Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы. Физика, 10 сынып, қосымша материал.
Қосымша тапсырмалар
№1.Егер трансформатордың бірінші реттік орам саны 20 болса, кернеуді 220 В-тан 11000 В өсіру үшін екінші реттік орам саны қанша болу қажет?
№2. Егер екінші реттік орамының саны 3500 және кернеулігі 105 В болса, трансформатордың бірінші реттік 1000 орамындағы керену қандай болады?
№3. Трансформатор 90 Вт қуат тұтынады. Егер трансформатордың ПӘК 75 % және екінші реттік орамдағы керенеу 12 В болса, екінші реттік орамдағы ток күшін табыңыз.
№ 4. 400 орамнан тұратын диаметрі 10 см катушка 0,1 с ішінде индукциясы 3 тен 5 Тл-ге дейін артатын магнит өрісінде тұр. Егер орам жазықтығы күш сызықтарына перпендикуляр болса, катушкадағы индукцияның ЭҚК-і неге тең?
№5. Индукциясы 0,1 Тл магнит өрісінің индукция сызықтарына перпендикуляр ұшып кірген электронның қозғалыс радиусы 0,5 мм-ге тең болса, онда электрон қандай жылдамдықпен ұшып кірген? Электронның массасы 9,1*10-31кг, заряды 1,6*10-19Кл.
№6. Катушкада ток 0,1 с –та 2 А – ден 12 А –ге дейін бірқалыпты өзгергенде 10 В өздік индукция ЭҚК-і туатын болса, онда катушканың индуктивтілігі қандай болады?
№7. Ауданы 400 см2 контурда 0,04 с уақыт ішінде магнит индукциясы 0,2 Тл-ға дейін бір қалыпты кемігенде, 0,6 В ЭҚК-ін тудырады. Магнит индукциясының бастапқы мәні неге тең?
№8 Сақинадағы индукциялық токтың бағытын табыңыз, жауабыңызды негіздеңіз.
№9. Кілтті қосқан кездегі гальванометр арқылы өтетін токтың бағытын анықтаңыз.
№10. Кілтті қосқан кездегі гальванометр арқылы өтетін индукциялық токтың бағытын анықтаңыз.
№11. Кілтті қосқан кездегі гальванометр арқылы өтетін индукциялық токтың бағытын анықтаңыз.
1. 1000; 2 30 В; 3 5,63 А.
4 63 В; 5 8,8 М м/с; 6 0,1 Гн; 7 0,8 Тл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру