Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№2 сабақ_ Сөз құрамын еске түсіреміз. Бәйтерек туралы аңыз_Әдістемелік нұсқау


Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Сәулет өнері

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы.Бәйтерек туралы аңыз

Сабақ мақсаттары:

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Ресустар: үлестірме қағаздар, бәйтерек, аялы алақанның суреттері, А4 қағаз, фломастер

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау. Сергіту сәті ұйымдастыру.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану мақсатын көздейді.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Білімді бекіту. Үй тапсырмасын тексеру. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.

«Ішкі және сыртқы» шеңбер бойынша өткен сабақты еске түсіреміз. Сыныпта 1 нұсқада отырған оқушылар ішкі шеңберді, 2-нұсқада отырған оқушылар сыртқы шеңберді құрайды. Өзара бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Сөз құрамы туралы алған білімдерін еске түсіреді. Осылай оқушылардың жұптары алмасады да, оқушылар бір-біріне сұрақ қоюды жалғастырады. Жаттығу бірнеше рет осылай жалғасады. Оқушылар сұраққа кімдер дұрыс жауап бергенін айтады. Мұғалім оқушылардың айтқан сөйлемдерін бақылайды, қолдау көрсетеді, Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.

«Мозайка» әдісі бойынша сыныпты топқа бөлу. Оқушылардың мақсаты – сурет қиындыларын құрастыру арқылы топ құру. Ережені қайталайды.

Бағалау дескрипторы:

1. сурет арқылы болжам жасай отырып, мәтін құрастырды

2. болжамның негізінде мәтінді қорғай алды.

Ширату «Ойымызбен бөлісейік» айдары бойынша жұмыс. «Бәйтерек» монументі туралы не білетіндері сұралады. Суретер бойынша Бәйтерек туралы аңызды болжайды.

Оқушылар «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша бағаланады. Өз ойларын анық, тиянақты жеткізеді.

Көркем жазу мұғалімнің көмегімен, өздегінен орындау ұсынылады. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен көлемін көрсету. Үлгі бойынша жазады.

Жазайық. тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөйлеу барысында қолданады. Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдайды.Оларды кестедегі тиісті бағанға орналастырады.

Ой шақыру. Жұмбақты оқып, шешуін табады. Жұмбақтағы қарамен берілген сөздерге назар аударады.Бұл сөздер нені білдіреді? тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндіреді.

9- жаттығу.Жұмбақты шешеді (сағат)

Ойлан, тап! Әр сызбаға сай сөз тауып айтады.

Дифференциация. Тапсырманы шапшаң әрі дұрыс орындайтын оқушыларға ұсынылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу