Әлемнің таңғажайып 12 кітапханасы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 9-бөлім: (№1) Әлемдегі ірі кітапханалар | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К. | ||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Әлемнің таңғажайып 12 кітапханасы | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | О5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: абаттығының кітапанасы, ең үлкен ғылыми кітапхана, манускрипт, ғимараттың негізі т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Менің ойымша, өз ойымды ... сабақтар едім, қызықтырар жайттар т. б. | ||||||||||||
Құндылықтар | Отансүйгіштік, денсаулық, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, география | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Кореядағы кітапхана | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 3 минут | Мұрағатында 5000000 кітабы бар кітапхана бар екенін білесіз бе? Әуесқойлықпен кітап сөресіне бір-бірлеп кітап жинаудан бастаған Джей Уокердің үйі бүгінде әлемдік деңгейдегі ең таңғажайып... Оқушылардан осы туралы мәлімет сұралады. Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер таныстырылады. Оқушылар қаламдары арқылы үш топқа бөлінеді. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 минут 15 минут 10 минут | ЖЖ. Оқылымалды тапсырма Оқушыларға «Әлемнің керемет 12 кітапханасы» тақырыбындағы мақала оқылым мәтіні ретінде ұсынылады. Әр топ өз мәтіндері бойынша 2 нақты сұрақ құрастыруы тиіс. Мұғалім әр топтың сұрақтарын қарап шығып, кері байланысын береді. Оқылым тапсырмасы «Джигсо» әдісі 1-топ: 1. Швейцариядағы Сен-Галль абаттығының кітапханасы — ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005 жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт жүзге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған. 2. Дублиннің Тринити-колледжінің кітапханасы — Ирландиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана. Мұнда 5000000 кітап бар, соның ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған. 3. Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кітапханасы. Монастырьдің негізі 1149-жылы қаланған. Мұндағы ең көне кітаптар ХІІ ғасырға жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130000 кітап, 1500 мерзімді баспасөз, 2500 қолжазба және бірнеше мың графикалық жазбалар сақталған. 4. Джей Уокер — америкалық ойлаптапқыш әрі кәсіпкер. Рriceline.com сайтының негізін салушы. Оның Риджфилдегі үйі адамзат тарихындағы ең үлкен көпдеңгейлі лабиринт тәрізді құрылған кітапхана. Онда 50000 кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар. 2-топ: 5. Йель университетінің сирек кездесетін кітаптар мен көне қолжазбалар кітапханасы. Оның негізі 1963-жылы қаланған. Бұл сирек кітаптар мен манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған. 6. Сиэтл кітапханасы — АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Сиэтл қаласының орталығында орналасқан. Бұл әйнек пен болаттан жасалған әсем ғимараттың негізі 2004-жылы тұрғызылған. Мұнда 1,45 миллион кітап сыйады. 7. Гейзель атындағы кітапхана — Сан-Диегодағы Калифорния университетінің басты кітапханалық ғимараты. Кітапхана сегіз қабаттан тұрады, биіктігі 33,5 м. Аты атақты америкалық балалар жазушысы әрі мультипликатор Теодор Сьюз Гейзельдің құрметіне қойылған. 8. Голландиядағы Делфт технологиялық университетінің кітапханасы. Ол 1997-жылы Mecanoo архитектуралық студиясының жобасы бойынша салынған. Бұл кітапхана шатыры үлкен конуспен аяқталатын ерекше үлгідегі әлемдегі бірден-бір ғимарат. 3-топ: 9. Хосе Васконселос атындағы кітапхана. Мексиканың астанасы Мехиконың орталығында орналасқан бұл кітапхана 2006-жылы ашылған. Кітапхана 1922-1924 жылдары Мексиканың білім министрі болған жазушы әрі пәлсапашы, мемлекет қайраткері Хосе Васконселостың есімімен аталады. Ол ХХ ғасырда Латын Америка философиясының дамуына зор үлесін қосқан тұлға. 10. Ванкувер кітапханасы — параллелепипед тәрізді тоғыз қабатты ғимарат. Сыртқы көрінісі римдегі Колизейді еске түсіреді. 11. Солт-Лейк-Сити кітапханасының басты бөлігі. Бұл бес қабатты керемет ғимарат Ванкувер кітапханасын салған архитектор Моше Сафдинің жобасы бойынша 2003-жылы салынған. 12. Британ музейінің оқырман залы — Ұлыбританиядағы ең үлкен кітапхана. 1997-жылға дейін кітапханаға кәсіби зерттеушілерге ғана кіруге рұқсат етілетін. Мұнда әр кездері Карл Маркс, В.И.Ленин, Махмат Ганди, Дж.Б.Шоу, Герберт Уэллс зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 2000-жылдан бастап кітапхана есігі көпшілікке ашық. Топтың әр мүшесі басқа топтарға барып, өз мәтінін түсініп келеді. Оқылымнан кейінгі тапсырма Оқушылар орындарына оралған соң топта сұрақтарға жауап береді. 160000 кітабы бар кітапхананы табыңыз. Манускрипт, карта және ноталар қамтылған кітапхана қай жақта? XII ғасырға жатқызылатын кітапана қай жақта? Рriceline.com сайтының негізін қалаушы кім? Сиэтл кітапханасы қайда орналасқан? Сегіз қабаттан тұратын, биіктігі 33,5 м кітапхана қайда орналасқан? Қай кітапхана америкалық балалар жазушысы әрі мультипликатор Теодор Сьюз Гейзельдің құрметіне қойылған? Хосе Васконселос туралы не айтасыз? Моше Сафдинің жобасы бойынша 2003-жылы салынған кітапхананы атаңыз, 1997 жылға дейін кәсіби зерттеушілерге кіруге рұқсат бірілген кітапхананы атаңыз. Әр топқа мәтіндердің барлығы беріледі де, жауаптардың дұрыс-бұрыстығы тексеріледі. Әр топқа кері байланыс беріледі. | https://yvision.kz/post/363867 | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды