Толық тізбек үшін Ом заңы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


2) толық тізбекті құрастыруға қатысты тәжірибелік жұмыс жасатуға болады.

Әр оқушы жеке жұмыс жасайтындай жағдай жасалуы қажет. Құрал жабдықтарды қолданып, тізбек құру және ток көзінің ішкі кедергісін анықтау деген тапсырма беріледі.

Амперметрлерді және вольтметрлерді тізбекке қалай қосу керектігін қарастыруға болады және қарапайым сызбаларды жасау бойынша бірнеше кеңестер беруге болады:

  • Компонеттерді сызбадағы ретпен үстелдің бетіне қойыңыз.
  • Ток өлшенуі тиісті жердегі нүктеге амперметрді қосыңыз.
  • Сызбаның қалған бөлігі дұрыс құрастырылғанға дейін, вольтметрді қоспаңыз.
  • Потенциалдар айырмасы өлшенуі тиісті компонетпен вольтметрді параллель қосыңыз.

(D) ток көзіне тізбектей жалғанған бір, екі және үш шам қорек көзінен электр энергиясымен қамтамасыз етілетін, кейбір қарапайым сұлбаны көрсетіңіз. Шамдар санының артуына қарай кернеу мен жарықтылық төмендейді.

 E) Оқушылар аккумулятормен және қыздыру шамымен төменгі кернеудің қарайым сызбасын жасауы керек. Олардан екінші шамды, кейіннен үшінші, т.с. паралелль қосуды сұраңыз.Паралелль тізбек үшін (яғни, барлық шамдар бірдей потенциалдар айырымы алуы тиіс идеясы, демек, барлығы бірдей жарық болуы тиіс) не байқалатынын (шамның саны көп болған сайын, соғұрлым әр шамның жарықтылығы төмендейді) салыстырыңыз. Қысқыштағы кернеу түсетіні туралы түсінікті енгізіңіз. Мұны растау үшін, вольтметр көмегімен тәжірибені қайталаңыз.

 

Аккумулятор батареясы, реостат, амперметр, ажыратқыш кілтті тізбектей жалғау. Ток көзіне параллель вольтметрді қосу. Реостат арқылы ток күшінің қандай да бір мәнін алу, мысалы 1,8 А. Осы кездегі вольтметрдің көрсетуін жазып алу, мысалы 3,5 В. Тізбекті ток көзінен ажыратқанда вольтметрдің көрсетуі артады, мысалы 3,7 В болады. Осы мән - батареяның ЭҚК-і. Бұдан ток көзі ішіндегі кернеудің түсуі:

 U= 3,7 В – 3,5 В = 0,2 В



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу