Мамандықты таңдау. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары

Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ: Камбелова У.

Сынып: 8

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Мамандықты таңдау

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж4 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Құрылымын сақтап, эссе жазады;
  • мәселені шешудің жолдарын ұсынады;
  • ұсынылған шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады;
  • өз ойын дәлелдеп жазады.

 Бағалау критерийлері

 

  • Эссе жазады;
  • Эссе құрылымын сақтайды;
  • Ұсынылған шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады;
  • Ойын дәлелді келтіреді;
  • Сауатты жазады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Эссе, тезис, дәлел, түсініктеме, қорытынды

Жазылымға қажетті сөз тіркестері:

 Құндылықтар

Құрмет, өмір бойы оқу.

 Пәнаралық байланыс

География, тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстырып, олармен бірге талқылайды.

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

20 минут

Жазылымға дайындық.

1-тапсырма.

Оқушылар «Мамандықты қалай таңдау керек?» тақырыбындағы мәтінмен танысады.

  • Мамандықты таңдауға қатысты берілген кеңестер тізімін жасайды.
  • Кеңестердің қаншалықты пайдалы немесе пайдасыз екеніне баға береді.
  • Жұпта талқылай отырып, кеңестерді толықтырады. Жұмыстарын сыныпқа таныстырады.

Тапсырма шарты:

  • Мәтінді мұқият оқыңыз. Автордың мамандықты таңдауға қатысты берген кеңестерінің тізімін жасаңыз.
  • Тізімдегі кеңестердің пайдалы немесе пайдасыз екеніне пікір білдіріңіз.
  • Тізімді толықтырыңыз.

Дескриптор:

1. Мамандықты таңдауға қатысты кеңестерді анықтайды.

2. Тізімді пайдалы кеңестермен толықтырады.

3. Кеңестердің пайдалы немесе пайдасыз екендігіне баға береді.

2-тапсырма.

Сынып 2 топқа біріктіріледі. Топ оқушыларына эссенің құрылымдық бөлігі жазылған парақшалар таратылады. Топта оқушылар эссе құрылымы бойынша дұрыс орналасулары қажет. Топтар бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрып, эссе құрылымын тексереді.

Кіріспе бөлім

Жалпы ой

Тезистік ой

Негізгі бөлім

Тақырыптық сөйлем

Қолдаушы сөйлем

Қорытынды сөйлем

Қорытынды бөлім

Белгілі бір қорытындыға келу

Шешу жолдарын ұсыну

Мұғалім оқушылармен бірге эссе құрылымын еске түсіреді. Содан соң барып эссе жазуға кіріседі.

Жазылым тапсырмасы.

Оқушылар «Мамандық таңдау бойынша ұсынылатын кеңестердің пайдасы қаншалықты?» тақырыбында эссе жазады.

Дескриптор:

  • Құрымын сақтап, эссе жазады;
  • Кеңестердің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады;
  • Тақырыпты аша алады;
  • Мәтіндегі ойлар мен ақпараттарды тиімді қолданады;
  • Сауатты жазады.

Жазылымнан кейінгі жұмыс.

Бағалау және кері байланыс беру

Оқушылар жұптасады. Бір-бірінің жұмысын тексеріп, кері байланыс береді. Кері байланыстың негізінде жұмыстарын жетілдіреді.

Мәтін

Мамандықты қалай таңдау керек?

http://kenester.kz/%D0%BC%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B-%D1%82%D0%B0%D2%A3%D0%B4%D0%B0%D1%83-%D0%BC%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B-%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%B9-%D1%82%D0%B0%D2%A3/

А.Ш.Құлмағамбетова дайындаған «Эссе құрылымы» материалынан

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия.

«Бес саусақ» әдісі. Оқушылар параққа қолын айналдыра сызып алады да әр саусаққа ұсынылған сұрақтардың жауабын жазады.

Рефлексия парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу