичтерді – Граф Сэндвич, джинсіні – Леви Штраус  ойлап тапқан.

     Сонда да заманауи өнертапқыштар да бұрыңғылардан кем емес.    Мүмкін қазіргі өнертабыстардың атаулары оларды жасаған адамдардың аттарымен аталып тарихта сақталмаған шығар.  Бірақ қазіргі замаңғы компьютерлер, гаджеттер, электромобильдер және басқа да өнертабыстар аса назар аударуға және сый-құрметке лайық. 

Ә мәтіні  

Телескоптың пайда болу тарихы

 Телескоп өнертабысын алғаш ойлап тапқан адамның аты толық белгілі болған емес. XVI ғасырда дарынды суретші, өнертапқыш Леонардо да Винчи телескопты ойлап тапқаны белгілі, бірақ ешқандай жазбаша дәлел сақталмаған. Леонардо да Винчи – ұлы ғалым, суретші және өнертапқыш. Кейбір ғалымдар XIII ғасырда өмір сүрген ағылшын философы Роджер Бэкон жазбаларында телескоп өнертабысын анықтаған. Осы негізде олар телескоптың алғашқы өнертапқышы екендігін айтады. Рене Декарт «Диоптрика» жазбасында Нидерланд өнертапқышы Яков Мециус XVII ғасырдың басында телескопты кездейсоқ ойлап тапқан деп бекітеді. Бельгиялық көзілдірік дизайнер Джон Липсперсха 1608 жылы телескоптың нұсқасын ұсынды. Оның жасаған телескопы қашықтағы объектілерді бақылауға мүмкіндік берді.

 Бұл өнертабысты физик және астроном Галилео Галилей қолданған. 1609 жылы Галилео қорғасын түтігі мен екі шыны линзасы бар телескопты құрды. Бір жағынан, линзалар жалпақ болды. Ал екінші жағында бір линза ойыс, екіншісі дөңес-сфералық болды. Галилей телескоптың өнертапқышы болмаса да, оны танымал оптика білімдерін қолданып ғылыми негізде құрды. Ол әрі қарай зерттеулер үшін қуатты құрал жасады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу