Мәңгілік Ел идеясын ақындар жырлайды. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.
Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген…
Мұқағали Мақатаев
Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,Не тындырдың «басымды иемменен?»Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой,«Отан үшін өлемін, күйем» деген.
Өлім деген ерліктің қорегі ме?Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не.…Егер Отан сыңсыған орман болса,Жапырақ боп жармасқын терегіне.
Самалы бол, Отанның салқындаған,Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.Семсері бол Отанның қынабында,Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған.
Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала,Шуақ болып шашылмай жылына ма?Сүй Отанды.Шыныңмен сүйіп өт те,Гүл боп қадал ойына, қырына да!
«Жүз толғанып, күніне мың ойласам»,Ақ басты алып анаммен шырайласам.Қалай оны сүйем деп айта аламын,Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?!
…Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,Іс тынбайды «жанамын, күйемменен»…Өгей әке емес қой Отан деген,Отанды мен Атамдай иемденем.
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||||||
мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру. Мәтіндегі сөз таңдау, сөз қолдану (қисыны), сөз әрлеу |
| ||||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды