Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Қазақ тілі 8Т1
Пән: | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: 24 | Қатыспағандар саны: | ||||||||
| 4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері | |||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | О3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату; | |||||||||
Оқу мақсаттары | 8.2.3.1. Мақала, презентация, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. | |||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||
Құндылықтар | Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады. Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағы.с.с Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Біздің пікірімізше...... Себебі.... Бұған дәлел...... Қорыта айтқанда,.... | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика, астрономия, тарих сабақтарымен байланыс | |||||||||
Алдыңғы білім | Публицистикалық, ғылыми стильдердің тілдік қоланысын меңгерді және онымен жұмыс жасады. | |||||||||
Сабақтың түрі | Аралас сабақ | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 - мин | Оқу мақсатын таныстыру. Оқушылар оқу мақсатын талқылайды. Бағалау критерийімен танысады. Топқа бөлу. Оқушыларды цитаталар арқылы 4 топқа бөлу. Әр топ өздерінің цитаталарын суртепен байланыстырып, өз пікірлерін білдіреді. Әр топқа сөйлеуге 1минут уақыт беріледі. 1-топ. Біз болашағымызды ғарышпен тікелей байланыстырып отырған елміз 2-топ. Қазақстанның ғарышты зерттеу және ғарышты игеру саласының болашағы жас мамандардың, өскелең кадрлардың қолында. 3-топ Жер серіктері – Қазақстанның ғылымын тек қана өрге сүйрейді. 4-топ Ғарыш зерттеу саласына біржолата мойын бұрған Қазақстан Республикасы 2007 жылы елімізде Ұлттық ғарыш агенттігін құрды. | |||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 15 мин 8 мин | Оқылым алдындағы тапсырма
1-2-топтар мақаланың құрылымын топта талқылайды.Үйден қарап келген мәліметтерін қолданады. 1топтан үш оқушы 2- топтан үш оқушы топтарын алмастырады, яғни 1-топтың 3 оқушысы 2-топқа ауысады,ал 2-топтың 3 оқушысы 1-топқа ауысады.Топтан ауысып барған оқушылар өз топтарындағы мәліметті таныстырады. Осылайша ақпараттармен алмасады. Әр топтан бір оқушы шығып, топта талқылаған мәселесі бойынша қарсы топтың оқушыларынан «Кезбе микрафон» әдісі бойынша сұрақ-жауап алады. 3-4-топтар презентацияның құрылымын топта талқылайды. Үйден қарап келген мәліметтерін қолданады. 1топтан үш оқушы 2- топтан үш оқушы топтарын алмастырады, яғни 1-топтың 3 оқушысы 2-топқа ауысады,ал 2-топтың 3 оқушысы 1-топқа ауысады.Топтан ауысып барған оқушылар өз топтарындағы мәліметті таныстырады. Осылайша ақпараттармен алмасады. Әр топтан бір оқушы шығып, топта талқылаған мәселесі бойынша қарсы топтың оқушыларынан «Кезбе микрафон» әдісі бойынша сұрақ-жауап алады. Бағалау критерийі:
Бағалау. Сұрақ-жауап алған оқушы өз бағасын береді. Оқылым тапсырмасы. Әр топқа мәтін беріледі. Мәтінді оқи отырып, мақаланың және презентацияның рәсімделуін ұсынады. Тапсырмалары бірдей топтар рәсімдеу ережесін бір-біріне ұсынады (үлгіні қоланады), сол бойынша тапсырманы орындайды. Мұғалім топтарға бағыт-бағдар беріп отырады. Тапсырма.
Үлгі: МАҚАЛАНЫҢ РӘСІМДЕЛУІ Мақалалар компьютерде терілген жазбалар түрінде, бір данамен қабылданады. Сонымен қатар мақаланың Microsoft Word 2010 жүйесінде, жадыда электрондық нұсқасы да ұсынылады. Қолжазбаларды авторлар мұқият тексеріп, қатесіз тапсыруы керек. Мақала көлемі компьютерде терілген мәтінмен 3-10 бет (мәтін Times New Roman қарпімен теріледі, қаріп өлшемі-12) жадағай ара қашықтықта, абзацтық шегініс-1,25 см. Сондай-ақ мынадай жиектік өлшемдері сақталған болуы шарт: жоғарғы және төмен- 2 см. және сол жағы мен оң жағы-2 см. 1-топ 1991 жылғы 3 сәуір күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың адамзат баласының тұңғыш өкілі Юрий Гагариннің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарышқа аттануының 30 жылдығы мерейтойына орай сол кездегі Кеңес Одағының бас газеті «Правдаға» үлкен мақаласы жарияланды. «Кезінде кеңінен қолданылсын деп, «елсіз-күнсіз жер» деген тіркес енгізілді. Өз басым оны ұнатпай, ытырынып қаламын. Кейде, тіпті, осы сөзді орынды-орынсыз қолданған кісілер Табиғат анасын тарс ұмытып кететіндей көрінеді, – деген Қазақ елінің басшысы. Арада онша да көп уақыт өткен жоқ, КСРО Машина жасау министрлігі мен тікелей ғарыш зерттеу саласының бір топ кіл мамандары Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматыға әдейі атбасын бұрып келді. Екі қазақ жігітінің ғарыш сапарына дайындалып жатқаны туралы жағымды хабар сол тұста жарияланды. Қазақ халқы құлағын түріп, елеңдесіп қалысты. Кеңес Одағының Батыры, еңбегі сіңген сынақшы-ұшқыш Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров пен азаматттық авиацияның асқан шебер ұшқышы Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаевтың есімі халыққа сол жолы алғаш рет белгілі болды. Президент «Егер атақ-даңқ үшін қазақ азаматын ғарышқа екі-үш сағатқа ұшыру керек болса, ол бізге қиындық туғызбас еді. Бірақ, біз болашағымызды ғарышпен тікелей байланыстырып отырған елміз» деп маңызды мәлімдеме жасады. 2-топ Қазақстан ғарышты зерттеу және ғарышты игеру саласының болашағы жас мамандардың, өскелең кадрлардың қолында. Мемлекетіміз тек қана шетелде оқу үшін ғана жастарымызға жыл сайын ең кемі 200 грант бөледі екен. Немесе 70 грант Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарына бөлінеді. Олардың барлығы дерлік ғарыш аппараттарының өндірісі мен оған жерден қызмет көрсетуден тәлімді дәріс алады. Қазірдің өзінде-ақ жастарымыздың бойында ғарышты игеруге деген ерекше құлшыныс, алабөтен талпыныс байқалады, дейді мамандар. Айтпақшы, осы арада республика бойынша 18 мектепте ғарышпен тікелей байланыстағы ілім – физика-ғарыштық пәнінен дәріс беретін он-сан сыныптардың барын да еске салып қойғанының артықтығы жоқ шығар. Ресей мен Ұлыбританияда, Францияда оқып Отанына оралған жастар легі ғылыми озық салада өзіндік қолтаңбаларын көрсетіп қана қоймай, жаңашылдық жасаудан еш жасқанбайды. Олар салыстырмалы түрде айтқанда ғарыш аппаратын жобалау мен пайдалануға дейінгі өндірістік үрдістерде шетелдік әріптестерінен қалысар да емес. Қазақстан ғарыш саласының бүгінгі ахуалы, тыныс-тіршілігі, бір сөзбен айтқанда осындай. Қазақстанның бүгінгі ғарыш қадамы осындай! *** 3-4-топтар прзентацияның рәсімделуін ұсынады. Тапсырма.
Үлгі: Презентацияның рәсімделуі Презентация Power Point бағдарламасымен, басылым текстімен, 1,5 интервалымен орындалуы тиіс. Презентация тақырыптың негізгі анықтамаларын, теориялық аспектілерін қарастырып, тәжірибеде қолданысын қорытындылаудан тұруы қажет. Жалпы презентация беттеріне шек қойылмайды, бірақ қорғау үрдісіне 5-7 мин беріледі. 3-топ. «Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы АҚ Астанада Ұлттық ғарыш орталығын салды. Күрделі кешеннің негізінде болашақта құрастыру-сынақ орталығы ғимараты тұрғызылмақ. Ол жерде міндетті түрде шетелдегі секілді жаңадан ғарыштық Жер серіктері мен аппараттары жиналып, жасалары хақ. Осының бәрінен хабардар бола тұрып, күні ертең қазақтың «Бәйтерек» ауыр сыныптағы зымыран кешені, авиациялық зымырандық «Есіл» ғарыш кешені, қашықтықтан зондтайтын Жер серіктері – Қазақстанның ғылымын тек қана өрге сүйреріне еш күмәнің қалмайды. Өткен жылдың аяқталар тұсында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 39 ғалымына Әбунасыр әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты тапсырды. Олардың арасында даңқты ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев та бар. Ғарышқа үш рет аттанып ғарыш кеңістігінде бір жылға жуық, яғни 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд ғылыми сапар шеккен қаһарманымыз соңғы жылдары ғарыш саласында атқарған таза ғылыми еңбегі үшін марапат алды. Талғат Аманкелдіұлы әріптестерімен бірлесіп Жер бетін ғарыштық жүйемен мониторингілеу желісін жасап шығарды. Бұл әдіс қазір отандық Жер серіктерінде ойдағыдай кәдеге асып, ойдағыдай қызмет етуде. Талғат Мұсабаевтың қамқорлығымен АҚШ азаматы Деннис Титоның халықаралық ғарыш кешенінде болып қайтуымен ғарыш саласындағы туризм дәуірінің басталғанын да көпшілігіміз білеміз. Талғат Мұсабаевтың ашық космоста болған уақыт мерзімінің ұзақтығына сәйкес Гиннестің рекордтар кітабына кіргені ше… Мұның бәрі де қазақ ғарышы тарихының жарқын беттерінен алынды! 4-топ. Қазақстанның молекулярлық биология мен биохимия институты ауыл шаруашылығының ең үздік мамандарымен кеңесе отырып, келісіп жасаған ғарыштық тұңғыш қомақты жобасы да күні бүгінге дейін халық үшін ғылыми жемісін беріп келеді. Салмақсыздық жағдайында ғарышкердің қол күшімен белгілі кестеге сай шайқалған суспензия Қазақстанның ауыл шаруашылығына «Тоқтар», «Орбита», «Қоғалы» деп аталатын айрықша дәмді картоп түрлерін алып келді. Қазақстанның таулы аймақтарында күні бүгіндері гектарына кемі 30 тоннадан түсім беріп жүрген суыққа да, ыстыққа да төзімділігімен танымал болған бұл картоп сорттарының ғарышта жасалған қазақстандық алғашқы тәжірибеде Тоқтар Әубәкіровтің қолымен будандастырылғанын көпшілігіміз біле де бермейміз. Қазақстан Республикасы патент иесі ретінде осы күнге дейін бес жүз тоннадан астам осындай картоптың тұқымдық сұрпын алыс-жақын шетелдерге лайықты бағасына сай сатып үлгерді. Ғарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжірибелерін Талғат Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында (1994, 1998, 2001 жылдар) ойдағыдай жүзеге асырды. Зерттеуші-ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес әрі тұқымдас дақылдың ДНК-сын салып, генетикалық трансплантация жасады. Салмақсыздық жағдайында «буыны» босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды. Бір сөзбен айтқанда, ел Президентінің бастамасымен 1991 жылдың 13 наурызында негізі қаланған «Қазақстан-Ғарыш» бағдарламасы ғарыш кеңістігіндегі кешенді зерттеулерге осылайша кең жол ашты. Содан келіп ғарыш зерттеу саласына біржолата мойын бұрған Қазақстан Республикасы 2007 жылы елімізде Ұлттық ғарыш агенттігін құрды. Бағалау критерийі:
Бағалау. «Басбармақ» әдісі. Рәсімдеу ережесін ұсынған топтар орындаған топтардың тапсырмаларын бағалап шығады. Өздері ұсынған рәсімдеу ережесіне сай немесе сай еместігін бағалайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма. Ж/ҚБ Тапсырманы оқушы жеке дәптреге орындайды. Мұғалім аралып жүріп оқушылардың жауабын «құстұмсық» белгісімен бағалап шығады. 1-2-топта отырған оқушылар 3-4-топтың орындаған тапсырмасы бойынша жұмыс жасайды және керісінше, 3-4-топтың оқушылары 1-2-топтың орындаған тапсырмасы бойынша жұмыс жасайды. Тапсырма
Бағалау критерийі:
Кері байланыс. «Менің көзқарасым» әдісі. Не жақсы болды? Нені жақсарту керек? Қалай жақсартамыз? | http://www.qamshy.kz/article/gharishti-ygergen-el.html «Ғарышты игерген ел» Талғат СҮЙІНБАЙ, | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Шеңбер» әдісі
Үйге тапсырма: аннотация, тезис туралы мәліметті қарау, конспект жазу. | |||||||||
Қосымша мағлұматтар | ||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды