Есеп шығару «Тізбектей жалғанған активті және реактивті кедергісі бар айнымалы ток тізбегіндегі Ом заңы». Физика, 11 сынып, қосымша материал 2.


Есеп шығару

Топтарда жұмыс жасағанда, сіз өз не айтатыныңызды дайындау үшін постерге критерийлер құрыңдар.

Топ ішінде рөлдерді бөлу:

Спикер - топтың қандай шешім қабылдағанын айтады;

Ментор – топ мүшелерін мұғаліммен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді (сұрақтар, ұсыныстар және т.б.)

Дизайнер – есептердің шешімін жазып алады

Таймкипер - уақытты қадағалайды

1-топ

 R = 21 Ом кедергісі бар резистор, индуктивтілігі L = 0,07 H катушка және сыйымдылығы C = 82 мкФ конденсатор стандартты жиілікте (ν = 50 Гц) айнымалы ток тізбегімен тізбектей жалғанады (2.20-суретті қараңыз). Электр тізбегінің индуктивті, сыйымдылық және толық кедергісін, сонымен қатар ток пен кернеудің арасындағы фазалық ығысуды анықтаңдар.

 

2-топ

 Айнымалы ток тізбегі келесі параметрлермен берілген: активті кедергісі - 20 Ом, индуктивтілігі - 15 мГн, сыйымдылығы - 55 мкФ, жиілігі - 50 Гц, амплитудалық кернеуі - 220 В-қа тең. Электр тізбегінің әр элементтеріндегі ток амплитудасын,сонымен қатар жалпы токты табыңдар.

 

3-топ

 Тізбектей жалғанған сыйымдылығы 50 мкФ конденсатор,индуктивтілігі 20 мГн катушка және активті кедергісі 4 Ом резисторлар 110 вольтты айнымалы ток желісіне қосылады.

 Анықтаңдар:

 Электр тізбегіндегі кернеудің максималды мәнін (В);

 Тербелмелі контурдың меншікті жиілігні (Гц);

 Индуктивтілік кедергісін(Ом);

 50 Гц айнымалы ток жиілігіндегі толық кедергіні (Ом);

 50 Гц айнымалы жиіліктегі токтың мәнін (A)

4-топ

 Активті кедергісі R = 1000 Ом, индуктивтілігі L = 0,5 Гн және сыйымдылығы C = 1 мкФ бар тізбектей жалғанған өткізгіштерден тұратын электр тізбегі үшін кернеу тербелісінің және ток тербелістерінің фазалық ығысуын анықтаңдар. Егер кернеудің амплитудасы U0 = 100 В, ал жиілігі = 50 Гц болса, тізбектегі қуат шығынын анықтаңдар.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу