Күнделік жазбаларын баламалы көзқарас тұрғысынан жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: 3-Бөлім: Мәдени мұра

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Күнделік жазбаларын баламалы көзқарас тұрғысынан жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімінің қолдауымен тауып түзету және шағын мәтінді жетілдіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар жіберген қателерді тауып түзетеді, шағын мәтінді жетілдіреді.

 Сөздік қор

Зерттеу, археология, қазына

 Бағалау критерийі

Жоспар құрып, тірек сөздерді қолдана отырып, мазмұндама жазады.

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Мазмұндама жазу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-10мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. «Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз»

1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға.

2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан.

3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді.

4.Ұяда, жатыр, жеті, жұмыртқа.

5.Олар, алмады, жұмыртқаны.

Үй жұмысын тексеру. Оқушылар жазып келген мазмұндамаларын оқиды.Тыңдаушылар кері байланыс береді.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Мақсат бойынша бағалау критерийлерін құрастыру.

Сөздер

Сабақтың ортасы

10-35мин

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. 1.Мәтінмен жұмыс

Берел қорғандары Берел қорғандары— сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш. Шығыс Қазақстан облысы Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 — 8 шақырым жерде орналасқан. 1998 жылы археологтар Ә.Марғулан атыдағы археология институтының Зейнолла Самашев жетекшілігімен Берел қорғандарын ашқан.

Бұл ескерткіш біздің заманымызға дейінгі IV ғасырға тисілі болған. Берел қорғандарында киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған. Қорғаннан табылған заттар Берел қорғанын әлемге танытып үлгерді. Көптеген алтын бұйымдармен бірге қорғанда ат әбзелдері (барлығы 13 ат) табылған. Берел қорғанында табылған аттар 2500 жыл бұрын өмір сүрген.

Қазіргі уақытқа дейін сақ дәуіріндегі шеберлердің сырлары ашылмаған болатын. Шеберлер алтын бұйырымдарды жасалу технологиясын керемет білген. Олар күміс тірегіне алтынды салып, ақ алтынды жасап шығарған. Мәтінді үш бөлікке бөліп 3 топқа тарату.Әр топ мәтінде кездескен қателерді табады.Мәтіннің әр бөлігіне ат қояды.

Әр топ берілген мәтінді жалғастырады.

Дескриптор:

Қателерді тауып түзетеді.

Мәтіннің бөлігіне ат қояды.

Берілген мәтінді әрі қарай жалғастырады.

2. Берілген ақпаратты әрі қарай жалғастыру.

Археологиялық ескерткiштердi қазып, зерттеуге арнайы рұқсат қағазы бар мамандар ғана құқылы. Өз бетiмен, ешқандай арнайы рұқсатсыз қазба жүргiзген .........

3. Топтық жұмыс. Мәліметті жалғастыру.

1-топ: Археологиялық зерттеулер үш кезеңнен тұрады. Бiрiншiсi, археологиялық барлау, яғни (ескерткiштердi iздеп тауып, мемлекеттiк есепке алу, қорғау).

2-топ. Екiншi, археологиялық ескерткiштерде қазба жүргiзу және қазбадан табылған заттарды ( лобораториялық зерттеуден өткiзу).

3-топ: Үшiншi, зерттеу нәтижесiне сай ежелгi адамдардың тұрмыс – тiршiлiгiнiң қалыптасып, дамуындағы қайшылықтар мен заңдылықтар жайлы арнайы ғылыми (мақалалар мен кiтаптар жазу).

Мәтін

Сурет

Сабақтың соңы

36-40 мин

Рефлексия: «Сөйлемді аяқта»

  • Мен үшін бүгінгі сабақ ....
  • Маған қиын болған кезім...
  • Келесі сабақта .... білгім келеді.

Үй жұмысы: «Мен археологпын» тақырыбына эссе жазу.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарға тапсырма беру арқылы

Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу