Адам өмірін сақтау. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 4 сабақ. 2 нұсқа.


Эссенің құрылымдық бөліктері

І. Кіріспе – эссенің негізгі сұрағын анықтау, тақырыптың мәнін ашу. Бұл бөлімде эссенің мақсаты айқындалады.

ІІ. Негізгі бөлім – қойылған сауалға жауап беру. Тақырып бойынша негізгі ой мен мәселеге қатысты дәлелдемелер жинақталған бөлім. Осы бөлімде дәлелдер, әр түрлі статистикалық мәліметтер, дәйектемелер қолданылып, тақырып ашылады. Алынған мәселе айқындалады және оның пайда болу себептері көрсетіледі.

ІІІ. Қорытынды –таңдалған тақырып бойынша түйін. Бұл бөлімде жаңа ой қозғалмайды. Негізгі бөлімде келтірілген дәлелдемелер бойынша түйінді ой айтылады, мәселені шешу жолдары ұсынылады.

 Эсседегі негізгі дәлелдемелерді беру әдістері:

Дәлелдер - бұл кез келген бір шешімнің және басқа да пайымдаулардың шынайылық негізіндегі логикалық әдістерінің жиынтығы. Кез келген дәлелдеме құрылымы кем дегенде үш құрамдас бөліктен тұрады: тезис, аргумент, қорытынды немесе бағалау пайымы

Тезис – дәлелдеуді қажет ететін пікір.

Аргументтер - бұл тезистің шынайылығын дәлелдеуде қолданылатын категориялар. Мүмкіндігінше екі аргумент келтірген дұрыс болып табылады, себебі бір аргументпен сендіре алу мүмкін емес. Үш немесе одан көп дәлелдемелерде келтіруге болады, бірақ бұл ойды нақты жеткізу талабына және оқушылардың жас ерекшелігіне қарай берілген эссе көлеміне сәйкес келмеуіне әкелуі мүмкін.

Қорытынды - бұл айғақтарды талдау негізіндегі пікір

Бағалау пайымы - бұл түсінігіміз, көзқарасымыз, пайымдауымыз негізіндегі пікір.

Эссе жазуда сақталуы тиіс

  • Нақты тақырып немесе сұрақтың болуы;
  • Жеке көзқарастың болуы;
  • Нақты дәлелдердің келтірілуі;
  • Еркін композиция;
  • Терминдерді қолдану;
  • Цитата келтіру;
  • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
  • Ішкі мағыналық жүйелік;
  • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
  • Тілдік ерекшелік;
  • Грамматикалық нормаларды сауатты қолдану;
  • Қолданылған еңбектерге, мәліметтерге сілтеме жасау.

Эссеге қойылатын талаптар

  • Эссе идеясы анық және түсінікті болуы;
  • Эссе алынған ұстаным мен белгілі бір тұжырымды ашуға ғана арналған ақпараттардан тұруы;
  • Эссе тақырыбынан ауытқушылық болмауы;
  • Эссе композициялық құрылымының сауатты, жүйелі құрылуы;
  • Эссе әр абзацының бір негізгі ойдан тұруы;
  • Эссе орындаушысының жаһандық идеялар, қорытындылар, терминдерді білуі және теориялық түсінігін қолдана алатынын көрсетуі;
  • Эссе алынған ұстаным мәселесі бойынша нанымды дәлелдерден тұруы керек.

Эссе жазу алгоритмі

 

 Эссе жазуға ұсынылған барлық тақырыптарды мұқият оқу. Тақырыпты таңдауда төмендегі талаптарды ескеру ұсынылады:

 а) сізге қызықты;

 б) сіз берілген тақырып не тұжырымның мағынасын толық түсіндіңіз;

 в) осы тақырып бойынша дәлелдемелер, мәліметтер, мысалдар келтіре аласыз, терминдерді жеткілікті қолдана аласыз және т.б.

 Тұжырымның негізгі ойын анықтап алыңыз (не туралы?), бұл үшін перифраз әдісін қолданыңыз (осы тұжырымды өз сөзіңізбен қайта беріңіз).

 Берілген тұжырымға кереғар аргументтерді алыңыз.

 Әр аргументке мысал, айғақ, өмірден және жеке тәжірибеңізден жағдаяттар келтіріңіз. Алынған дәлелдемелерді ойша бір шолып шығыңыз.

 Эссе мазмұны әсерлі болуы үшін қандай әдеби тәсілді, көркемдегіш сөздерді қолданатыңызды ойланыңыз. Таңдалған әр түрлі аргументтерді жүйелеңіз.

 Пайымдауыңызды қалай енгізетініңізді ойластырыңыз (осы тұжырымды неге таңдадыңыз, өз ұстанымыңызды бірден анықтап, цитата авторына сұрағыңызды қойыңыз және т.б.). Өз көзқарасыңызды беруде жоспарыңызды басшылыққа алыңыз, сөйлемдерді жазуда логикалық бірізділікті сақтаңыз.

 

Эссе жұмысын бағалау

 Берілген жұмыс оқушылардың өз ойларын дамыта жазуын, тілді дұрыс қолдануын, жаһандық және ұлттық мәселелердегі тақырыптарды байланыстыра алуын, сондай-ақ, лексикалық бірліктер мен грамматикалық құрылымдарды сауатты қолдануын бағалайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу