Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі. Өздік индукция. Индуктивтілік. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім: 4.5 Электромагниттік индукция | Мектеп: Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каримова Н.Б. | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі. Өздік индукция. Индуктивтілік. | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.5.2 - электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану; | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану. | ||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Фарадейдің электромагниттік индукция құбылысының физикалық мағынасын түсінеді; Ленц заңының физикалық мағынасын түсінеді; Ленц заңын токтың бағытын анықтау үшін қолданады; Өздік индукция құбылысын зерттеу жұмысы бойынша сипаттайды; Электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолданады. | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Қозғалыста болатын зарядтқа әсер ететін күшті талдайды және сипаттайды Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: magnetic field product s the electric current in the wire. Lenz’s law statement that an induced electric current flows in a direction such that the current opposes the change that induced it Магнит өрісімен тудырылған токтың бағыты... Фарадей заңы бойынша | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Жұптық жұмыс: оқушылардың өзара сыпайылығын дамыту. Есептерді шығару: оқушылардың еңбексүйгіштігін арттыру және проблемаларды шешуге деген талпынысын арттыру
| ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометрия: нормаль және перпендикулярлар Математика: векторлардың қатынасы | ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Видео, презентация және анимацияны қолдану. | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Физика 8 сынып: Эрстед тәжірибесі. Фарадей заңы. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 мин | Оқушылармен сәлемдесу Сабаққа дайындығын тексеру. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4 мин
10 мин 4 мин 10 мин 15 мин | Activating prior knowledge | Өткен тақырыпты еске алу: Берілген сұрақтарға жауап беру:
Немесе Revision activity/ Оқушыларға ағылшын тіліндегі сәйкестендіру тапсырмасы беріледі (бірін бірі бағалау). Зерттеушілік әрекетті ұйымдастыру: Оқушылар гальванометр, соленоид және тұрақты магнитпен жұмыс істейді. CLIL: Magnetic induction caused by the movement of the South Pole of a bar magnet Берілген тәжірибені мұғаліммен жалпылау. Мағынаны ашу. Оқушылармен тәжірибені орындаған соң байқалған әрекеттің физикалық мағынасын ашу керек. Мұғаліммен Фарадей және Ленц заңдарының тұжырымдамасы беріледі. Ақпаратты бекіту: Есептерді шығару. Оқушылар келесі оқу мақсатын «Электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану» бекіту үшін деңгейлік тапсырманы өздігінен орындайды. Жауаптарын жалпылама талқылау, кері байланыс беру Дескрипторлар: - Индукцияның ЭҚК формуласын қолданады; - Индуктивтілік формуласын қолданады; - Ленц ережесін дұрыс сипаттайды; - Шамаларды ХБЖ-ға айналдырады; - Формулаларды түрлендіре алады; - Математикалық есептеулерді дүрыс орындайды - Жауаптарының дұрыстығын бағалайды Қалыптастырушы бағалау. О.М.:Электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану; | Слайд Revision Activity Қосымша 1 Презентация Қосымша 2,3 | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 1 мин | Рефлексия: «Танымдық индукция». Электромагниттік индукциясы құбылысына сай аналогияны жасап, оқушылар өздерінің «токтарын», яғни «білім ағынын» арттыру үшін үш жағдайды жазу керек. Үй жұмысы: §11.2. | Стикерлер | |||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар Фарадей және Ленц заңдарын түсінеді Оқушылардың көбі тәжірибені орындап, олардың физикалық мағынасын түсінеді. Есептерді шығарады. Ағылшын тілінде өз ойын жеткізе алады, есептерді шығара алады. Кейбір оқушылар қиындығы жоғары есептерді шығарады. |
| Физика кабинетінде қауіпсіздік техникасын сақтау. Магнит өрістің техникаға қатер туғызбауын қадағалау. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылардын көпшілігі сабақтың басында білімді айқындау сәтісінде орындаған Revision Activity тапсырманы өздігінен, үлкен қызығушылықпен орындады. 2: Барлық оқушылар эксперименттік тапсырмаларын орындап сабақ мақсатына жетті. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Соңғы тапсырманы орындауға сәл уақыт жетпей қалды. 2: Кейбір оқушылар қиындығы жоғары есептерді орындау барысында өздігінен орындамай мұғалімнің көмегіне жүгіңді Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру