Мәдениет және өркениет ұғымдары жайында. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ 1

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.

Тілдік жүйе және норма

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Тажигалиева З.Т.

Сынып: 10Т1

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Мәдениет және өркениет ұғымдары жайында

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • БАҚ материалдары мен ғаламтор көздері арқылы ізденіс жұмысын жасайды;
  • Оқылым материалдарын зейін қоя оқиды, танысады;
  • Дереккөздеріндегі ойлар мен ақпараттарды пайдаланып, пікір білдіреді.

 Бағалау критерийлері

 

  • Ізденіс жұмыстары арқылы зерттеу жұмыстарын жасай алады;
  • Дереккөздерінен нақты ақпараттарды таба алады;
  • Мәтіндегі ойлар мен ақпараттарды пайдаланып, өз көзқарасын білдіреді.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: қоғам, өркениет, мәдениет, рухани жаңғыру, құндылық, заман талабы, мәңгілік ел, ұлттық болмыс.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері: біздің пікірімізше, сайып келгенде, ортақ түйініміз.

 Құндылықтар

Құрмет, өмір бойы оқу, ынтымақтастық

 Пәнаралық байланыс

тарих, әдебиет, өзін-өзі тану, экономка, география пәндері

Осыған дейін меңгерілген білім

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

2 минут

15 минут

5 минут

5 минут

Тапсырма атауы:

Оқылымалды тапсырмасы

Тақтада «қоғам», «өркениет», «мәдениет», «рухани жаңғыру», «құндылық», «заман талабы», «мәңгілік ел», «ұлттық болмыс» сөздері ілінеді немесе жазылады.

Оқушы әрекеті: Оқушылар жұпта тақтадағы сөздердің бір-бірімен байланысын талқылайды.

Мұғалім әрекеті: Оқушы пікірлерін тыңдайды, өзіндік бағыт беріп отырады.

Оқылым тапсырмасы.

Мұғалім әрекеті: Мұғалім оқушыларға жоғарыда айтқан пікірлерін одан әрі дамыта іздестіру үшін арнайы сілтемелер ұсынады. /ресурс бөлімінде/

Оқушы әрекеті:

Оқушылар мұғалім ұсынған және жұпта іздеп тапқан дереккөздер бойынша талқыланған сөздер туралы ақпарат іздестіреді. Қажетті ақпаратты дәптеріне жазып алады, авторына, сайтына сілтеме жасайды. Ұсынылған мәтіндерді қарастыру кезінде автордың басқа дереккөздерге жасаған сілтемелеріне, цитата келтіру тәсіліне назар аударады.

Тапсырма атауы:

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Мұғалім әрекеті: Тапсырмалар бойынша нұсқау береді. Оқушылардың зейінін шоғырландырып отырады.

Оқушының әрекеті:

Оқушылар жазған жазбаларымен басқа жұптармен алмасады. Өз жазбаларын толықтырады.Тапсырманы дескрипторға сай бағалайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу.

-БАҚ құралдарынан арнайы ресурс көздері арқылы кемінде 4-5 ақпаратты тақырыпқа сай іздестіре алады;

-іздестірген материалдарына сілтеме жасай алады.

Мұғалім әрекеті: Оқушының пікірлерін зейін қоя тыңдайды, сәтті тұстарыны оң көзқарас танытады, сәтсіз тұстарына ұсыныс бере кері байланыс береді.

Тапсырма атауы: «Неге? Неге? Неге?» әдісі.

Мұғалім әрекеті: Тапсырма бойынша нұсқау береді.

Оқушы әрекеті:

Оқушылар шеңберге тұрады. Бір оқушы осы сабақта не үйренгенін айтады және сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушылар осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Соңында барлық оушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, тақырыптың түйінді идеяларының байланысын түсінеді. Сабақ барысында іздестірген дереккөздерін жинақтап, түйіндейді.

Ықтимал жауаптар:

  • 1-оқушы: Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінуі тиіс. Неге?
  • 2-оқушы: Себебі Мәңгілік Елді қашанда жер жаһан тани білгені жөн.
  • 1-оқушы: Мәдениет пен өркениет бір. Неге?

Оқушыларға ұсынылатын сілтемелер:

https://fgulen.com/kz/kitap/ruhaniyat/29028-erkeniet-zhane-kindylyktarymyzdyh-kazirgi-beth-beynesi

Өркениет және құндылықтарымыздың қазіргі бет-бейнесі;

http://ikaz.info/m-deniet-zh-ne-rkeniet-ymdaryny-ara-atynasy/

«Мәдениет» және «өркениет» ұғымдарының арақатынасы

Таратпа материал

Таныстырылым

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия. Оқушы әрекеті:

Оқушылар сабақта жасаған жұмыстары бойынша «Өзін-өзі бағалау ағашының» қай тұсында тұрғанын көрсетеді және оның себебін 1-2 сөйлеммен түсіндіреді.

Стикерлер, сурет

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу