Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Астана – мәдениет пен өнер ордасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар

саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Астана – мәдениет пен өнер ордасы.

Неологизм

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А 6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау

6.4.3.1. неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

Сабақ мақсаттары

Тақырыпқа байланысты мәтіннің мазмұнын игереді, көтерілген мәселені түсінеді, талдау жасайды. Неологизм сөздер туралы білетін болады.

Бағалау критерийі

Мәтіндегі көтерілген мәселені түсінеді, талдай алады, тақырыпқа байланысты неологизм сөздерді орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: елорда, руханият, заманауи технология, халықаралық деңгей, мәдениет және білім ошақтары, жаңа белес

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін...

Оның себебін... деп түсіндіремін.

Біздің пікірімізше....

Олай ойлауға ... себептер бар.

Құндылықтарды игерту

Бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға, әділ бағалауға тәрбиелеу.

Отансүйгіштік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуға тиіс.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, география

Бастапқы білім

«Әлемнің жеті кереметі» тақырыбындағы сабақтар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар

дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Сабақ дайындалған презентацияны көруден басталады.

  • Бұл ғимараттарды бұрын көрдіңдер ме?
  • Ол туралы не айта аласыңдар?
  • Астанада қандай қызықты жерлерге бардыңдар?
  • Не көрдіңдер?
  • Ең танымал қандай ғимаратты білеміз? 
  • Мәдениет пен өнер саласы туралы не білеміз? 

Мұғалім қорытындылап, оқушылардан сабақ тақырыбын анықтауларын сұрайды:

Астана - біздің елордамыз. Әр қазақтың жүрегінен орын алған қала. Өздерің айтқандай қазіргі уақытта Астана мәдениет пен өнер ордасына айналып отыр.

Сабақ тақырыбымен, мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5-10

10-20

20-30

30-35

Тыңдалымалды тапсырма

 

 Мұғалім тыңдалымға дайындық жүргізу барысында оқушылардан бүгінгі сабақтың тірек сөздеріне түсініктеме беруді сұрайды:

елорда, руханият, заманауи.

 Содан кейін мұғалім бұл сөздердің тілімізде жаңадан енген сөздер екенін, оларды неологизм деп атайтынын түсіндіреді. Неологизмнің қоғам өзгерістері мен ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілімізге ене бастаған жаңа сөздер екендігіне түсінік береді. Мысалы, кешен, құрылыс нысандары, заманауи технология.

Астана — Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.

Тыңдалым тапсырмасы

«Түртіп алу» стратегиясы

Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. Интервьюге қажет деп есептейтін мәтінде көтерілген мәселені айқындайтын ақпараттарды және неологизм сөздерді жазып отырады.

Тыңдалым мәтіні

ЖЖ

 «Үш қадамды сұхбат» әдісі.

Мәтін мазмұнын тереңірек игеру мақсатында өмірмен байланыстыра отырып, 2 оқушы бір-бірінен интервью алады, 1 оқушы жазады. Интервьюде мәтін мазмұнында кездескен неологизм сөздерді қолдануы шарт.

Өзара бағалау: оқушылар берген жауаптарын жұпта талқылайды, салыстырады, бағалайды.

Дескриптор:

  • Мәтіндегі көтерілген мәселені түсінеді, талдайды.
  • Сұраққа жауап береді.
  • Негізгі ойды ажыратады.
  • Неологизмді орынды қолданады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Астана - мәдениет пен өнер ордасы» деген пікірмен қаншалықты келісесің?

Оқушылар ПОПС формуласы бойынша өз пікірін білдіреді.

Мен мынадай дәлелдер келтіремін...

Оның себебін... деп түсіндіремін.

Менің пікірімше,....

Олай ойлауға ... себептер бар.

https://kk.wikipedia.org/wiki

2-қосымша

 http://www.inform.kz

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Бүгінгі жұмысыңыз туралы ойларыңызды түстер арқылы көрсетіңіздер.

Жасыл түс: өзіме ризамынҚызыл түс: көмекті қажет еттім Көк түс: жаңа ой салды, өзгертер едім (нені?)

Кері байланыс. Мұғалім бағалау критерийлері бойынша не сәтті, не сәтсіз болғанына тоқталып, сындарлы кері байланыс береді.

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу