Эквипотенциалды беттер. Біртекті электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырмасы арасындағы байланыс. Физика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 73

Мектеп: НЗМ Семей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мамадилова З.К.

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Эквипотенциалды беттер. Біртекті электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырмасы арасындағы байланыс.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.4.1.5-есептерді шешу кезінде электростатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамаларын байланыстыратын формуланы қолдану;

10.4.1.6-гравитациялық және электростатикалық өрістердің күш және энергетикалық сипаттамаларын салыстыру;

Сабақтың мақсаттары

  • Электр өрісінің кернеулігі күштік сипаттамасы болып табылатынын , оның формулаларын білу;
  • Кернеуліктің формуласын есептер шығаруда қолдану;
  • Электростатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамаларын байланыстыратын формуланы қолдану;
  • Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланысты есептер шығаруда қолдану;
  • Гравитациялық және электростатикалық өрістердің күш және энергетикалық сипаттамаларын салыстыру

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Электр өрісінің кернеулігі күштік сипаттамасы болып табылатынын , оның формулаларын біледі;
  • Кернеуліктің формуласын есептер шығаруда қолданады;
  • Электростатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамаларын байланыстыратын формуланы қолданады;
  • Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланысты есептер шығаруда қолданады;
  • Гравитациялық және электростатикалық өрістердің күш және энергетикалық сипаттамаларын салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Электрический заряд

Electrical charge

Элементарный заряд

Elementary charge

электризация

electrification

Положительный заряд/отрицательный заряд

positive charge/negative charge

Закон сохранения заряда

The law of conservation of charge

Закон Кулона

Coulomb’s law

Электрическое поле

electric field

Напряженность электрического поля

Intensity of electric field

Линии напряженности (силовые линии)

Line tension (power lines)

 заряженный

Сharged

 Точечный заряд

Point charge

 Принцип суперпозиции (наложения)

Superposition principle

 наблюдать

observe

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіру: Оқушылар орындай алады:

Бір аттас зарядтар мен әр аттас зарядтар үшін күш сызықтарын (тақтада) және және

өз сызбасын басқа оқушылармен талқылау (айту және тыңдау дағдылары)

Пән лексикасы және терминология: Суперпозиция. Электр өрісі. Теңәрекет ететін өріс векторы

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Өріс ... болғанда қуатты болады. Өріс ... болғанда әлсіз болады. Теңәрекет ететін өрістер… есептеледі. Суперпозиция принципі…білдіреді. Электр өрісінің кернеулігі …білдіреді Электр өрісінің потенциалы.... Эквипотенциал бет....

Осыған дейін меңгерілген білім

8 сынып. Денелердің электрленуі. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Суперпозиция принципі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы.

10 мин

Сабақтың ортасы

10 мин

15 мин

Ұйымдастыру, түгелдеу.

  • Білімдерін жинақтау, қорытындылау.
  • Электр өрісі дегеніміз не?
  • Электр өрісінің кернеулігі, формуласы, өлшем бірлігі
  • Потенциал дегеніміз не?
  • Электр өрісінің потенциалы дегеніміз не?
  • Электр өрісінің жұмысы туралы не білеміз?

IІ. Оқушыларды төрттіктерге бөлу (әр оқушыға зарядтардың, потенциалдың, жұмыстың мәндері жазылған қима қағаздарын үлестіру) Кейін тақтада берілген мәндері бойынша есепті көрсету. Оқушылар есепке байланысты топтасып, есепті шығарып, жауабын айтады)

Есеп №1. Потенциалдар айырмасы 2кВ нүктелер арасында орнын ауыстырғанда, электр өрісі 50 мкДж жұмыс атқарса, зарядтың шамасы?

Есеп №2. Әрқайсысының потенциалы 5 В болатын бірдей 8 тамшыны бір үлкен тамшыға біріктірген. Оның потенциалы неге тең?

Есеп №3. 30 нКл заряд күш сызығының бағытымен 3 см-ге орын ауыстырса, кернеулігі 2 кВ/м электр өрісінің атқаратын жұмысы.

Есеп №4. 2 мкКл зарядты элетростатикалық өріске енгізгенде, 120 мкДж жұмыс істеген. Заряд тұрған нүктенің потенциалы.

ІІ. Сабақ мақсатын және оқыту мақсатын жариялау.

 АВС=WB-WC

 WB – зарядтың В нүктесіндегі потенциалдық энергиясы.

 WC –зарядтың С нүктесіндегі потенциалдық энергиясы.

 Егер заряд электр өрісінде потенциалдық энергиясы W1 болатын 2-нүктеге өтетін болса, онда өріс күштерінің жұмысы

 А12=W1-W2=-(W2-W1)=-∆W21

 Мұндағы ∆W21= W1-W2 –зарядтың потенциалдық энергиясының оны 1-нүктеден 2-нүктеге алып өткен кездегі өсімшесі.

 Өріс тудыратын зарядталған денеден шексіз алыста орналасқан нүктедегі зарядтың потенциалдық энергиясы нольге тең.

 W=0

 Q зарядты нүктеден шексіздікке апарғанда:

 АВ∞=WB-W=WB

 Өрістің қайсыбір нүктесіндегі зарядтың потенциалдық энергиясы осы зарядты өрістің берілген нүктесінен шексіздікке алып өткенде өріс күштері атқаратын жұмысқа тең.

 Электр өрісінің кез келген бір В нүктесіндегі потенциалдық энергиясы да осы зарядқа тура пропорционал, Яғни

 WBBq

  φ –электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы - өріс потенциалы.

 

 Барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей болатын бет эквипотенциал бет деп аталады. φ=const

 Өрістің кернеулігі мен кернеуі арасындағы байланыс.

 

 

«Эквипотенциал беттер» тақырыбына бейнежазбалар көрсетіліп, сұрақтарға жауап береді, тапсырмалар орындайды.

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektrostatika/lesson/ehlektr-orisining-potenczialy

№1

№2

№3

№4

№5

№6

таратпа қағаздар

презентация

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektrostatika/lesson/ehlektr-orisining-potenczialy

Үйге тапсырма

2 мин

16-жаттығу

3.68, 3.79, 3.80

Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. «Физика 10»

Сабақтың соңы

3мин

Рефлексия «Мадақтау сэндвичі».

Оқушыларға сэндвичтің суреттері таратылады. Өтілген сабақ бойынша өз ойларын жазып, мұғалімге өткізеді.

Жоғары бөлігіне – Ең құнды ой немесе ақпарат;

Ортаңғы бөлігі – Сабақтың сәтті бөлігі;

Астыңғы бөлігі – Сабақтың сәтсіз тұсы.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сыныптағы оқушыларға топпен жұмыстың мақсаттары ұнады. Олар өте белсенді, қызыға жұмыс жасады. Бүгін оқушылар электр өрісінің кернеулігінің суперпозиция принципін дифференциалды түрде меңгерді. Мен жоспарыма жұппен жұмысты ұйымдастыру үшін өзгерістер енгіздім.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Оқушылар топпен жұмыста белсенділік танытты

2: Суперпозиция принципіне әртүрлі сызбалар қарастырылып, формулалары қорытып шығарылды.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Жекелей жұмыс жасалса, оқушылардың сабақты меңгеруі артар еді

2: Сызбаларды сызуда оқушылар шапшаңырақ жұмыс істегендері тиімді болар еді

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Топпен жұмыста осы тақырыпты өткізуде, параллель бірнеше істі жүзеге асыруға болатынын байқадым.

Жаттығулар

№1

№2

№3

№4

№5

№6



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу