Көлік түрлерін білесің бе? Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

Топқа бөлу фотолары

№1 қосымша

Оқылым мәтіні

1-топ

Бүгінннен бастап біз арнайы Ассам шайын Сізге ұсынамыз. Әр бір шай қорабында бағалы сылықтар: ұялы байланысыңызға 200 теңге және бас жүлде 50’000 теңге номиналды 10 жүлде!

Науқанның шарттары:

 1.«Ассам шай» сауда маркасы атынан «Чаепитие с призами, кошелек с деньгами» науқанының Ұйымдастырушысы «Tea House» ЖШС болып табылады.

А) Науқанның техникалық провайдері – «RGL Service» ЖШС.

Б) Осы Ережелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленген.

С) Науқанды өткізу мерзімі: 16.03.2015 ж. бастап 16.06.2015 ж. дейін.

Д) Науқанға промо-қаптамадағы шайдың келесі тауар бірліктері қатысады: Пакеттелген Классикалық Ассам 25 пак, Пакеттелген Классикалық Ассам 50 пак, Пакеттелген Классикалық Ассам 100 пак, Пакеттелген Кешкі Ассам 25 пак, Пакеттелген Ассам Көк шайы 25 пак.

2. Науқанға қатысуға Ұйымдастырушының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінен басқа, ҚР азаматтары, 18 жасқа толған барлық жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын, әрекет қабілеттілігі ҚР Азаматтық Кодексімен белгіленген өзге тұлғалар жіберіледі.

Кепілдендірілген жүлделер. SMS жіберу жолымен немесе www.assamtea.kz арқылы әр 10-шы тіркелген науқан қатысушысы SMS жіберілген немесе сайттың арнайы жерінде көрсетілген мобильді телефонның балансына 200 теңге алады. Соңғы 100 жүлдегердің тізімі www.assamtea.kz сайтында көрсетілетін болады. Жүлдегерлер тізімінің жаңартылуы әр 5 минут сайын өтеді.

Бас жүлделер. Жүлдегерлер науқан қатысушылары жіберген бірегей кодтардың деректер қорынан кездейсоқ іріктеп таңдау арқылы атаулы құны 50 000 теңге 10 жүлдеден 13 ұтыс ойнын өткізу арқылы анықталатын болады. Неғұрлым көп код жіберген қатысушының жеңімпаз атану мүмкіндігі жіберілген кодтар санына тура пропорционал соғұрлым жоғары болады. 

http://kz.teahouse.kz/press/promo/_assam_shay_sauda_markasinan_shay_shu_g2/

2-топ

Алматылық қоғамдық көліктерде кітапхана ашылды. Кітаптар автобустардың әр орындығына таңылған. Мұхтар Әуезов, Қадірбек Сегізбаев сынды көптеген жазушылардың туындылары нөмірі 11, 17, 133 және 406 бағыттағы автобустарға қойылған. «Кітап Talking» атты акцияны «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық әкімшілігімен бірлесе жүзеге асырып отыр. Ал алдағы уақытта кітаптар ұрланбай, жыртылмай, оқырман арасынан қолдау тапса, онда автобустарға қойылатын туындылар саны да көбеймек, деп жазады Алматы телеарнасы.

«Бұл акцияны Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығына орай ұйымдастырып отырмыз. Тарихқа байланысты, Алматының көрікті жерлеріне қатысты, танымдық, әдеби кітаптар бар. Осыларды қойып жатырмыз. Басты мақсатымыз — қоғамдық орындарда жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру»,- деді «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арман Халбеков.

http://jasqazaq.kz/2016/12/08/o-amdy-k-likterdegi-kitaphana/

3-топ

Аялдамада – ақпараттық тақта

Облыс орталығы – Қарағанды қаласының бірнеше аялдамаларында жаңа мониторлар орнатылып жатыр. Осынау ақпараттық тақталардың шаһар тұрғындары мен қонақтарына тигізер өзіндік пайдасы бар. Жоспар бойынша, биылғы жылы ақпараттық тақталар «Мың ұсақ-түйек дүкені», «Кеншілер Мәдениет сарайы», «Политехникалық университет» және «45 орам» аялдамаларына орнатылды. Қоғамдық көлік күтіп, аялдамаға аялдаған халық аталған аялдамаларға – «ақылды аялдама» деген атауды да теліп үлгерді. Ақпараттық тақталардың қызметі қандай? Олар арқылы сіз ауа-райы, қоғамдық көліктердің жүру кестесі және қала картасы сияқты пайдалы ақпараттар алып, жарнамалар топтамасымен таныса аласыз. Мысалы, асыққан жолаушының бірі сенсорлы экранды тақтадан автобус кестесіне көз салса, қарағандылық оқушы ұл-қыздардың екі-үшеуі қала картасымен танысып жатты. Қала тұрғындар үшін тиімді қондырғы ұсынды. Бұқара халық ұқыптылықпен қараса болғаны.

http://ortalyk-kaz.kz/publ/leumet/ajaldamada_a_paratty_ta_ta/4-1-0-8175

№2 қосымша

Жарнама мәтінін жазуға дайындық

КАМАЗ- 2005 жылдың 05 тамызында ең алғашқы жүкті өзі түсіргіш және автобус жасап шығарылды, ал 10 тамызда бастап, олар қолданысқа берілді. Қазақстандағы бірінші сериялық КАМАЗ жүкті өзі түсіргіші мен автобусы: Қазіргі таңда, Ресейлік «КАМАЗ» ААҚ на қарасты, Қазақстанда КАМАЗ автомобильдерін сататын 18 дилерлік компания (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Өскемен) мен 26 қосалқы бөлшектермен айналысатын дилерлік компания және авторластырылған 19 сервис орталығы бар.2013 жылдың қорытындысы бойынша «КАМАЗ-Инжиниринг» ЖШС — 7000 автокөлік құрастырып шыққан.

Автобус (француздың autos – өзі және латынша (omnі)bus, яғни баршаға арналған деген сөзінен шыққан) — жүргізушімен қоса есептегенде 9 және одан да көп адамды алып жүруге арналған, қорабы вагон түріндегі автомобиль. Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында пайда болды. Автобус қалалық, қала маңы, қалааралық, жергілікті, т.б. болып бөлінеді. Автобус сыйымдылығы мен ауқымына (негізінен ұзындығына) қарап: ең кіші (5 м), кіші (7,5 м), орта (8,5 м және 9,5 м), үлкен (11 м), өте үлкен (12 м) және жалғастырылмалы (16,5 м) автобус болып ажыратылады. Ұзындығы 7,5 м қалалық автобусқа 35 – 40, ал ұзындығы 12 м автобусқа 110 – 120 адам, сондай-ақ жалғастырылмалы автобусқа 160 адам сияды. Ең жоғары жылдамдық қалалық автобус үшін сағатына 70 км, қала маңы және жергілікті автобус үшін сағатына 80 км, қалааралық автобус үшін сағатына 100 км болып белгіленген. Кейбір елдерде 1,5 және 2 қабатты автобустар пайдаланылады. Автобус – негізгі қала көлігі. Мысалы, ұзындығы 1500 км-ден асатын Алматы қаласы көшелерінде күн сайын 120 маршрут бойынша 800-ден аса автобус қатынайды.

1933 жылы Toyota компаниясы текстильді фирмадағы көлік департаменті болып құрылды. Тек кейіннен ғана автокөлік зауытына айналды. Оны компания қожайынының үлкен баласы Киичиро Тойода ашып келешекте Toyota маркалы автокөліктерді әлемге әйгілі етті. Platt Brothers ағылшын компаниясының жіп иіру машиналарының патентін сатып алғашқы көліктердің өндірісін бастайды. Осыған қоса, 90 жылдары Тойота 70 миллионыншы (1991) және 90 миллионыншы (1996) автокөліктерін шығарады. 1997 жылы  Prius-тан басқа Raum үлгісін шығара бастайды. 1997 жылы Avensis, Land Cruiser 100  үлгісінің жаңа буыны жарық көріп, 1999 жылы Тойотаның 100 миллионыншы көлігі өз иесін табады. Сол жылы Тойота Daihatsu компаниясының акциялар пакетін сатып алады. 2010 жылы Ресейде "Toyota Motor" компаниясы ресми түрде ашылды. Prius машиналарының сатылулары 80 мыңға дейін жеткен. Бүгінгі күні Тойота – автокөлік өндірушілер арасындағы алдыңғы қатарлы компания. Жапония еліндегі ең ірі автоөндірушінің бірегейі. Компания жылына 5,5 миллион машина шығарады. Ол шамамен әр алты секунд сайын 1 көлік. 2002 жылы Тойота компаниясы алғаш рет  Formula 1 көліктер бәйгесіне қатысқан болатын.Теңіз көлігі

Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиеді. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, Кипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары. Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы — Атлант мүхиты. Ірі порттары: Роттердам (Нидерланд), Жаңа Орлеан (АЩП), Марсель (Франция), Гамбург (ГФР). Соңғы кезде Азияның жаңа индустриялық елдерінің қарқынды дамуы Тынық және Үнді мұхиттарындағы теңіз жолдарын игеруге мүмкіндік беруде. Бұл аймақтағы халықаралық маңызы бар ірі порттар қатарына Кобе, Нагоя, Иокогама (Жапония) және Сингапур жатады. Теңіз жолдарының түйіскен жері жіңішке бұғаздар мен теңіз каналдары болып табылады. Ла-Манш бұғазы арқылы тәулігіне 500, Зонд бұғазы арқылы 175, Гибралтар бұғазы аркылы 140 кеме өтеді. Сонымен қатар Ормуз, Малакка, Босфор бұғаздарының маңызы зор. Адамзаттың ақыл-ойы мен еңбегінің нәтижесінде пайда болған жасанды бұғаздар — Суэц, Панама және Киль каналдары экономикалық жағынан аса тиімді теңіз кақпасы болып табылады.

1.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%BB%D1%96%D0%BA

2.http://massaget.kz/layfstayl/tehno/auto/klassika/17/

3.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B2%D1%82%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%81

4.http://kerekinfo.kz/blog/12589.html

5.http://massaget.kz/layfstayl/tehno/auto/e-ee/14/

Сергіту сәтінің фотолары

Жол суәуетемір жолы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу