Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 8 сабақ.


Оқушының аты-жөні________________________________________________

Абзац – белгілі бір тақырып аясындағы сөйлемдер тобы. Абзац жазу мен ұйымдастыру жағынан бірнеше түрге бөлінеді

  • Суреттеу абзац – белгілі бір адам, жер немесе затты суреттеп жазу
  • Мысал-абзац- белгілі бір тақырыпты мысалдар беру арқылы жазу
  • Үдеріс (процесс)абзац – бір затты не іс-әрекетті орындау тәртібін жазу
  • Пікір абзац – өзінің сезімін, идеясы немесе белгілі бір тақырып бойынша көзқарасын білдіру
  • Оқиға абзац – белгілі бір оқиғаны баяндау, әңгімелеп беру.

Мәтіндерді оқып, абзац түрлерін анықта.

1.Омардың отбасында төрт адам бар. Әйелі Гүлназ мектепте жұмыс істейді. Үлкен ұлы Қайрат оныншы сыныпта оқиды. Кіші ұлы Мәди төрт жаста. Ол балабақшаға барады. Олар жексенбі күні хайуанаттар бағына барды. Хайуанаттар бағында құстар көп екен. Хайуанаттар бағы Мәдиге қатты ұнады. Ал Омардың өзі болса, зауытта бас инженер болып жұмыс жасайды. Шағын отбасы болғанына қарамастан, Омар ұлдары мен әйелін өте жақсы көреді.

2.Психологтар баланың салған суреті арқылы оның ішкі күйін білуге болады дейді. Мысалы, фантастикалық айуанды суретке салса, жанжалға жақын тұратын бала, ол айуанға мүйіз, тырнақ, сорайған тіс салады, ал жалқау бала жұмысқа керекті қолын салуды ұмытып кетеді. Литваның бір психологы отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын білдіру үшін балалардың суретін пайдаланған. Егерде салынған суретте отбасы мүшелері қатар-қатар тұрса, бұл бірлікті пайымдайды. Егерде олар бір-бірінен алшақ тұрса, әрқайсының өз бетімен жүретінін аңғартады. Бір сөзбен айтқанда, бала суреті – оның ішкі жан дүниесі.

3.Мен гүл өсіргенді жақсы көремін. Бала кезден гүл өсіруге деген қызығушылығым болды. Осы қызығушылық әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қазір мен 170-ке жуық бөлме гүлдерінің түрін өсіремін. Әр гүлдің күтіміне ерекше мән беремін. Менің өмірімде сүйікті ісім өте маңызды рөл атқарады. Себебі жаның жайланып, ғажап күйге бөленесің. Гүлді күту, өсіру, гүлдердің өскенін байқау өте қызық.

4.Жұпар иісті, ыстық, сергітетін кофені қайнатамын десеңіз, мына нәрселерге көңіл бөліңіз. Кофе әзірленетін су таза болуы керек. Құбыр суын емес, фильтрленген су қолданыңыз. Бұл кофенің дәміне қатты әсер етеді. Нағыз кофе тым ыстық болмауы тиіс. Қайнап тұрған суды сәл суытып алып қолданған дұрыс. Кофе әзірлеуде жаңа ұсатылған дәндерді қолданыңыз. Ұсатылғаннан кейін бірнеше сағат өткенде, кофе өзінің табиғи дәмін жоғалта бастайды. Сондықтан жақсы кофені дайындаудың дұрыс жолы көфе дәндерін сатып алып, дайындар алдында ұсату.

5.Бұл бір таңғажайып оқиғалардың бірі болатын. Уақ –түйек сатып, күн көріп жүрген жетім бала бір ақшасыз қалады. Қарны ашып, ашыққан соң, үйлердің есігін қағып тамақ сұрауға бел буады. Көп үйлердің бірінен мейірімді әйел шығып, оның аш екенін түсініп, бір шыны сүт береді. Бала ұялып, ақшасын төлеуге оқталған кезде, ол әйел «Қайырымдылық жасағаның үшін ақы алма деп үйреткен анамыз»- деп бас тартады. Жылдар өтеді. Әлгі әйел жазылмайтын дертке ұшырап, ауруханаға түседі. Оған жас дәрігер қарайласып, операция жасап, емдеп жазады. Емханадан шығарда аурухана ақысын төлеу қажет болады, әйел адам оның бағасы өте қымбат болғандықтан уайымдай бастайды. Қолына есеп қағазын алған кезде «Емделу ақысы – бір шыны сүт» деп жазылып тұр екен. Сөйтсе сол жетім бала, яғни жас дәрігер, Америкада атақты Ховард Келли деген дәрігер екен. Бұл оқиға қайырымдылықтың қайырымдылықпен қайтатынын нақты дәлелдеп берді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу