Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 7 сабақ


1-тапсырма

  • Суреттегі тұлға кім?
  • Ол туралы не білесіздер?

2-тапсырма

  • Мәтінді 2 қайтара мұқият оқыңыздар.

А мәтіні

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды.

Ғалым 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады.

Ә мәтіні

Шоқан Шыңғысұлы мен Федор Михайлович Достоевскийдің достығы екеуінің Омбыда, Семей мен Петербургте бірге болған кездерінде бір үзілмейді, кейінгі алты жыл ішінде (1856-1862) бұл достық нығая тускен. Уәлиханов Достоевскийге былай десе: ...Сізбен бірге Семейде өткізген азғана күн маған соооондай тамаша әсер етті. Мен адамның нәзік сезімдері мен ақ ниеті туралы жазуға шебер емеспін. Менің Сізге қандай берілгендігімді және сізді қандай жақсы көретінімді, әрине, өзіңіз де білесіз". Бұған Д.М.Достоевский өзінің шын жүрегінен шыққан жылы сөздермен былай деп жауап қайырды: "Мейірман достым! Сіз мені жақсы көремін депсіз. Ал мен сізге қысылмай-ақ тура айтайын, мен сізге ғашық болып қалдым. Мен еш уақытта да, ешкімге де тіпті туған ініме де, тап сізге көңілім түскендей құштарлықты сезген емеспін. Бұған талай дәлел келтіруге болар еді, бірақ сізді несіне мақтай берем. Ал енді сіз менің ақ ниетіме дәлелсіз-ақ сенетін шығарсыз деймін. Достоевский Шоқанға пайдалы кеңес беріп, рухын көтеріп, оның алдына аса зор игі міндеттер қойғанын көреміз. Енді бірде: Қолға алған ісіңізді тастай көрмеңіз, сіздің материалдарыңыз өөөөте көп. Сахара туралы мақала жазыңыз. Оның үстіне тағдыр Сізді таза жанды, адал жүректі, абзал адам ғып жаратқан. Артта қалуға болмайды, жоқ болмайды..., деген.

3-тапсырма

Берілген мәтіннің

  • тілін,
  • стилін,
  • ұқсастығын,
  • айырмашылығын анықтап жазыңыздар.
  • Жаныңыздағы жұбыңызбен тапсырманың дұрыстығын салыстырып, тексеріңіздер.

Екі мәтіннің ұқсастығы

Екі мәтіннің айырмашылығы

Стилі

Тақырыбы

Мазмұны

Тілдік ерекшелігі

ДЕСКРИПТОРЛАР

  • Тірек сөздер арқылы сабақ тақырыбын болжайды;
  • Мәтіннен жазылымға қажетті ақпараттарды анықтайды;
  • Мінездеменің құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құрады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу