Қиял мен шындық. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі

10-бөлім:Ғылыми фантастика

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қиял мен шындық

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.О7. Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

7.Т/А3. Мәтіннен ақпаратты анықтау.

Оқу мақсаты

- Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау

- Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу

Сабақтың

мақсаттары

Оқушыларды өз пікірлерін дәйек келтіре отырып айтуға, өзгенің жауабын тыңдап, өзіндік пікірлерін білдіре алуға, өз пікірлерін өзгенің пікірімен салыстыра алуға, өз ойын түсінікті, жүйелі айтуға дағдыландыру.

Бағалау критерийі:

  • Мәтіндегі мәліметтерді (негізгі фактілерді) түсінеді
  • Слайд жасауда маңызды ақпараттарды көрсете алады
  • Өз жұмыстарын мәтіндегі ақпараттарға сүйене отырып презентациялай алады
  • Мәтіндегі ақпараттар мен бейне материалдағы ақпараттарды өзара салыстыра алады
  • Ойларын нақты, жүйелі жеткізе алады

Тілдік міндеттер

Пікірлерін айту барысында қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша....

Біріншіден...

Сондай-ақ

Пәнаралық байланыс

Астрономия

АКТ дағдылары

Презентация, бейнеролик

Алдыңғы білім

Ғылыми фантастика: жазылым дағдысы

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.

Миға шабуыл. «Не көріп тұрмын? Не естіп тұрмын? Не сезініп тұрмын?» әдісі арқылы пікір алмасудан басталады.

Сабақтың тақырыбы айтылады және сабақтың мақсаты, сабақтың құрылымы таныстырылады.

1-2-3-слайдтар

Сабақтың

ортасы

15 минут

10 минут

10 минут

Автобус аялдамасы» белсенді оқыту әдісі бойынша жұмыс

Сынып түрлі-түсті қағаздар арқылы 4 топқа бөлінеді.

Оқылым алды тапсырма:

Бағлау критерийі:

  • Мәтіндегі мәліметтерді (негізгі фактілерді) түсінеді
  •  Слайд жасауда маңызды ақпараттарды көрсете алады

1-2-топтар: «Марс ғаламшары» туралы 3 слайдтан тұратын презентация дайындайды. Презентация дайындау барысында мұғалім ұсынған ақпараттарды немесе мына сілтемедегі ақпараттарды пайдаланады (http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%80%D1%81_%28%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BC%D1%88%D0%B0%D1%80%29)

2-3-топтар: «Биосфера» туралы 3 слайдтан тұратын презентация дайындайды. Презентация дайындау барысында мұғалім ұсынған ақпараттарды немесе мына сілтемедегі ақпараттарды пайдаланады (http://kk.wikipedia.org/wiki/Биосфера#.D0.91.D0.B8.D0.BE.D1.81.D1.84.D0.B5.D1.80.D0.B0.D0.BD)

Оқылым тапсырмасы:

Бағалау критерийі:

  •  Өз жұмыстарын мәтіндегі ақпараттарға сүйене отырып презентациялай алады
  • Ойларын нақты, жүйелі жеткізе алады

Әр топ өз презентацияларын басқа топ алдында қорғайды, өзара топтар жұмыстарын талқылайды.

Бағалау: топтар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

Бағалау критерийі:

  •  Мәтіндегі ақпараттар мен бейне материалдағы ақпараттарды өзара салыстыра алады

Қарама-қарсы топтың бір мүшесімен жұптасып, https://www.youtube.com/watch?v=dd3P3HS5t48 Марс туралы бейнематериалды көріп, келесі кестені толтырады.

Шындық

Неге?

Қиял

Неге?

ЖЖ. Оқушылар дәптерлеріне «шындық» және «қиял» терминдері үшін екі анықтамадан шығарады.

Бағалау: Мұғалім тарапынан «Жұлдызшалар» арқылы бағаланады

Дескриптор

Тапсырма

Дескриптор

Жұлдызша

1

Мәтіндегі мәліметтерді (негізгі фактілерді) түсінеді

1

2

Берген мәтіннің мағынасын түсінеді және бейтаныс сөздерді анықтайды

1

3

Мәтін негізінде слайд құрастырады

1

4

Бейнематериалдағы мәліметтерді (негізгі фактілерді) түсінеді

1

5

Мәтіндегі және бейнематериалдағы ақпараттарды өзара салыстыра алады

1

6

«Шындық» және «қиял» терминдерді түсініп, ажырата алады

1

Таратпа мәтіндер

А5 парағы

4-слайд

5-слайд

6-слайд

Таратпа парақ

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

7-слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Топтық жұмыс барысында қабілеті жоғары оқушылар көшбасшылық жасап, қолдауды қажет ететін оқушыларға ықпал ете отырып бірге белгіленген мақсатқа бір уақытта қол жеткізеді. Мұғалім тарапынан қойылатын сұрақтар оқушылардың қабілеттеріне қарай бағытталады.

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды және мұғалім тарапынан «Жұлдызшалар» арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс

Музыка пәнімен байланысады

АКТ-мен байланыс

Презентация, аудио

Сабақ барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары жүзеге асырылады.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу