Дифракциялық тор. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім (11.2 D): Толқындық оптика

Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дифракциялық тор

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін қолдану.

Сабақ мақсаттары

Дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін қолдану.

Бағалау критерийлері

- жарық дифракциясына сипаттама бере алады;

- дифракцияны бақылау әдістеріне түсінік бере алады;

- дифракциялық торды қолданып, толқын ұзындығын анықтау әдісін түсіндіре алады;

- dsinφ=kλ формуласын қолданып, есептер шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Тілді оқыту мақсаты

Оқушылар орындай алады:

Пәндік лексика және терминология

Когеренттілік, интерференция, дифракция, дифракциялықтор, максимум шарты, минимум шарты, торпериоды, максимумның (минимумның) реттік нөмірі.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Дифракция

Дифракция

Diffraction

Дифракциялық тор

Дифракционная решетка

Diffraction grating

Бөгеттерді орағыту

Огибание преград

Bypassing obstacles

Тор периоды

Период решетки

Grating period

Максимум реті

Порядок максимума

Maximum order

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Саңылаудан … өту барысында …. бақыланады.

Кеңістікте бір нүктеге тоғысқан толқындар, егер фазалар айырымы … болса, онда …

Дифракциялық тордың периодын анықтау үшін...

Құндылықтарды дарыту

Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау;

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс. Өлшеулер барысында өлшем бірліктермен жұмыс жасауда, қателіктерді есептеуде математикалық амалдар қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану барысында оқушылардың комьютерлік сауаттылығын арттыру.

Бастапқы білім

Оқушылар механикалық толқындар мысалында толқындық қозғалыс, толқындық процесті сипаттайтын негізгі ұғымдар мен шамалардың қолданылуын алдын ала біледі. Механикалық толқындардың интерференциясы мен дифракциясының шарттары мен анықтамаларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру:

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындылығын тексеру. Үй жұмысын тексеру.

Коллаборативті ортаны құру.

«Is it a cat? It’s cat. Is is a dog? It’s a dog» ойыны

Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім шеңберге тұрып, сол жағына It’s cat. деп айтылады, оқушы Is it a cat? деп сұрауы тиіс. Мұғалім қайтадан It’s cat. деп айтады. Содан кейін сол оқушы қасында тұрған оқушыға It’s cat.деп айтады, және т.с.с. сұрақтарды қоя береді. Дәл сондай сияқты оң жақтағы тұрған оқушыға «It’s a dog» деп айтып, сол жақтағы оқушыға сияқты әрекетті орындайды.

5 мин

2 мин

10 мин

12 мин

Ой қозғау:

Фронтальды сұрақтар арқылы дифракция, интерференци құбылыстарын еске түсіру:

1. Үй ішінде отырсақ та, даладағы құстар немесе көліктердің дауысы естіледі. Неліктен? (дыбыс толқындарының бөгетті орағытып өту құбылысы- дифракция)

2. Радиотолқындар ғимаратты айналып өтеді, ал электромагниттік толқын болса да жарық толқындары оны айналып өтпейді. Неге? (радиотолқын ұзындығы 1мм-ден 10 км дейін, жарық толқыны ұзындығы 380 нм мен 760 нм аралығында)

3. Интерференцияға екі мысал келтіріңіз(жұқа пленкалардағы интерференция, Ньютон сақиналары)

Сабақ тақырыбын айту, мақсаттарын жариялау

(P)Мағынаны тану:

Жұптық жұмыс. Оқушылар берілген тапсырманы жұпта оқып, содан кейін бір-біріне айтуы тиіс.

Дескрипторлар:

- берілген ақпаратты толықтай түсіндірді.

- берілген ақпарат ғылыми түрінде берілген.

- ақпаратқа өздігінен мысалдар келтіре алады

(T)Демонстрациялық тәжірибе «Дифракциялық тор көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау» (оқушыларды қатыстырып, тәжірибе жасалады)

  • Монохромат жарық көзімен (лазер)
  • Шамды қолдана отырып, экранда пайда болған дифракциялық көріністен қызыл жарық түсін анықтайды. Екі жағдайда алынған толқын ұзындығының мәндері салыстырылып, қорытынды жасалады.

Жаңа материалды бекіту (қалыптастырушы бағалау)

(G)Топпен жұмыс. Деңгейлік есептерді шығару.

Оқушыларға dsinφ=kλ формуласын қолдануға арналған жұмыс парағын ұсыныңыз.

Дескрипторлар:

  • Берілгені жазылған;
  • Шамалар мәндері ХБЖ бірліктеріндеі берілген;
  • Тиісті формула өрнектелген;
  • Жауабы дұрыс есептелген;
  • Жауабы дұрыс мәнді сандарда берілген.

Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау, шешімін табу.

Өзін-өзі бағалау. Мұғалімнің алдын ала дайындаған жауап парақшасымен әрбір бала жұмысын тексереді.

Қосымша 1

http://fizmat.by/kursy/voln_optika/difrakcija

https://www.youtube.com/watch?v=qjsdjKKLrbk

https://www.youtube.com/watch?v=hCU_beywf7o

Қосымша 2

Қосымша 2

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Бағдаршам әдісі

  • Жасыл – барлығы түсінікті, есептерді шығара аламын
  • Сары – барлығы түсінікті, алайда біраз сұрақтар бар
  • Қызыл – көп сұрақтар бар, есептерге назар аударуым керек.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: дифракциялық торды пайдаланып, дифракция құбылысын сипаттайды, дифракциялық торды қолданып, толқын ұзындығын анықтау әдісін түсіндіре алады.

Оқушылардың көбі: - dsinφ=kλ формуласын қолданып, жеңіл және орташа деңгейдегі есептерді шығара алады.

Кейбір оқушылар: қүрделі есеп шығаруда керекті формулаларды түрлендіріп қолдана алады, сонымен қатар, сыныптастарына көмек көрсете алады.

ҚБ

Марк-схема арқылы өз-өзін бағалау;

Дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау;

Физика кабинетіндегі ҚТ.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу