Тыныштығы бұзылмасын сәбидің. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі

 Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік.

Сабақтың тақырыбы

Тыныштығы бұзылмасын сәбидің!

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау

 Сабақтың мақсаттары

  • Тыңдалым мәтінін түсініп тыңдайды.
  • Тыңдалым мәтінінен қоғамдық-саяси жағдаятқа сай фразаларды таңдайды.
  • Монолог дайындайды.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннен сұрақтарға сай жауаптарды таңдайды.
  • Монолог дайындайды.

 Құндылықтар

Өмір бойы оқу

 Пәнаралық байланыс

Тарих

 АКТ дағдылары

Тақырыпқа қатысты таныстырылым

Осыған дейін меңгерілген білім

Тілдік міндеттер

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестері: тыныштық, бейбітшілік, сәби ұйқысы, қақтығыстар

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

3 мин

1.Ұйымдастыру. Бейбітшілік, тыныштыққа қатысты мақалдардың мағынасын жұбымен талқылайды.

  • Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.
  • Оң қолыңа сол қолың арашашы болсын.
  • Қылыштың міндеті - кесу,

Қолдың міндеті - шешу.

Сабақтың ортасы

10 мин

7 мин

7 мин

10 мин

Тыңдалымалды тапсырма

Суретті сұрақтар бойынша талқылайды:

-Суретте қай кезең бейнеленген?-Сәбидің ұйқысын не бұзды?-Сурет саған қалай әсер етті?

Тыңдалым тапсырмасы

1-тапсырма. М.Мақатаевтың «Бесік басында» атты мәтінін тыңдайды.

  • Бейбіт өмірді бұзуға бағытталған әрекеттерді көрсететін сөйлемді анықта. (Қандай ғана анадан туады адам, сәбилердің ұйқысын куалаған?!)
  • Бейбітшіліктің белгісін білдіретін сөз не сөйлемді анықта. (Қандай рақат сәбилер жыламаған!)
  • Тыныштықты бұзуға тиым салатын сөйлемдерді анықта. (Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқҰйықтап жатқан ұлымды тербетуге.)

Транскрипт:

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқҰйықтап жатқан ұлымды тербетуге.

Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,Керек емес, дүния, асылдарың!Бақыт, байлық — барлығы менің үшінСенің бір кеп мойныма асылғаның.

Аймалайсың жанымды күлкіңменен,Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,Қытықтаған жүректі бір тілменен?

…Қандай ғана анадан туады адам,Сәбилердің ұйқысын куалаған?!О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!Қандай рақат сәбилер жыламаған!

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге!

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Мәтіннен сұрақтарға сай жауаптарды таңдайды.

Кемінде 2 сұраққа жауап таңдайды.

Тыңдалым мәтіні. Оқушылар мәтінді тыңдап, балалардың соғыс кезінде көрген қиындықтарын дәптерлеріне түртіп жазады.

Транскрипт: Айжан Сарбаева  Айжанның ата-анасы дәл 25 жастарында отау көтерді. Олар үйленген жылы соғыс та басталып кетті. Әкесі майданға аттанып кеткен күннен бастап 1943 жылға дейін хат жазылды. 1943 жылы жауынгердің хабар ошарсыз жоғалып кеткендігі жайлы хабар келді.  "Біз Ақтөбе қаласында Гарнизонная көшесінде тұрдық. Анам қалалық әскери комиссариаттың жанындағы шеберханада тігінші болып жұмыс істеді. Жұмысындағы әйелдер күндіз-түні әскери киімдер, фуфайка, шинел, шалбар тігетін. Анам айтып отыратын, үйде аштан шыңғырып жылайтын мені тамақтандыру үшін жұмыстан дәретханаға сұранып шығып, үйге жасырынып келетін. Біз, яғни, сол заманғы жас балалар ажалдан аман қалдық. Көбісі әкесіз өсті, көбісі жетім қалды. Менің қайта бағым бар екен. Соғыстан екінші топтағы мүгедек боп оралған азаматпен анам екінші рет тұрмыс құрды. Ол менің әкемнің орнын басты. Маған қамқор болып, әкеге деген махаббатты өшірмеді". Айжан апамыз 7 жасында мектепке барған. Сонда сыныбындағы 30 баланың тек үшеуінің ғана әкесі болыпты.  "Аштыққа шыдамаған балалар сыныпта отырып өздігінен талып қалатын. Кімде-кім үйден нан әкелген болса, міндетті түрде барлығымызбен бөлісетін. Кішкентай балалар қомпиған ата-аналарының, ағаларының киімдерін киетін. Аштықтан аман қалудың амалын, отбасын ойлаған балалар 7 сыныптан кейін жұмыс істеуге жалданатын. Қазір мінекей, сол бұғанасы қатаймаған жас балалар бүгінде 75-80 жаста. Көбісі өмірден озып кетті. Біздің қатарымыз жыл өткен сайын сиреп барады". https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/9_mamyir_2018/52288/

Өтеғали Бекмұхамбетов: "Мен 1942 жылдың басында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келдім. Дәл осы уақытта жау Мәскеуді басып алуға бар күшін салып жатқан екен. Анам ауруханада санитар болып жұмыс істеген. Таң атқаннан қара кешке дейін жұмыста. Үйде тек 9 жасар ағам және мен қалады екем. Мені бірдеңені бүлдірмесін, оқыс жағдай орын алмасын деп аяғымнан орап төсектің аяғына байлап кетеді екен. 9 жасар ағам маған тек су беретін. Қиын қыстау заман еді. Үйде одан басқа азық та жоқ болды ол жылдарда".

3-тапсырма. Алынған ақпараттарды пайдалана отырып, «Бала тыныштығын бұзылмасын десек...» тақырыбында әлемдік қақтығыстардан аулақ болу, соғыстан бас тарту секілді мазмұнда жалғастырып, 2 минуттық монолог дайындайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Монолог дайындайды.

  • Әлемдегі қақтығыстар мен соғыстың бала тигізетін кемінде 3 зардабын атайды.
  • Сурет пен тыңдалым материалынан алынған кемінде 3 ақпаратты қолданады.
  • 2 минут көлемінде сөйлейді.

https://www.youtube.com/watch?v=nYUXDo_zlP8

Бесік басында. А.Жорабаева.

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс.

Сабақтан не үйрендім?

Не қиын болды?

Нені жетілдіру керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Пәнаралық байланыс – робототехника, биология

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу