Адам өмірін сақтау. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация.
Сабақтың мақсаты:
Бағалау критерийі
1. Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін анықтайды
2. Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданады
3. Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазады
Жазылым алды тапсырмасы
Нұсқаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Нұсқаулық қандай бөлімдерден тұруы мүмкін?
Нұсқаулық -
1. Әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы.
2. Жалпы алғанда нұсқау.
3. Жоғарғы басшылықтың бұйрықтары немесе басқа мемлекеттік органның заңнамалық, актінің қолдану тәртібін анықтау және түсіндіру мақсатында шығарылатын заңдық күші бар кұқықтык акт.
Топтық жұмыс
Үзіндіден ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін анықтаңыздар.1-топ
Мемлекет міндеттерінің бірі – азаматтардың қалыпты тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды экстремалды жағдайлардан сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші жолдарында адам, оның өмірі, құқығы мен тәуелсіздігі еліміздің ең басты байлығы делінген. Сол себепті де мемлекет адам өмірін кез келген қауіптен сақтап қалуға міндетті.
2-топ
21 қыркүйекте орталық қалалық саябақта Астана әкімдігінің қолдауымен Британ-Қазақ қоғамы қайырымдылық жүгіру шарасын ұйымдастырады. Бұл шараның мақсаты адамдардың өмірін сақтауға бағытталған жобаларды іске асыруға қаржы жинау болып табылады.
3-топ
-Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы əрбір функциясын «Мəңгілік Ел» құндылықтарына баулуға бағыттауы тиіс:
- тәрбиелік функция – өмір үлгілерін, мінез-құлық мысалдарын дарыту, құндылықтарды насихаттау, дүниеге, адамдарға, өзіне көзқарасы және т.б.;
- танымдылық функция – білімділік құндылықтары (дүние туралы ауқымды білімдер) және оларды әлеуметтік тәжірибеден өткізу;
- коммуникативтік функция – қатынастың әлеуметтік нормалары, тіл мәдениеті эталондарының құндылықтары, оларды ұтымды коммуникативтік
үдеріс арқылы өткізу (ақпаратпен тиімді алмасу, коммуникативтік жүріс-тұрыс);
4-топ
«Мəңгілік Ел» ұлттық құндылықтарына баулудағы түбегейлі рөл қоғамдық ұйымның ұйымдастырушылары мен жетекшілеріне берілген.
Дəл соларға келесідей жаңғырту шараларын іске асыру міндеті жүктелген:
- мазмұндық қызметті;
- балалар мен жасөспірімдердің өзінің орнын табудағы нұсқаларын;
- балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту әдістерін;
- оқушылар мен мұғалімдер, бірлестіктегі оқушылар, мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналары, балалар мен әлеуметтік орта арасындағы тұлғааралық өзара қатынастар мен өзара әрекеттесулердің жаңа жүйесін құру
Бағалау критерийі:
• Үзіндіден ғылыми-көпшілік стильдің жанрын анықтайды, дәлел келтіреді
• Үзіндінің стильдік ерекшеліктерін табады, түсіндіреді
Топаралық бағлау жүзеге асады.
Жазылым тапсырмасы.
1. «Жасөспірімдердің денсаулығын күту, қорғау» тақырыбында нұсқаулық жазыңыз.
2. Нұсқаулық жазу кезінде бірнеше тарауларға не бөліктерге бөліңіз (3 бөлікке бөлсеңіз болады). Әр бөлікке тақырыпша қойыңыз.
3. Қойған тақырыпшаларыңызға байланысты өз нұсқаулығыңызды жазыңыз.
4. Нұсқаулық жазуда берілген сөз тіркестерін қолдануға болады
Бағалау критерийі:
• Тақырыпқа сай нұсқаулық жазады
• Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып жазады
•
Cөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай отырып жазады
Жазылымнан кейінгі тапсырма.
1. Жасөспірімдердің денсаулығын қорғау неге маңызды?
2. Балалар мен жасөспірімдер денсаулығы ата-аналары үшін маңызды емес пе? Неге мемлекет бұл мәселеге араласады?
3. Сіздің жазып шыққан нұсқаулығыңыз жасөспірімдер өмірін қорғауға қаншалықты пайдалы болды деп ойлайсыз?
Рефлексия.
Не үйрендім?
Не қиын болды? Бұны қалай түзеймін?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды