Алаш мұрасы және осы заман. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Тіл және алаш идеясы

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жакыпжанова А.С

Сынып: 10

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Алаш мұрасы және осы заман

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Сабақтың мақсаты

Құрылымын сақтап, ұсынылған тіркестерді қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу

 Бағалау критерийлері

 

  • Эссе жазады;
  • құрылымын сақтайды;
  • келісу/келіспеу себептерін дәлелдейді;
  • тілдік оралымарды орынды қолданады;
  • орфографиялық нормаға сай жазады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Эссе, келісу-келіспеу эссесі

 Құндылықтар

Құрмет,ашықтық, өмір бойы оқу.

 Пәнаралық байланыс

Тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы бөлімдерде оқушылардың эссе жазу дағдылары дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылайды.

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

20 минут

Жазылымға дайындық.

Мұғалім оқушыларға Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауынан үзінді ұсынады. Оқушылар мәтінді оқып, мазмұнын жұпта талқылайды. Төмендегі тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма.

Алаш қайраткерлері қандай негізгі мәселелерді көтерді, мәтіннен анықтап айтыңыз.

Мемлекеттің зайырлық негізі туралы

Тіл мәселесі

Салық мәселесі

Білім беру саласы

Жер мәселесі

2-тапсырма. Шеңбер бойымен талқыла. Мұғалім оқушыларды шеңбер бойымен отырғызып, талқылауды ұйымдастырады.

  • Алаш қайраткерлері сөз еткен жоғарыдағы мәселер бүгін қандай деңгейде?
  • Олардың бағдарламасындағы ұсыныстарды бүгінгі күнмен салыстырып көріңіз.
  • Алаш зиялыларының көздеген мақсаты бүгінде жүзеге аста ма?

Жазылым тапсырмасы. Елбасының «Тарих толқынында» кітабынан үзіндідегі деректер мен ойларды қолданып, «Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында келісу-келіспеу эссесін жазыңыз.

Дескриптор.

  • Эссе жазады;
  • құрылымын сақтайды;
  • келісу/келіспеу себептерін дәлелдейді;
  • Мәтіндегі ақпараттарды, ойларды пайдаланып жазады.

Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында»

кітабынан үзінді

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Таныстырылым

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу