Гюйгенс принципі. Механикалық толқындардың дифракциясы. Физика, 11 сынып, презентация.


Тақырыпты ашу

Егер театрда колоннаның артында тұрсаң, әртісті көрмейсің, тек оның даусы ғана естіледі. Неге?

Не себепті адамдар орманда бір-бірін жоғалтып алмау үшін, айқайлайды?

Гюйгенс принципі. Механикалық толқындардың дифракциясы

Оқу мақсаты:

11.5.1.4 – Гюйгенс принципін және механикалық толқындардың дифракциялық суретін бақылау шарттарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Толқындардың дифракциясының физикалық мағынасын түсіне отырып, оның пайда болу шарттарын оқып-үйрену.

Гюйгенс принципін қолдана отырып, толқындардың дифракциясы құбылысын түсіндіру.

Топтық жұмыс

Материалды өз бетімен оқу және постер түрінде қорғау.

Постерде болуы қажет:

А деңгей.

- Гюйгенс принципі.

В деңгей.

- Гюйгенс принципінің әр түрлі қолдану аймақтары

С деңгей.

- Гюйгенс принципін негізге алып, практика жүзінде толқындардың дифракциясын зерттеу.

Бағалау критерийін құрастыру

Топтардың постерлерін қорғауы

Дифракция болуының негізгі шарттары

Толқын ұзындығы бөгет саңылауының өлшемі шамалас болу;

Бөгеттің айқын шекарасы болу

Дифракция дегеніміз- толқынның тұзусызық бойымен таралудан ауытқуын немесе толқындардың тосқауылды айналып өтуін айтады.

Дифракцияның өте анық байқалатын кездері:

Бөгеттің өлшемдері толқынның ұзындығымен салыстыруға келеді немесе одан аз болса, дифракция бөгеттің сыртында.

Бөгеттің өлшемі толқын ұзындығынан үлкен – дифракция бөгеттен алыс қашықтықта жатады.

Толқын жолына саңылауы бар экран қойылған:

Дифракция бақыланбайды.

Саңылаудың ұзындығы толқын ұзындығынан көп үлкен.

Дифракция бақыланады.

Саңылаудың ұзындығы толқын ұзындығымен өлшеуге тұрарлық.

Толқын жолында кедергі:

Дифракция бақыланбайды.

Кедергінің өлшемі толқынның ұзындығынан көп үлкен

Дифракция қалай және не себепті өтеді?

Толқын саңылауға қалай жетеді, сол мезетте саңылаудың шеттеріндегі ортаның әрбір нүктесі екінші реттік толқындардың өзіндік көзі болып шығады. Толқындардың жаңа шебі екінші реттік толқындардың интерференциясы нәтижесінде пайда болады.

Дифракция қалай және не себепті өтеді?

Екінші реттік толқындар саңылаудың шеткі нүктелері арқылы шығарылатындықтан, саңылау арқылы өткен толқын шебі оның шеттерінде майысады және саңылау тудыратын бөгетке кіріп кетеді. Осылайша, толқын саңылаудан өткен соң ұлғаяды және деформацияланады.

Үй тапсырмасы

bilimland.kz сайтындағы «толқындар дифракциясы,интеференциясы» бөлімінің тапсырмаларын орындау

№2 практикалық тапсырма



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу