Білім. Ғылым. Инновация. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


1-таратпа. Мәтін

1-топ

  Астанадағы халықаралық мектепте World Robot Olympiad атты робот техникасы бойынша ұлттық біріншілік өтіп жатыр. Бұл жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 250-ден астам оқушы қатысуда. Олар  «Негізгі», «Шығармашылық», «Робот футболы» және «Smart City» санаттары бойынша бақ сынайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ақпараттық технологияларды дамытудың негізі мектепте қаланатыны белгілі. Осы орайда  Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Шолпан Каринова және  «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеп, еліміз бойынша робот техникасы саласында жоғары нәтижеге қол жеткізіп жұрген оқушыларға сәттілік тіледі. Биыл жарысқа 7-8 жастағы бүлдіршіндер де қатысып жатыр. Мәселен, Павлодар қаласындағы №25 орта мектептің 1 сыныбын үздік тәмамдаған Зарина Тұрғанбекова, Қонақбай Асаин, Алдияр Айтекеновтерді еліміздегі ең жас инженер-робототехниктер деуге болады. Халықаралық мектептің үш залына орналасқан оқушылардың робот техникасы бойынша жұмыстары өте мазмұнды.Мысалы, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Назым Жазылбекова мен Айғаным Сағидоллинаның жобасы тағам өнеркәсібін дамыту және жасылдандыру саясатын іске асыру үшін ғимараттардың сыртқы қабырғасын тиімді пайдалануды көздейді. «Бұл жобаның көмегімен жасылдандыру саясатын жүзеге асыра аламыз. Қазіргі таңда гендік модификацияға ұшыраған өнімнің саны артуда. Сондай-ақ үлкен қалалардың экологиясы бұзылды. Сондықтан ғимараттардың қолданыссыз тұрған сыртқы қабатын өсімдік өсіретін орын ретінде тиімді қолдануға болады. Яғни қабырғаға текшеленген ұяшықтар орнатып, оның ішіне гүл өсіретін қыш құмыраны қою арқылы оған жеміс-жидек егуге болады. Арнайы робот рельстермен жүру арқылы әр ұяшыққа барып, жеміс-жидекті қарап, күтіп, жинауға мүмкіндік бар», дейді Назым. Оқушылардың зерттеуінше, егер құлпынай ексе, бұл өсімдік күніне 12 сағат жарық пен аптасына 2 рет 15-20 литр суды қажет етеді. Есептеулер арқылы 9 қабатты үйдегі 14400 құлпынай түбі күніне 1 кило көмірқышқыл газын жұта алатыны анықталды. Осы арқылы қаланың экологиясы жақсарады. Сондай-ақ 14400 түп құлпынайдан 5 күнде орта есеппен 2,5 млн теңге пайда табуға болады. Оқушылардың ойлап тапқан жобасы қазіргі таңда өте өзекті. Өйткені осы іспетті оңтайлы жобалар іке асар болса, бұл экологияға, экономикаға және тағам өнеркәсібіне айтарлықтай өзгерістер әкеледі. Аталған жоба аясында пайдалы таза өнім алуға болады. Сонымен бірге «Бизнес-2020» стратегиясына сай шағын және орта бизнесті дамытуға көмектеседі. Жұмыстардың 90 пайызын робот орындайтындықтан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы міндеттерін де орындауға септеседі. Міне, робот техникасы бойынша чемпионатқа қатысып жатқан оқушылардың әрқайсысының жобасы осы сияқты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызы бар, жаңа технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға болатын озық ойларды ортаға салуда. 20-21 маусым аралығында өтетін біріншіліктің жеңімпазы қараша айында Тайландта өтетін WRO-2018 халықаралық олимпиадасына жолдама алып, Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

"Алаш айнасы"https://alashainasy.kz/bilim_innovacija/jas-robototehnikter-ulken-jaryista-bak-syinaydyi-110929/

2-топ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары және «5 институционалдық реформа» бағдарламалық құжаттарында, «Мәңгілік Ел» идеясында білім беру жүйесінің мазмұнын халықаралық стандарттарға сәйкес жаңарту үшін білім саласының мамандарына нақты міндеттер артты. Осы орайда отандық білім беру жүйесі қайта қарауды, заманға сай білікті маман даярлауды қажет етеді.  Қазіргі таңда білім беру саласы мамандарының міндеті білімнің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдану. Осындай жауапты міндетті мойындарына алған ұжымның бірі Алматы қаласындағы «Жаңа ғасыр» гимназиясы. Гимназия ұжымы жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушылардың қабілетін, оқыту тиімділігін арттыруда, дарынды балалармен жұмысқа ерекше көңіл бөліп, оқытудың озық әдістемесін зерделеп, мектеп тәжірибесін жақсартуда бірнеше эксперимент түрінде жұмыстар атқарды. Мәселен, Алматы қаласының химия-биология бағытындағы (ХББ) және физика-математика бағытындағы (ФМБ) Назарбаев Зияткерлік мектебімен (НЗМ) тәжірибе алмасу мақсатында кәсіби желілік қарым-қатынас орнатып, семинар, дөңгелек үстел, конференция, кездесу, т.б. шаралар ұйымдастырылып, нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Гимназия ұжымы критериалды бағалаудың, кері байланыстың тиімділігінің жемісін де көруде. Елбасы шахмат сабақтарын енгізуді және шахмат қозғалысын дамытуды іске асыруға да зор мән беруде. Бұл орайда академик Шахмардан Есенов атындағы халықаралық ғылым-білім беру қорының қолдауымен гимназиямызда «Мектептегі шахмат» атты пилоттық жоба іске асуда. Бұл пилоттық жобаға Алматы қаласы бойынша 4 (№172, 175, 33 және 97 мектептер) мектептің 2-сынып оқушылары қатысты. Аталмыш қор гимназиямыздың шахмат кабинетін қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етті. Осы пилоттық жоба аясында мектеп психологы А.Қанатқызымен «Равеннің прогрессивтік матрицасы» және «ОКДАТ» әдістемелері арқылы оқушылардың интелектік даму деңгейін бағалау жұмысын жүргізіп, ақыл-ой даму деңгейін, олардың тез ойланып, тапсырманы нақты, әрі жеке-дара орындай алу қабілетінің дамығандығын көрсетті. Гимназиядағы «Робототехника» кабинеті де оқушылардың зор қызығушылығын тудырып отыр. Алматы қаласының Білім басқармасы мен ГЦНТО-ның шешімімен мектепке «Робототехника» кабинетінің толық комплектісі, яғни ноутбуктар, роботтар, 3D-принтер материалдары және т.б. келді. Нәтижесінде «Робототехника» командасы түрлі жарыстарға қатысып жеңіспен оралуда.Гаухар МАНЕКЕЕВА, «Жаңа Ғасыр» гимназиясының директоры:

Жаңартылған білім мазмұны оқушыларымыздың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Біздің басты мақсатымыз – ұлттық құндылықтарға сусындап өскен, бойында ұлтжандылық қасиеттері тұнып тұрған әрі жаңаша ойлайтын, креативті тұлға тәрбиелеу. Сондықтан бірнеше тілді еркін меңгеру бүгінгі күннің басты талабы екенін ұмытпауымыз керек. Аптаның әр сәрсенбі күні «ағылшын тілі» күні деп жарияланып, осы күні оқушылар да, мұғалімдер де бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлесуге, әртүрлі қызықты іс-шаралар өткізуге дағдыланған. Қарап отырсақ, бүгінде оқушыларымыз жан-жақты ашылып, қала, республика және халықаралық деңгейде өткізілген жарыстарда биік белестерді бағындырып жүр. 10-сынып оқушысы Мөлдір Кенжеғұл республикалық оқушылардың пәндік олимпиадасында 1-орынға ие болса, 7-сынып оқушылары Айым Мәділ мен Гүлім Мәділ Париж қаласында өткен халықаралық байқаудың жеңімпаздары атанды. Шығармашылық жұмысқа да мән беріп, түрлі жарыстарда да көш бастап жүрміз. Бұл тұрғыда бастауыш сынып оқушылары республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауында өздерінің таланттарымен ерекше бағаланып келеді. Байқап отырсақ, заман талабынан туындаған жаңартылған білім жүйесі баланың таным-түсінігінің артуына, өзін қалыптастыруына мол үлес қосуда. Демек, біздің болашақ – осындай білімді жастардың қолында екеніне сенім мол».

Алаш айнасы https://alashainasy.kz/bilim_innovacija/blm-ordalaryi-janartyilgan-blm-bagdarlamasyina-beymdelp-keled-110881/

3-топ

 Елімізде қазіргі заманға сай ойлай алатын, білімді, зерек жастардың қатары күн санап көбейіп келеді. Солардың бірі «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Тимур Рыспеков. Бүгінгі таңда алматылық өнертапқыштың инновациялық жұмыстарына әлемнің алпауыт комапнаиялары, соның ішінде Майкрософт және НАСА агенттігі қызығушылық танытып отырған көрінеді.  Небір компьютерлік бағдарламалар жасайтын жас жігіт әлемдік деңгейдедіг бағдарламалар жасауға кірісіп те кетікен. Сондай-ақ ғылым саласында үлкен жетістіктерге жетіп жүрген тағы бір ерекше талант иесі, химик Диас Тастанбеков те жас ғалымдардың санын арттыруға белесене атсалысып жүр.  Қазақстанның тарихындағы ең жас өнертапқыш Тимур Рыспековтың роботы күзет жүйесінің міндетін атқара алады. Роботқа орнатылған камераның мүмкіндігі жоғары. Дарынды жастың құлтеміріне тек отандық ғалымдар ғана емес, шетелдік сарапшылардың да қызығушылығы жоғары. Оның тағы бір жұмысы – қоршаған ортаны талдауға арналған. Бұл робот тұтастай бір метеорологиялық стансаның қызметін жасайды. Оның туындылары тек отандық ғалымдар ғана емес шетелдік сарапшылардың ерекше қызығушылығын тудырған. «АҚШ-тың NASA агенттігінің жүйесіне арнап түрлі талдаулар жүргіземін. Өзімнің өзге де жобаларымды NASA spay challenge-де ұсындым. Одан бөлек, халықаралық тау-кен рудасы компаниясына арнап түрлі қосымша дайындап жатырмын. Одан бөлек, ата-аналарға балаларының компьютеріне бақылауы үшін, канадалық білім бағдарламасына арнайы қосымша әзірлеудемін»,-деді өнертапқыш Тимур Рыспеков. Тимур мектепте оқып жүргенде-ақ, 50-ге жуық жоба ойлап тапқан. Соның ішінде 28-іне патент алған. Ол бала кезінен есепке жүйрік, математиканы жақсы игерген. Ерекше қарым-қабілетімен қаршадайынан көзге түскен жігіт информатика мен физика пәндерін де жетік меңгереді. Қазір Майкрософт компаниясының тапсырысымен арнайы бағдарлама жасап жатыр. «Бұл жоба сурет және видео файлдарының презентациясына арналған. Absolut Viewer бағдарламасы жадты үнемдеп, көп ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. Қазір бірнеше адам бірлесіп істейміз. Тобымда жалпы 3 адам бар»,-деді өнертапқыш Тимур Рыспеков. Ал химик Диас Тастанбековтың жобасы ауыл шаруашылығы саласында берер пайдасы мол. Бұл жоба өсімдікті топырақсыз өсіруге мүмкіндік береді. Яғни, өсімсдіктердің тамырына барлық қажетті нәрлі заттары бар сұйықтық шашылып тұрады. Әдетте топырақта өскен өсімдікке түрлі зиянкестер әсерін тигізбейді. Тың әдіс арқылы жоғары сапалы өнімді алуға болады. Оған қоса, барлығы автоматтандырылғандықтан, қосымша жұмыс күшінің де қажеті жоқ. «Бізде аэропоникалық 30 қондырғы болса, ол 30 қондырғы 150 шаршы метр орын алады. Бірақ осының бәріне бір-ақ адам қажет. Қалғанының барлығын интернет арқылы, компьютер арқылы жұмыс істей береді. Басты мақсатымыз ол күніге тұрақты 30 келі өнім алу. Осы мақсатқа қазір жетудеміз. Сол мақсатқа жеткеннен кейін нарыққа толығырақ шыға береміз. Қазір бізде өнім бар. Бірақ біз оны сатпауға тырысамыз»,-деді химик Диас Тастанбеков. Диас Тастанбеков аэропоника әдісінен бөлек, өзге де жобаларды іске асырмақ. Яғни, зымыран модельдеу бойынша білім беру орталығын ашпақ ниетте. Осы арқылы жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруды көздеп отыр. Орталық өз жұмысын күз айында бастамақ.https://alashainasy.kz/bilim_innovacija/otandyik-jas-galyimdardyin-jumyistaryina-sheteldkter-kyizyigushyilyik-tanyityip-110748/

2-таратпа

«INSERT» әдісінің кестесі

W / білемін

+ / жаңалық

-/ білмеймін

? / білгім келеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу