Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 2 сабақ.


Бөлім/тақырып

5-бөлім: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Оқу мақсаты

7.Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

Ойлау дағдысының

деңгейі

Білу/түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

Диалогқа қатысады;

Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және тұрақты тіркестерді еркін қолданады;

Фразеологизмдерді қолдануда эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсінеді.

ЖЖ

Тапсырма:

  • Мәтінді тыңдай отырып, тұрақты тіркестерді түртіп алыңыз.
  • Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз.
  • Мәтін желісін сақтай отырып, Құрманғазы Сағырбайұлының өнері жайлы жұбыңызбен әңгімелесіп, диалогқа қатысыңыз. Ұсынылған тұрақты тіркестерді қолданыңыз. («Ішкі және сыртқы шеңберде» диалог құру)

Диалогқа ұсынылатын тұрақты тіркестер:

Көзді ашып-жұмғанша — лезде

Қас пен көздің арасында – шапшаң

Қабырғаңмен кеңес — ойлан

Он саусағынан өнер тамған - өнерлі

Алақанның аясындай – тар жер

Бес аспап – өнерлі 

Бес саусақтай білу – жетік білу 

Еңсесі құру – сағыну 

Қанды балақ – озбыр 

Қара жаяу емес – құр алақан емес

Қас қарайғанда – кешқұрым 

Құрығы ұзын – билігі күшті

Бағалау критерийі

Дескриптор

Диалогқа қатысады.

жұппен бірге диалог құрады;

мәтіндегі негізгі ойды сақтайды;

Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және тұрақты тіркестерді еркін қолданады.

көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданады;

тұрақты тіркестерді еркін қолданады.

Фразеологизмдерді қолдануда эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсінеді.

фразеологизмдердің эмоционалды мәнін түсінеді;

фразеологизмдердің көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу