2_Қазақ тілі_3 сынып_4-бөлім_Сәулет өнері_№63сабақ_БЖБ_ПРЕЗЕНТАЦИЯ


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

4-бөлім

Сәулет өнері

Сабақ тақырыбы: «Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)

«Сұрақтар ілмегі»

Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Бастауыш дегеніміз не?

Баяндауыш дегеніміз не?

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша?

Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

Сөйлем мүшелерінің байланысы қалай анықталады?

Жалаң сөйлем дегеніміз не?

Жайылма сөйлем дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

3.4.2.8 мұғалімнің қолдауымен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату

Бағалау критерийлері

-берілген мәтін жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;

-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады;

-жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады

Медеу мұз айдыны

Алматы - Қазақстанның әсем қалаларының бірі. Қалада және қала маңында танымал сәулет ғимараттары көп. Солардың бірі - Медеу мұз айдыны. Ол — тауда орналасқан әлемдегі ең биік мұз айдыны. Медеу - Іле Алатауы баурайында орналасқан. Спорт кешені 1972 жылы ашылды. Ол дүние жүзіндегі ірі спорт кешендерінің қатарына жатады. Жасанды мұз айдыны – қысқы спорттық ойындарға арналған. Мұнда халықаралық жарыстар өтеді. Медеу мұз айдыны - қала халқы мен қонақтары үшін де сүйікті демалыс орны болып табылады.

Алматы қаласы

Алматы қаласы

Айдыны жалтырап,

Нұрланған атырап.

Сырғанақ тебеді,

Сан адам сап құрап.

Алматы қаласы.

Сәулетті ғимарат,

Тұрады мұндалап.

Айдында шаттанам,

Медеумен мақтанам.

Алматы қаласы.

 

Өз-өзіңді тексер

-Жазба жұмысыңды қайта оқып, тексеріп шық.

-Тұрлаулы мүшелерді дұрыс таптың ба?

-Тұрлаусыз мүшелерді тапқанда қателескен жоқсың ба?

-Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата алдың ба?

-Көркем жазу талаптарына сәйкес жаздың ба?

-Сәулет өнері туралы не білдің?

-Сәулет өнеріне байланысты тағы не білгің келеді?

Рефлексия

Үй тапсырмасы:

Дереккөздерден Алматы қаласының сәулетті ғимараттары туралы ақпараттар тауып, шағын әңгіме жазу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу