4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_41-сабақ_Түбір сөз және туынды сөз_ Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Уақыт
Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын.
Сабақ тақырыбы: 41-сабақ. Түбір сөз және туынды сөз
Сабақ мақсаты: 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату;
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Ресурстар: кесте, түрлі түсті қарындаштар, жұмыс парақтары, интерактивті тақта
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында өткізетін «Карусель» жаттығуы арқылы зейінін сабаққа шоғырландырып алуға болады. Бұл әдістерді оқушылардың сынып ішіндегі өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жасату көзделеді. Денені шынықтыру мақсатында сабақта жаттығу орындалады.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
- Өмірбаян — Уикипедия kk.wikipedia.org› Өмірбаян
- Берілген сөздерді сәйкестендіру.
- Жаттығулар
Сабаққа қатысты ескертпелер
«Карусель» жаттығуы
Ойын шарты: Оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбер – қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар арқасын беріп тұрады. Сыртқы шеңбер – қозғалмалы, шеңбер ортасына бетін қаратып тұрады. Әрбір оқушы өзіне қарама-қарсы тұрған оқушыға бір сөйлем айтып, оңға қадам жасайды. Сөйлем қойылған мақсатқа байланысты болады. Мысалы, «бұрыш» сөзін ауыспалы, тура мағынада мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп айтуын сұрайды. Келесі оқушы сол сөздермен сөйлем құрап айтуына болады. Әрқайсысы жаңа әріптесі келген сайын өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар қойып отырады. Мысалы:
- Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
- Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
- Олардың айырмашылығы қандай?
Жаттығудың бұл түрі барлық оқушылардың белсенді жұмысқа тек өзінің таңдауымен ғана емес, әртүрлі серіктерімен бір мезгілде араласуына мүмкіндік береді.
«Бұл әдіс оқушылардың өткенді қайталап, еске түсіруіне мүмкіндік береді.
Көркем жазу
Кең жолды дәптерге Ее әрпінің жазылу үлгісі көрсетіледі.
(Ее ЕЕЕ еее Ескендір ескек есім еңселі егеменді елтаңба елгезек)
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада түсіндіріліп, көрсетіледі. Жазу каллиграфиясы нашар оқушылармен дәптеріне үлгі көрсету, әріп элементтерін бастырып жазуға арналған материалдар ұсыну арқылы үйретуге болады.
Мәтінімен жұмыстың ерекшелігі
Оқушылар тыңдарманның назарын өздеріне аударып, мәтінді рөлге бөліп оқиды. Ден қояды сөзінің мағынасы ашылады.
Ден қою- назар аудару
- Мәтін арқылы Бекжанның өмірбаянын біле алдың ба?
- Бекжанның өмірбаяның білу үшін сендер қандай сұрақ қояр едіңдер?
- Сұрақ қою үшін төмендегі ақпаратпен таныс.
Ақпаратты оқы. Қандай түсінік алдың?
Өмірбаян туралы түсінік беріледі. (Өмірбаян — Уикипедия kk.wikipedia.org›)
Оқушылар мәтін арқылы Бекжанның өмірбаянын қаншалықты білгенін айтып, өз ойларымен бөліседі. Сұрақ дайындау үшін оқулықтағы жаңа ақпарат оқытылып, талдау жасалады.
Бекжанның өмірбаянын білу үшін өздері қандай сұрақтар қоятынын топта талқылап, өз ойларымен бөліседі. А4қағазға жазады. Ортақ шешімге келіп, жұмыстарын топта жариялап іледі.
Өмірбаян құрылымын талдау.
Өмірбаян құрылымын талдауда төмендегі қадамдар ескеріледі:
1) өмірбаянның жеке адамның атынан жазылатыны;
3) қай жақтан берілетіні;
2) хронологиялық даталардың болуы.
Оқушылар өмірбаян құрылымын басшылыққа ала отырып, өз өмірбаянын дәптерге жазады.
Сөздерді салыстырып, мағынасындағы өзгерісті байқату.
- Ата – ататай, қазақ – қазақша сөздерін салыстыр. Оларың мағынасындағы өзгерісті байқа.
- Өз өмірбаяныңды жаз.
- Туған-туысқандарыңды қалай жақсы көресің?
- Сезіміңді қалай білдіресің?Ым-ишара арқылы көрсет.
Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жасау туралы түсінік қалыптасады. Ата – ататай, қазақ – қазақша сөздерін сөз құрамына талдайды.
Ым-ишара арқылы сезімін білдіру.
Туған-туысқандарын қалай жақсы көретінін, сезімдерін қалай білдіретіндерін ым-ишара арқылы көрсетеді.
Шығармашылық үзіліс Ойлан, тап!
Оқулықта берілген тапсырманы оқиды. Берілген сұрақ бойынша іздену жұмысын жүргізеді. Сұрақтың жауабын сөздіктен қарап анықтайды.
Қозы жасы- ұл бала 10 жасқа толған соң, оған қозы бақтырған. Сондықтан осы жасты "қозы жасы" деп атаған.
- Сұрақ бойынша іздену жұмысын жүргізу.
- Сөздің мағынасын түсіну.
Кестемен жұмыс. Берілген сөздерді сәйкестендір.
Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындайды. Содан соң жұпта тексеріп, бір-бірінің қатесін дұрыстап, түзетеді.
кітап | кер |
ғарыш | ші |
талап | хана |
қорғау | гер |
күйші | лық |
оқу | кер |
дәрі | шы |
ұста | хана |
- Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау.
- Туынды сөз жасау.
- Түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Саралау. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Оқушылар тапсырманы жұптасып орындайды. Жұпта талқылап болған соң ортада қорғайды.
Құрақ, құрақтар, күйші, күйшінің, оқушы, оқушыға, теңізшіні, теңізшілер, теңізден, кітаптар, қобызшылар, ауылдарға, үйге, өнерлі.
Қабілеті жоғары оқушыларға өздері қалаған екі-үш сөзбен сөйлем құрастырып жазу тапсырылады.
- Сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.
- Сөйлем құрастырып жазу.
Қалыптастырушы бағалау
«Менің білетінім,...»
«Бүгін білдім, ....»
«Есімде сақтаймын, ...» Әр тапсырманы орындау барысында тиімді кері байланыс беру арқылы, оқушыларды ынталандыруға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?