Отбасы – алтын діңгек. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы және демографиялық өзгеріс.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Отбасы – алтын діңгек.

Синтаксис. Түсіндірмелі салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау

 Сабақтың

 мақсаттары

Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтауға үйрету.

 Бағалау критерийі

Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

отбасы, құндылық, іргетас, діңгек, міндет, бақыт т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…

Құндылықтарды игерту

Ұлттық құндылықтарды білудің маңызы, оны дәріптеуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, тарих

Бастапқы білім

Оқушылар 8-сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылығын ояту.

 Оқушылар берілген сөздерге қарап отырып, «Бақыт деген...» тақырыпта өз ойларын тарқатады, өз отбасындағы бақытты сәттермен бөліседі.

 Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

Слайд, суреттер

Сабақтың ортасы

6 минут

14 минут

8 минут

2 минут

Тыңдалымалды тапсырмасы. Оқушылар видеоны тамашалап, «Түртіп алу» стратегиясы арқылы әсер еткен сөздерді теріп жазады. Сұраққа жауап беру арқылы ойларын ауызша жеткізеді. Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданады.

Әсерлі сөздер

Неге әсер етті?

 

Тыңдалым/айтылым тапсырмасы. Мәтінмен жұмыс.

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай-үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі-бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және де басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын

құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оның бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін сіңіреді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру-ата-ананың ең маңызды міндеті.

«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Ойталқы.

  • Мәтіннің мақсаты не деп ойлайсыздар?
  • Мәтіннің мақсаты мен негізгі ойдың байланысы неде?
  • Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыздар?

Дескрипторлар:

  • Ойларын жүйелі жеткізеді;
  • Мәтіннің мақсатын ажыратады;
  • Негізгі ойды анықтайды.

Тыңдалым мәтінімен жұмыс. Мұғалім тыңдалым мәтінін дауыстап оқиды.

 "Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.

15 мамыр - халықаралық   отбасы   күні.  Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті

 Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.

Ж. Мәтінді тыңдаған соң, оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.

  • Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз
  • Отан-отбасынан басталады
  • Келешектің өлшемі
  • Отбасы күні
  • Қоғамның діңгегі
  • Мәтіннің негізгі ойы қандай?
  • Отбасы шағын мемлекет
  • Отан отбасынан басталады.
  • Қоғам назарын отбасына аудару
  • Тату болу, ынтымақтастықта болу
  • Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз
  • Отбасы, Отан, бала, болашақ
  • отбасы күні, елдің дамуы, отбасының аман-саулығы
  • БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, бекітілді, отбасы мерекесі
  • Сүйіспеншілік, зиялы қоғам,халықаралық
  • Еліміздің келешегінің өлшемі не?
  • Отбасы күні
  • Жанұяның береке-бірлігі
  • Елдің дамуы
  • Отбасының аман саулығы
  • «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген нақыл сөзді қалай түсінесің?

а) Отан отбасынан басталады.

b) Бала отбасынан тәрбие алады.

c) Отбасы - шағын мемлекет.

d) Отбасы - қоғамның діңгегі

Дескриптор:

  • Мәтінді мұқият тыңдайды;
  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Отбасыға тілек». Оқушылар жұптасып тұрып, біріне - бірі тілек айтады.

https://www.youtube.com/watch?v=Bl_kl2nNCGk

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

- Нені үйрендім?

- Не нәрсе түсініксіз болып қалды?

- Немен қайта жұмыс жасау керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу