Египет мәдениетінің феномені. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 6 сабақ.


Египет мәдениетінің феномені

8-сынып.

2-бөлім.

Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:

8.1.4.1 -мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;

8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Бағалау критерийлері:

- Негізгі ойды анықтай алады;

- Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолданады.

1-тапсырма: Суреттерді басшылыққа алып, төмендегі сұрақтарға жауап бер. Египет мәдениеті туралы ақпаратты жұбыңмен ойбөліс.

Неліктен Египет пирамидаларын мәңгіліктің ескерткіштері деп атайды?

Джосер пирамидасы кімнің құрметіне жасалған?

Египет пирамидалары әлем мәдениетінің ежелгі көрінісі болып табылады ма?

2-тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі ақпаратты есіңе сақта. Жұбыңмен ақылдасып, айтылған ақпараттарды маңыздылығына қарай орналастыр.

3-тапсырма: «Египет жеріне саяхат» тақырыбында диалог құрастырыңдар. Диалог барысында көңіл күйді, эмоцияны білдіретін дауыс реңкін, яғни әуезді қолданып, алғаш рет Египет пирамидаларын көрген сәтті елестете жауап бер.

4-тапсырма: «Хеопс пирамидасы» тақырыбындағы мәтінді тағы бір рет тыңдап, дәптердің (парақтың) бір жағына автордың ерекшелеп, екпін түсіріп айтқан сөздерін, ал екінші бөлігіне автордың неліктен осы сөздерді ерекшелегенін жаз. Жауабыңды жұбыңа түсіндір.

Сөздерді ерекшелеп айту мақсатын мәтін тақырыбымен, мәселесімен, мақсатымен, идеясымен байланыстырып жаз.

Үлгі:

Екі жақты күнделік

5-тапсырма: Неге?Неге?Неге?

 

Шеңберді айналдыра тұрып, бүгінгі сабақтың түйінді идеяларын еске түсір. Осы сабақта не үйренгеніңді айтып, сөйлеміңді «неге?» деген сұрақпен аяқта. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтауы тиіс.

 

Үлгі:

1-оқушы: Әлемдік мәдениет адамзаттың рухани дамуына тікелей әсер етеді. Неге?

2-оқушы: Египет мәдениетінің феномені болып табылады. Неге?

3-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?

4-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?

5-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?

 

Рефлексия мына сұрақтар негізінде жүргізіледі:

- Мен осы сабаққа дейін не білдім?

- Осы сабақ маған несімен пайдалы болды?

- Қандай мәселені әлі жақсарту керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу