Ғылыми фантастика. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.


Роботтар көшеде жүрмек

 1987 жылы көгілдір экранға шыққан ғылыми-фантастикалық "RoboCop" ("Робокоп") фильміндегі робот-тəртіп сақшысы жақын арада мегаполис көшелерінде пайда болуы мүмкін. Флорида университетінің ғалымдары қашықтан басқарылатын осындай роботты құрастырып шығару жұмыстарымен айналысып жатыр. Бұл жобалау жұмысына АҚШ əскери-теңіз флотының мамандары да қатысуда. Бұл жобаның мақсаты мүмкіндігі шектеулі тəртіп сақшылары басқара алатындай робот жасап шығару болып отыр. Қазіргі замандағы барлық өндірісте жəне күнделікті өмірде роботтардың рөлі артып келе жатқанын ескерсек, бұл "тəртіп сақшысын" да болашақта көшелерден көріп қалып жатсақ, таң қала қоймаспыз. Ғалымдар робот-тəртіп сақшысы парковка талондарын беру жəне 911 құтқару қызметінің қоңырауларына жауап беру мен оған сай əрекет ету сияқты қызметтерді жасауы мүмкін деп топшылап отыр. RoboCop-тың нақты қандай кейіпте болатыны əзірге белгісіз. Бірақ, АҚШ əскери-теңіз күштері өкілінің айтуы бойынша, адамдар бұйрыққа бірден бағынуы үшін роботтың сыртқы түрі полиция қызметкеріне ұқсас болуы керек. Шын мəнінде, сіз роботқа емес, оны басқарушы полицияға бағынған боласыз. Бұл тапсырмалардың орындалуы өте күрделі болғанымен, зерттеушілер өз жобаларының нақты шешімін тауып, халық игілігіне пайдаланатынына сенімді.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу