Дұрыс жазу және грамматика. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-Бөлім: Мәдени мұра

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс жазу және грамматика

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктер, әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданылуын түсіну және анықтау

3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.9 Пунктуациялық нормаларды сақтау

Сабақ мақсаттары

4.2.2.1 мәнмәтінде тұрақты сөз тіркестері мен көпмағыналы сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

4.3.8.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру және таза жазу

 Сөздік қор

Құндылық, мәдени мұра, Алтын адам

 Бағалау критерийі

Көпмағыналы сөздерді ажыратады;

Көпмағыналы сөздерді сөйлеу барысында қолдану.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

 Пән аралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз тіркесі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Өткен сабақты бекіту.

«Дұрыс,бұрыс» ойыны

Оқушыларға тұжырымдамалар оқылады, оқушылар дұрыс болса жасыл түсті қағаздарын, бұрыс болса қызыл түсті қағаздарын көтереді. Өз ойларын дәлелдейді.

  • «Алтын адам» Есік қорғанында табылды.
  • «Алтын адам» 80-ншы жылдары табылған.
  • Ақышев 70 жылдары «Алтын адамды» тапқан
  • Алтын адам киімі 6 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.
  • Бас сүйектің оң жағынан алтын сырға табылды.
  • Алтын ада м-қазақстанның символына айналды.
  • Оның тұлғасы Астананың бас алаңына орнатылды.

ІІІ. Сабақтың тақырыбын анықтау.

Бағалау критерийлерін құрастыру.

Түсті қағаздар

Сабақтың ортасы

V. Жаңа сабақты меңгерту.

Қызығушылықты ояту. Оқушыларға сабақтың тақырыбын ашу үшін бірнеше жұмбақтар жасырылады. 1. Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (Күннің көзі) 2. Желі басында бес бие, Бесеуі де жас бие. Құлындары құла ала, Құлақтары ары ала. (Егіннің басы) 3. Күмбір – күмбір қарағым, Қартайғанша жарадың. (Құлақ) 4. Айдын көлде алтын тас, Ау салса да алынбас. (Тіс) 

Осы жұмбақтардың шешімі арқылы жаңа сабаққа кіріспе жасалады. Оқушыларға сұрақтар қойылып, сол арқылы ойлары тыңдалады. - Балалар, жұмбақтардың жауаптарын дұрыс таптыңдар. Бәрекелді. Ал енді, мынаған назар аударайықшы. Тағы ненің көзі, басы, құлағы, тісі болуы мүмкін. Оқушылардың жауаптарының нәтижесінде көп мағыналы сөздердің ережесі құрастырылады. 

Ереже :

Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла береді. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді.Көп мағыналы сөздер көркем шығармаларда жиі қолданылады. Өздерінің шығармаларында ақын-жазушылар кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып жұмсай береді.

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

Сөздің затты немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады. Тура мағына әр заттың өзіне тән жеке мағынасы болып табылады, сол арқылы біз оны айыра аламыз. Мысалы: аспан, жер, бұлт - заттарды атаса, биік, жылы, жақсы деген сапаны, бару, келу, оқу - қимылды атайды.Сөздер тура мағынада айтыла бермейді. Ол тура мағынасының негізінде туып, көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады.

Ауызша

Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап

А)Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы,жұмыстың басы

Б)Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті

В)сағат тілі , кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі

Мәтінді көшіріп жазыңдар.

1.Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі, бетіне келер ұятын өзі біліп жуса игі. 2. Көп баланың ішіндегі қарт бала болар, көп қарттың ішіндегі бала дана болар. 3. Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады. 4. Ас қадірін білмесең, ашаршылық берер сазаңды; ат қадірін білмесең, жаяушылық берер сазаңды. 5. Сиыр сипағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес.

  • Адамның қандай қасиеттері айтылған?
  • Мәтіндегі көп мағыналы сөздердің астын сызыңдар.
  • Ауыспалы мағыналы сөздерді қолданып, сөйлем құраңдар.

«Адасқан әріптер» Тапсырма әр жұпқа жеке парақтармен беріледі. Оқушылар жұптаса отырып, адасқан әріптер ішінен көп мағынаға ие болатын сөздерді ерекшелеп белгілеулері керек. Кейін, сынып болып талқылып, әр сөзге тоқталып, не үшін көп мағынаға ие болып тұрғанын дәлелмен айтады. А Қ О Л Р Т Ю Ь Т І С Ъ Т К К А Ц К Н Ж Ү З Б О Ү Е Ө В Б А С П П А П Б Б Д З Р Е А К І Л Т Ч У І Ж М О Т Г Ш А У Ы З Ы Р А Я Қ Қ Ұ Л А Қ Н Г Н Ы Ғ И У К Е Т Е К Щ З Х У А Р Қ А С Б Е Л Ф Ц Й 

Презентация

Үлестірмелі карточкалар

Сабақтың соңы

Рефлексия

Өздерін бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Білімі деңгейі жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру.

Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрау, оған қатысты сұрақтар қоя біледі.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу