Ақсақ Темір салған кесене. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Сабақ жоспары

Тарихи тұлғалар

Мектеп: Ақтөбе қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оракова М.С.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақсақ Темір салған кесене

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.1.1 Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар Ахмет Яссауи кесенесі туралы мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдап, мәтіннің қалған бөлігін болжайды, кесене салудағы Ақсақ Темірдің жасампаздығы туралы мәлімет алады.

 Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбын талқылай алады;
  • алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжай алады.

 Тілдік дағдылар

Қолбасшы, талғампаз сәулетші, жасампаздық, үздік туынды.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

 Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда алған білімдеріне сүйенеді, Ақсақ Темір сияқты тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында дүние жүзін жаулап алуға ұмтылған әйгілі жаһангерлерді атау ұсынылады. Оқушылар тарих пәнінен алған білімдеріне сүйеніп, әйгілі тарихи тұлғаларды атайды. Тұлғаларды атап болғаннан кейін мұғалім тақтаға «ол кім?» сұрағын шығару арқылы атақты қолбасшыны анықтауға бағыттайды.

Анықтау үшін қосымша мынадай ақпараттар көмекке беріледі :

  • Талантты қолбасшы
  • 27 мемлекетті қол астына бағындырған
  • Талғампаз сәулетші
  • Тегеурінді саясаткер

Дескрипторлар:

  • Әйгілі тарихи тұлғаларды біледі;
  • Қосымша ақпараттарға сүйене отырып, сұраққа жауап береді.

Слайд

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

Мұғалім оқушыларды мәтінге зейін қоя отырып тыңдауға шақырады. Тыңдалымды бастамас бұрын мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдап, кейінгі бөлігін өздері болжайтындықтарын ескертеді.

Мұғалім оқушыларды мәтіннің қалған бөлігін тыңдауды ұсынады. Оқушылар мұқият тыңдап, мәтіннің тақырыбын талқылайды, қалған бөлігін өз болжамдарымен салыстырады. Болжамдарының дұрыс немесе бұрыстығын мәтінге сүйене отырып дәлелдейді.

Дескриптор:

  • Мәтіннің тақырыбын талқылайды;
  • Мәтіннің қалған бөлігіне болжам жасайды.
  • Өз болжамдарымен салыстырады;
  • Болжамдарының дұрыс не бұрыстығын мәтінге сүйеніп дәлелдейді.

Келесі тапсырмада мұғалім оқушыларды дебат-диалогқа шақырады. Оқушылар дебат-диалогқа қатысып, пікірлерін білдіреді. Дебат-диалогтың тақырыбы – «Әмір Темір - әлемді жаулаушы / Әмір - Темір – жасампаз сәулетші»

Дескриптор:

  • Дебат-диалогта өз пікірін білдіреді;
  • Мәтінмен байланыстырып көзқарасын дәлелдейді.

http://alashainasy.kz/kazak_tarihy/ulyi-kolbasshyi-amr-temr-60462/

https://stud.kz/prezentatsiya/id/21527

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды.

Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.

Мен ................ түйдім.

Мен ............... ұсынамын.

Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады.

Түрлі түсті қағаздар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу