Радиобайланыс. Детекторлы радиоқабылдағыш. Физика, 11 сынып, презентация, 39-40 сабақ.


Радиобайланыс принциптері

Радиобайланыс –кеңістікте сымсыз таралатын радиотолқындардың көмегімен ақпарат беру және қабылдау.

Радиобайланыс түрлері

Радиотелеграфты

Радиохабар

Телевидение

Радиолокация

Радиотелефонды

Жоғары жиілікті тербелістер генераторы

Модуляциялау қондырғысы

микрофон

Толқын таратқыш антенна

Толқын қабылдағыш антенна

Қабылдағыш контур

Дыбыс зорайтқыш

Радиобайланыстың негізгі принциптері

Осы сұлбаға сүйене отырып, радиобайланыстың негізгі физикалық принципін жүзеге асырады. Таратқыш радиостанцияда жоғары жиілікті тербелістер генераторы антеннада қоздыратын жиілігі жоғары айнымалы ток кеңістікте шапшаң өзгеретін электромагниттік өріс туғызады да, ол электромагниттік толқын түрінде тарайды

Қабылдағыш антеннаға жеткен электромагниттік толқын таратқыш

станция қандай жиілікпен жұмыс істейтін болса, жиілігі дәл

сондай айнымалы ток туғызады. Қабылдағыш антеннаға қосылған

тербелмелі контур резонансқа түсу нәтижесінде жиілігі бізге қажетті

таратқыш радиостанцияның жиілігіндей еріксіз тербелісті ғана күшейтіп, бөліп алады.

Радиобайланыстың дамуының ең маңызды кезеңі 1906 жылы американдық инженер

Д. Форестің үш электродты шамды триодты ойлап шығарумен байланысты. Триод негізінде 1913 жылы өшпейтін

электрлік тербелістердің шамды генераторы жасалынды. Соның нәтижесінде электромагниттік толқын арқылы енді музыканы, сөзді, яғни дыбысты қашықтықта тарату жүзеге асырылды. Оны радиотелефондық байланыс деп атады.

Дыбыс сигналын төменгі жиілікті электр тербелісіне түрлендіру

Төменгі жиілікші электрлік тербелістерге сәйкестендіре отырып жоғары жиілікті электромагниттік тербелістерді басқару жоғары жиілікті тербелістерді модуляциялау деп аталады. Модуляция деп отырғанымыз жоғары жиілікті тербелістердің параметрлерінің бірін амплитудасын, жиілігін немесе фазасын төменгі (дыбыс) жиілікпен баяу өзгертетін процесс. Радиобайланыста амплитудалық, жиіліктік және фазалық модуляция қолданылады. Жоғары жиілікті тербелістерді тасымалдаушы жиіліктер деп атайды, өйткені олар дыбыс жиілігіндегі тербелістердің тасымалдаушылары рөлін атқарады.

Детектор схемасы

Детектрлеу

Қарапайым радиоқабылдағыш

1-қабылдағыш антенна. 2-тербелмелі контур. 3-детектор (диод). 4-конденсатор (фильтр). 5-резистор. 6-дыбыс зорайтқыш

РАДИОТОЛҚЫНДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ

Радиолокация – нысандардан шағылған радиотоқындардың көмегімен оларды тауып және сол нысандардың координаталарын анықтау.

Радиолокаторларды ұшақтарды, кемелерді, үйірілген бұлттарды тауып, оларға дейінгі қашықтықты анықтау үшін және ғарыштық зерттеулерде ғаламшарларға дейінгі қашықтықты өлшеу үшін қолданады. Радиолокация арқылы ғаламшарлардың орбиталық қозғалыс жылдамдығы және өз осінен айналу жылдамдығы анықталынады.

Нысанға дейінгі қашықтықты анықтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу