Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.
Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше – Мәжілісі депутаты М. ӘБЕНОВ
Сәуірдің 12-сі – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Адамзат баласының ғарыш кеңістігіне көтерілгеніне 48 жыл толып отыр. Осы орайда әлем елдерінің ұстанған бағыттары, еліміздің ғарыш саласындағы көздеген мақсаттары мен оларды заңдық тұрғыдан жүзеге асыру жолдары туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Мұрат Әбенов әңгімелейді.
– Мұрат Абдуламитұлы, Бүгінгі таңда Қазақстан да ғарыш саласын дамытуға баса мән беруде. Ал сіз сол «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан Қызылорда облысында туып-өстіңіз. «Байқоңырдың» пайдасын ел болып көруіміз үшін қандай істер атқарылғаны жөн? Ғарыш саласын игеру туралы ойларыңызды ортаға салсаңыз.
– Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше. Бізді «Байқоңыр» арқылы да біраз елдер танып білді. Сонау Кеңес үкіметі жылдары да ғарыш айлағының Қазақстан жерінде орын тепкені айтылып жүрді. 1961 жылы сәуірдің 12-сі күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарышқа ұшып шыққанда, адамзаттың алғашқы басты арманы орындалғандай болды.
1991 жылы қазанның 2-сі күні қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа көтеріліп, халқымыздың жүздеген жылдар бойы армандаған биігіне қол жеткізді. Дәл сол сәттен кейін Елбасы қатысушыларға ғарыш агенттігінің құрылуы туралы хабарлаған болатын. Сондықтан біздегі ғарыш саласының да, мемлекет ретінде қалыптасуымыздың да тарихы бір-бірімен тығыз байланысты.
– Қазақстан ғарыш саласын қалай дамытуы қажет деп есептейсіз?
– Біріншіден, бәсекелестік артықшылықтарға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық прогрессшіл салаға басым назар аудару қажет. Дәл осындай санатқа ғарыш саласы да жатады.
Екіншіден, жеткілікті бастама қоры қажет. Біз әлемдегі ең қуатты, тиімді, функционалды ғарыш айлағын – «Байқонырды» иемденеміз. Сондай-ақ ғарыш қызметін реттейтін кәсіби мемлекеттік құрылым – Ұлттық ғарыш агенттігі де бар. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы өз ісінің шебері, осы салада машықтанған азамат, «Халық ҚаҺарманы», Ресей батыры, үш мәрте ғарыш кеңістігіне көтерілген тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері, Қазақстан мен Ресейдің екі мәрте генералы Талғат Мұсабаев. Ол танымал тұлға ретінде бұл салада көптеген маңызды қызметтер атқаратынына кәміл сенемін.
Үшіншіден, ең маңыздысы, Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ ғарышқа ерекше маңыз беріп келеді. Сонау 1991 жылы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев журналистер сауалына жауап бере келіп: «Ғарыш айлағы – бүгінгі күні біздің әлемдік экономикалық сайыстағы жалғыз басымдығымыз!» деген болатын. Одан кейін де аз уақыт өткен жоқ, экономикалық және саяси жағдай өзгерді. Дегенмен де бұл саладағы мемлекет басымдығы одан да нығая түсті. Яғни, елдің индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының жүзеге асуына, ғарыш индустриясы кластерінің құрылуы мен дамуына, халықаралық маңызды серпінді жобалардың іске асуына, әлемдік ғылыми және ғылыми-техникалық кеңістікте кірігуіне ықпал ететін отандық ғарыш саласын жасау міндеті қойылды. Бұл шешімдердің барлығы нақты қаражаттармен бекітілген.
– Ғарыш саласының дамуы заңмен негізделуі қажет қой. Парламент депутаттарыбұлсаладақандайжұмыстаратқаруда?
– Әрине, бұлсаладаәлі де бірқатарқиындықтар бар. Мысалы, біз осы саланыжасақтауғакіріскенімізбен, әлікүнгедейінғарышқызметінреттейтін «Ғарышқызметітуралы» заңымызжоқ. Мұныңсебебі де белгілі. ҚазақстанРеспубликасының «Ғарышқызметітуралы» Заңыныңжобасы 2006 жылыжелтоқсанда Парламент Мәжілісініңөткеншақырылымыныңқарауынаұсынылған. Айта кету керек, олкездеҚазақстандағарыштыққызметтіреттейтінсалалықорталықмемлекеттікатқарушықұрылымболмаған. Тек ҚР БілімжәнеғылымминистрлігіжанындаАэроғарыштық комитет ғана бар еді. Бәлкім, аталғанминистрліктеғарышсаласынтереңигергенмамандардыңжеткіліксіздігіненболар, заңжобасыбарысындадепутаттарайтарлықтайкемшіліктердітапты. Жағдайды Мәжіліс қабырғасында-ақ жөндеуге талпыныс жасалды. Жұмыс тобына мүше депутаттар 116 өзгерту енгізді, көптеген құқықтық ережелер Қазақстанның қолданыстағы заңдарына сәйкестендірілді және оның тіпті бүкіл мәтіні айтарлықтай өңделді. Енгізілген өзгерістер ілеспелі заң жобаларының жетілдірілуін талап етті. Дегенмен, бұл заң жобасы алдағы уақытта жетілдіріліп, Мәжіліске келіп түсетін шығар.
Жалпы, біз «Байқоңыр» ғарыш айлағын тек сөз жүзіндегі мақтанышымыз ғана емес, мемлекетімізге қыруар пайда әкелетін кешен ретінде пайдалануға қол жеткізгеніміз абзал. Бұл саладағы көзделген жобалар жүзеге асса, осы мақсаттың орындалатынына сенемін.
– Рақметәңгімеңізге.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды