Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және пайдалану. Трансформатор. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Айнымалы электр тогы

Мектеп: Шымкен қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Боханова Нургул, Принсесса Аргулесс

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және пайдалану. Трансформатор.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.3.12 - электр энергиясын тасымалдауда жоғары вольтты айнымалы токтың экономикалық артықшылығын түсіну

 Сабақ мақсаттары

  • Трансформатордың құрылымын сипаттау;
  • Төмендеткіш және жоғарылатқыш трансформатор түрлерін ажырата алу;
  • Көп қабатты темір өзекшесі бар қарапайым трансформатордың жұмыс істеу принципін түсіну және NS / NP = (VS) / VP = IP / IS
  • формуласын қолданып, есептеулер жүргізе алу;
  • Электр тогын тасымалдау кезінде шығын (энергияны жоғалту) көзін анықтау;
  • Электр энергиясын жоғары вольтты айнымалы ток арқылы тасымалдаудың экономикалық және практикалық артықшылығын бағалау.

 Жетістік критерийлері

Оқушылар төмендегі білімді, түсінікті және дағдыларды игеруі керек:

• трансформатордың қызметін білу;

• трансформатордың құрылысын сипаттау;

• трансформатордың жұмыс істеу принципін түіндіру;

• жоғарылатқыш және төмендеткіш трансформаторлар арасындағы айырмашылықты ажырату;

• электр тогын тасымалдаудағы айнымалы токтың рөлі

• электр тогын тасымалдау кезіндегі шығын (энергия жоғалту) көзін анықтау

• электр қуатын тасымалдау үшін жоғары вольтты айнымалы токтың практикалық және экономикалық пайдасы талдау.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология

Оқушылар төмендегі терминдердің аудармасын және анықтамасымен танысуы керек.

English Terms

Kazakh

Russian

  • transformer
  • alternating current
  • voltage
  • primary coil
  • secondary coil
  • step-up
  • step-down
  • energy loss
  • eddy current
  • electrical generation

Терминдерді / сөздерді дұрыс айту;

Терминдерді / сөздерді дұрыс жазу;

Ұғымдарды түсіндіргенде дұрыс грамматикалық ережені сақтау.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ынтымақтастық: Сабақ барысында оқушылардың ынтымақтастығына ерекше назар аударылады. Сондықтан топтық жұмыс маңызды әрі құнды болып табылады.

Құрмет: оқушылар бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.

 Пәнаралық байланыстар

Математика: оқушылардың сандық сауаттылығын дамыту және формулаларды дұрыс қолдану;

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет, интерактивті тақта, презентация, видео, ноутбуктерді тиімді қолдану;

Бастапқы білім

Электромагниттік индукция мен айнымалы токты зерттеу туралы кейбір мәліметтер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Сәлемдесу арқылы сыныпта жайлы атмосфера орнату. Ол үшін мысалы мұғалім мынадай сұрақ қоюы мүмкін: «Бүгінгі көңіл күйің қалай?»

Оқушылар жауаптарын жабысқақ дәптерге жазады және апта сайын оқушылардың көңіл-күйіне бақылау жасалады.

Ұзақтығы: 2 минут

Өтілген тақырыпты еске түсіру:

WORD CLOUD

Жұптық жұмыс

• Оқушылар электр және магнит құбылысына қатысты кем дегенде 10 сөз/терминді табады.

Ұзақтығы: 2 минут

• Оқушылар өздері анықтаған сөздер мен терминдерді басқа оқушылармен салыстырады.

• Оқушылар өз тізімінде жоқ сөздер мен терминдерді жаттайды.

Ұзақтығы: 2 минут

Мұғалім оқу мақсатымен таныстырады, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар жетістік критерийі және сабақ соңында күтілетін нәтижемен таныстырады.

Ұзақтығы: 2 минут

WORD CLOUD-тан оқушылар мен мұғалім бірге оқу мақсатына қатысты сөздер мен терминдерді анықтайды.

Кілтті сөздер:

• трансформатор

айнымалы ток

кернеу

• бірінші ретті орама

• екінші ретті орама

• жоғарылатқыш трансформатор

• төмендеткіш трансформатор

• энергия шығыны

• құйынды ток

• электр энергиясын өндіру

Оқушылар кілтті сөздердің орысша және ағылшынша аудармаларын анықтап, дәптерлеріне жазады.

Ұзақтығы: 2 минут

Word cloud generated through

https://wordart.com/create

15 минут

Зерттеу жұмысы: Оқылым және Жигсо белсенді оқыту әдісі

Оқылым:

  • Сыныпты бес топқа бөлеміз
  • Әр топқа оқылым тақырыбы бекітіледі
  • Трансформатор дегеніміз не?
  • Трансформатор жасау және оны қолдану
  • Трансформатордың жұмыс істеу принципі
  • Транформатор теңдеуі
  • Электр энергиясын өндіруде трансформаторды қолдану

Ұзақтығы: 3 минут

Жигсо әдісі:

  • Әр топқа сұрақтар таратылады. Ол сұраққа басқа топтың оқушылары жауап бере алады.
  • Бірнеше топ мүшелері мәтінмен танысып болған соң, басқа топ мүшелерімен араласады. Бір бөлігі өз орнында қалып, өзіне бекітілген тақырыпты басқа топ мүшелеріне түсіндіреді.

Ұзақтығы: 7 минут

Ынтымақтастық

  • Топ мүшелері қайта жиналып, басқа топ оқушыларынан алған білімімен бөліседі.
  • Топ мүшелері жиынтық ақпарат жасап, сыныппен бөліседі.

Ұзақтығы: 3 минут

Бағалау:

• Мұғалім әр топтың ұсынған мәліметтерін қажет болған жағдайда толықтырады және топ жұмысына кері байланыс жасайды.

Ұзақтығы: 2 минут

5 минут

Ағылшын тілінде тапсырма (жеке жұмыс)

Formative Assessment 1 (Individual)

TRANSFORMER CLOZE

Using the terms inside the box, students will fill-in the gaps.

A ______________ is a device that can change the potential difference or voltage of an alternating current. A ___________ transformer increases the voltage while a ___________ transformer reduces the voltage A basic transformer is made from two coils of wire, a __________ coil from the alternating current (ac) input and a _______________ coil leading to the ac output. The coils are not ________________ connected. Instead, they are wound around an ______________. This is easily ____________ and can carry magnetic fields from the primary coil to the secondary coil. Transformers use electromagnetic _______________ to change the voltage of alternating currents. The voltage and current changes can be calculated, as the power transfer is _______________.

20 минут

Практикалық жұмыс (топтық жұмыс)

Мақсаты: Трансформатордың шығыс кернеуі екінші ретті орамдағы орама санына тәуелділігін зерттеу;

Қолданылатын құралдар: 400 және 1600 орам сымы бар соленоид, "крокодил" қыстырғышы, мультиметр, темір өзекше, ток көзі.

Жалпы нұсқаулық: құрылғы төмендегі суретте көрсетілгендей жиналады.

Практикалық жұмысты аяқтаған соң, оқушлылар талдау сұрақтарына жауап береді.

8 минут

Бағалау:

• Практика нәтижесі және талдау сұрақтарының жауабы талқыланады.

• Трансформатордағы энергия шығыны жайлы мұғалім қосымша айтады.

Ұзақтығы: 2 минут

Презентация

12 минут

Электр энергиясын өндіру және тасмалдау жолдарын талқылау

• Мұғалім оқушыларға тақырыпқа сәйкес видео көруді ұсынады.

• Оқушылар видеоны мұқият көруі қажет

Ұзақтығы: 5 минут 24 секунд

Топтық жұмыс: Қырқып, орналастыр

• Оқушылар төменде суретте көрсетілген процестерді дұрыс ретімен орналастырады.

o Бүкіл елге электр энергиясын тарататын жоғары вольтты желілер арқылы электр заряттары жүреді.

o Ол кернеуі төмен станцияға жеткізіледі, сондықтан оны энергия мөлшерін аз қажет ететін желілерге бағыттауға болады.

o Электр энергиясы стацияларда үлкен генераторлар көмегімен өндіріледі. Станцияларда генератор жұмыс істеуі үшін жел, көмір, табиғи газ немесе су ресурстарын қолданады.

o Өндірілген электр энергиясы станциядан біздің үйімізге дейін жеткізіледі. Тұрғын үйлерде электр энергиясын қолдану қауіпсіз болу үшін төмендеткіш трансформаторларды қолданады.

o Электр тогы жертөледе немесе сарайда орналасқан қызмет көрсету панеліне жеткізіледі. Осы жерде ажыратқыштар және сақтандырғыштар үйдегі сымдарды шамадан тыс жүктеуден қорғайды.

o Электр тогын жоғарылытқыш трансформатор арқылы өткізеді. Себебі оны алыс қашықтыққа жеткізу үшін.

o Ол сіздің үйіңізге қосылады және отбасыңыз қанша электр энергиясын тұтынғанын көрсететін электр тогын есептегіш арқылы өтеді.

o Электр тогы қабырғадағы сымдар арқылы розеткалар мен үйдің барлық жерлеріне таралады.

Дұрыс реті:

1. Электр энергиясы стацияларда үлкен генераторлар көмегімен өндіріледі. Станцияларда генератор жұмыс істеуі үшін жел, көмір, табиғи газ немесе су ресурстарын қолданады.

2. Электр тогын жоғарылытқыш трансформатор арқылы өткізеді. Себебі оны алыс қашықтыққа жеткізу үшін.

3. Бүкіл елге электр энергиясын тарататын жоғары вольтты желілер арқылы электр заряттары жүреді.

4. Ол кернеуі төмен станцияға жеткізіледі, сондықтан оны энергия мөлшерін аз қажет ететін желілерге бағыттауға болады.

5. Өндірілген электр энергиясы станциядан біздің үйімізге дейін жеткізіледі. Тұрғын үйлерде электр энергиясын қолдану қауіпсіз болу үшін төмендеткіш трансформаторларды қолданады.

6. Ол сіздің үйіңізге қосылады және отбасыңыз қанша электр энергиясын тұтынғанын көрсететін электр тогын есептегіш арқылы өтеді.

7. Ол сіздің үйіңізге қосылады және отбасыңыз қанша электр энергиясын тұтынғанын көрсететін электр тогын есептегіш арқылы өтеді.

8. Электр тогы қабырғадағы сымдар арқылы розеткалар мен үйдің барлық жерлеріне таралады.

Youtube Video

https://www.youtube.com/watch?v=aPsetQ9Nt48

8 минут

Қалып тастырушы бағалау 2 (жеке жұмыс)

Шын/Жалған

1. Трансформатордың жұмысы айнымалы токтың кернеуін өзгертуге негізделген.

2. Төмендеткіш кернеу алу үшін трансформаторда 230 000 В кернеу 11 500 В кернеуге өзгереді.

3. National Grid электр тогын тасымалдаушы әуе желісінде жоғары кернеуді қолданады.

3. Электр берілістерінің ұлттық кабельдері өте жоғары кернеуді қолданады.

4. Электр тогын үй жағдайында қолдану кезінде қауіпсіз болу үшін кернеуді арттырады.

5. Тасымалдау кезінде трансформатор кернеуін арттырса, ток күші кемиді.

Проблемалық тапсырма:

Бірінші ретті катушкада 100 орам, ал екінші ретті катушкада 1000 орамы бар қарапайым трансформаторды қарастырайық. Бірінші ретті катушка кернеуі 120 В болатын айнымалы токпен жалғанған, ал екінші ретті катушка кедергісі 1000 Ом болатын электр құрылғысымен жалғанған.

  • Екінші ретті катушканың шығыс кернеуін есепте

2. Екінші ретті катушкадағы ток күшін есептте

3. Екінші ретті катушканың қуатын есепте

4. Нәтижесінде бірінші катушкадан екінші катушкаға (жоғары / төмен) ______________ кернеу ауысты

5. Сәйкесінше ток күші (артты / кеміді) ______________

Ұзақтығы: 7 минут

жауабы:

Шын / Жалған: 1. Жалған 2. Шын 3. Шын 4. Жалған 5. Шын

Проблемалық тапсырма: 1. 1200 В 2. 1.2 А 3. 1440 Вт 4. Жоғары 5. Кеміді

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақты қорытындылау және рефлексия

Оқушыларға нұсқаулық

Төмендегі сұрақтарды жұбыңмен пікір алмасып жауап бер:

A. Бүгінгі сабақтан қандай маңызды мәлімет алдыңыз?

B. Бүгінгі сабақтан алған білімді күнделікті тұрмыста қалай қолданған болар едіңіз?

C. Қай тақырыпт игеру оңай болды?

D. Егер сізде қиындық тудырған, игерілмей қалған ақпарат болса оны игеруді қалай жүзеге асырар едіңіз?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Практикалық жұмыс істеу барысында ҚТЕ сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу