Жұқа линзаның формуласы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім(11.3А): Геометриялық оптика

Мектеп: ХББ НЗМ Павлодар

Тақырыбы:

Жұқа линзаның формуласы.

Мұғалім: Каримова Н.Б.

Сынып:

Оқушылар саны:

Сабақтың оқу мақсаты

- Әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты

- Әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану.

Бағалау критерийлері:

  • Белгілі бір сәулелердің түсуін пайдалана отырып, заттың әрбір орны үшін кескін тұрғыза алады
  • Жұқа линза формуласын жазып алады
  • Жұқа линза формуласының құрамына кіретін шамалар алдына қандай таңба қойылу қажеттігін біледі
  • Сызба талдауынан алынатын қосымша теңдеулерді жазып алады.
  • Ізделінді шамаға қатысты теңдеуді бірігіп шешеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек: жұқа линза, жинағыш линза, шашыратқыш линза, дөӊес линзалар, ойыс линзалар, линзаныӊ оптикалық центрі, линзаныӊ бас оптикалық осі, линзаныӊ бас фокусы, линзаныӊ фокустық қашықтығы, линзаныӊ фокальдық жазықтығы, линзаныӊ оптикалық күші.

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Сөздік

линза

lens

линза

линзаныӊ оптикалық күші

power of the lens

оптическая сила линзы

линзаныӊ фокустық қашықтығы

focal length of the lens

фокусное расстояние линзы

ойыс линза

concave lens

вогнутая линза

дөӊес линза

convex lens

выпуклая линза

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Линза- екі сфералық бетпен шектелген мөлдір дене. Линзалардыӊ екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш.

Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердіӊ центрлері арқылы өтетін түзу линзаныӊ бас оптикалық осі деп аталады.

Бас оптикалық осьтіӊ бойында және линзаныӊ центрінде жатқан нүкте линзаныӊ оптикалық центрі деп аталады. Жинағыш линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоқтар линзадан сына өтіп бас оптикалық осьтіӊ бір нүктесінде жиналады. Бұл нүкте линзаныӊ бас фокусы деп аталады

Пәнаралық байланыстар

Математикалық білім – транспортирмен жұмыс кезінде қолданылады

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту арқылы оқушылардың бойында ұйымшылдық, ынтымақтастық, құрмет сезімдерін сіңіру. Мысалы топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады.

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz сайтын интерактивті тақта арқылы пайдалану.

Бастапқы білім

Оптикалық талшықтар.

Уақытты жоспарлау

Ресурстар

Сабаққа

кіріспе

1 мин

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық көңіл – күйін байқау.

5 мин

1 мин

7 мин

5 мин

1 мин

15 мин

Үй жұмысын тексеру мақсатында «өрмекші» әдісі арқылы теориялық білімдерін тексеру.

Негізгі сұрақтар:

Оптикалық центр, оптикалық өсі, фокус, жалған және шын фокус, фокустық қашықтық, кескін сипаттамалары, кескін салудағы алгоритм, F<d<d>2F, d<F қашықтықта орналасқан болса, жинағыш линза қандай кескін береді? Нәрсе шашыратқыш линзадан F<d< қашықтықта орналасқан. Нәрсеніӊ линзада алынатын кескінін береді?

Оқушыларға сабақ тақырыбын, мақсатын, жетіскік критейрийлерін жариалау.

Видео көрсету арқылы мағынаны ажырату, оқушылар негізгісін дәптерлеріне жаздырып алады.

Bilimland.kz сайтынын есептерін шығару.

Түрлі түсті қағаз арқылы топқа бөлу.

Келесі тапсырма беру:

  • Топпен есептерді дәптерге шығару
  • Джигсо әдісі бойынша жиналып бірін біріне түсіндіру

Тапсырмаларды шығарудағы бағалау критерийлері

  • Белгілі бір сәулелердің түсуін пайдалана отырып, заттың әрбір орны үшін кескін тұрғыза алады
  • Жұқа линза формуласын жазып алады
  • Жұқа линза формуласының құрамына кіретін шамалар алдына қандай таңба қойылу қажеттігін біледі
  • Сызба талдауынан алынатын қосымша теңдеулерді жазып алады.
  • Ізделінді шамаға қатысты теңдеуді бірігіп шешеді.

Қиындықтарын талдау.

Жіп

Кесе қағаз 1

https://bilimland.kz/ru/courses/physics-ru/optika/lesson/linzy

Кеспе қағаз 2

Соңы

5 мин

Бағдаршам әдісі бойынша кері байланыс:

Жасыл – Өзгелерге түсіндіру үшін, мен жақсы білемін

Сары – мен жақсы білемін, бірақ толық емес.

Қызыл –мен ештеңе түсінбедім,білмеймін.

Оқушылар сәйкес түстерді таңдап алып,сабақ бойынша тілектерін жазды.Бағалау.

Үйге тапсырма беру. Қайталау. http://bilimland.kz/index.php/kz/

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар білуі тиіс: Жұқа линза формуласын жаза алады және жұқа линза формуласының құрамына кіретін шамалар алдына қандай таңба қойылу қажеттігін біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: бастапқы және қосымша деректерді талдайды, интерпретациялайды және өңдейді;

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өздігінен жұмыс барысын жазып, қорытынды жасай алады.

Жұптар бірін –бірі бағалайды

Қойылған сұрақтарға жауап беруіне байланысты қолпаштау, мадақтау

Физика кабинетіндегі ҚТ.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу