Көп балалы отбасының ел демографиясына әсері. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

5. Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис Түсіндірмелі салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас.

 Мектеп:

Күні:

 Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

 Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көп балалы отбасының ел демографиясына әсері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу;

Сабақтың мақсаты

Тыңдалым мәтініндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білуге үйрету.

 Бағалау критерийлері

  • Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды;
  • Өмірлік мәселелермен байланыстырады;

Тілдік дағдылар

Демографиялық ахуал, көші-қон, халықтың өсімі.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

Пәнаралық байланыс

География, биология, тарих

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда география пәнінен алған білімдеріне сүйенеді, демография туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут

Тыңдалымалды тапсырма

1-тапсырма

Оқушылардың назарын сабақ тақырыбына аудару мақсатында мұғалім оқушыларға демографияға байланысты бірнеше сұрақтар қояды.

- «Демография» дегеніміз не?

- Оның негізгі қызметі қандай?

- Қандай салалары бар?

- Біздің елімізде демогрфиялық жағдай қандай?

- Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің демографияға әсері бар ма?

- Қазақстанның демографиялық құрамы қандай?

Слайд

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

15 минут

Тыңдалым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып тыңдауға шақырады. Тыңдалымды бастамас бұрын мәтінге қатысты тапсырмаларды таныстырады.

«Еліміздегі демографиялық жағдай» тақырыбында тыңдалым мәтінімен танысады.(10:59 - 14:23 аралығы)

2-тапсырма

Мәтінді оқушылар мұқият тыңдап болғаннан кейін мәтіннен демографияға байланысты негізгі ақпараттарды анықтайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

3-тапсырма

Оқушыларға мәтіндегі негізгі ақпараттарға байланысты сұрақтар қойылады, оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын білдіреді,ақпараттарды өмірмен байланыстырады.

Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінде көтерілген мәселелерге қатысты өз ойларыңызды білдіріңіздер, қазіргі өмірмен байланыстырыңыздар.

  • Қазақстанда демографиялық жағдайды көтеру мақсатында қандай қандай шаралар ұйымдастырылуда;
  • «Қайырымды қала тұрғындарына» айналу үшін не істеу керек?
  • Мәтіндегі ақын өлеңінің негізгі идеясы қандай?
  • Көп балалы отбасының демогрфия үшін рөлі қандай?
  • Мәтіннің негізгі идеясы қандай?

Дескриптор:

  • Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді;
  • Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды;
  • Сұрақтарға жауап беру арқылы ақпараттарды қазіргі өмірмен байланыстырады;

Еліміздегі демографиялық жағдай

https://www.youtube.com/watch?v=OB2uLfKXtsM

(10:59-14:23 минуттар аралығы)

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды.

«Мендік пікір»

Менің пікірімше ...

Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады.

Түрлі түсті қағаздар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу