Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.
Тыңдалым мәтіні
Құрманғазы Сағырбайұлы жасынан əн-күйге əуестігімен көзге түседі. Еңбекші бұқараның бай феодалдарға қарсы күресі Құрманғазы шығармаларының негізгі өзегіне айналды. Құрманғазы қазақ халқының арман-тілегі мен мұң-шерін өз күйлерінде қозғап отырды. Бұл қылығы үшін ол “ақ патшаның” жандайшаптарынан өмір бойы қуғын көрді. Күйшінің соңына түсіп, жазықсыз жала жабады, қудалауға ұшыратады. Алайда Құрманғазы жауына бас имейді.
Құрманғазы күйлерінің өзіндік шығу тарихы бар. Мысалы, “Қайран шешем” күйі – түрмеде отырғанда шыққан шығармасы.
Шабармандар Құрманғазыны арбаға байлап, жүргелі жатқанда шешесі Ақбаланы көреді. Əлпештеп өсірген анасына əлі күнге дейін қайырымды іс істемегеніне өкініп, енді тағы айдалып бара жатқанын ойлап, көзіне жас алады. Сол кезде анасы: “Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық немені туған екем ғой. Кімнің алдында көзіңнен жас шығарып тұрсың?” – деп, жағынан тартып жібереді. Құрманғазы өзінің қателігін түсінеді. Орал түрмесінде жатқанда осының бəрін ойлап, шешесіне арнап “Қайран шешем” атты күйін шығарады.
Күндерден күн өткенде Құрманғазы амалдың жоқтығын біліп, қалайда қашуды ойлайды. Айсыз қараңғы бір түнде аяғы жүргізбеген болып тұтқындар тобынан кейін қала береді. Қапысын тауып, қаша жөнеледі. Қараңғыда күйшінің ізін жоғалтып алған конвойлар түрмеге қайтады. Құрманғазы күндіз ұлтарағының астына тығып жүрген болат арамен кісеннің бір жағын кесіп, орнына жай ғана байлап қойған екен. Қашарда бір жағын қолына алып адымдай жөнеледі. Қаладан алысырақ барып, кісеннің екінші басын да кесіп, сол араға лақтырып тастайды. Ол күні қалың шөптің арасынан ешқайда шықпайды. Кеш бата Жайықтың бойын төмен қуа жүре береді. Таң ата бір ауыл шетіндегі малшының үйіне келіп, өзінің мән-жайын айтады. Ол үйдің иелері Құрманғазыны тамақтандырып, басқалардың көздерінен тасалап, тыным алдырады. Жарасына сормақта тартып, жақсылап байлап береді. Кішкене тыныққасын, Құрманғазы домбыра алдырып, бірнеше күй тартады. Ең соңғы күйінде қайғының үні шығады. Айналадағыларға Құрманғазы бұл күйінің аты «Кісен ашқан» екенін айтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды