Изопроцестер. Физика, 10 сынып, презентация.


Изопроцестер

Сабақтың тақырыбы:

Оқыту мақсаттары:

- тұрақты температура кезінде қысымның газ көлеміне тәуелділігін зерттеу (Бойль-Мариотт заңы);

- тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділігін зерттеу (Гей-Люссак заңы);

- тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу (Шарль заңы);

Бағалау критерийлері:

Бойль-Мариотт заңын біледі және есептер шығаруда қолдана алады

Гей-Люссак заңын біледі және есептер шығаруда қолдана алады

Шарль заңын біледі және есептер шығаруда қолдана алады

Физикалық диктант

1. Больцман тұрақтысы мен Авагадро тұрақтысы NA-ның көбейтіндісін универсал газ ... деп атайды. (тұрақтысы).

2. Идеал газ күйінің теңдеуі дептәуелділік негізінде жеткілікті сиретілген газдың берілген ... күйін сипаттайтын барлық үш макроскопиялық параметр ρ,V және T-ні байланыстыратын теңдеуді айтамыз. (массасының).

3. Газдың бір параметрінің мәні тағайындалып, қалған екі мәні арасындағы сандық тәуелділікті айқындайтын заңдарды ... атайды. (газ заңдары).

4. Параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер ... деп аталады. (изопроцестер).

5. Изотермиялық процесс дегеніміз – температура тұрақты болғанда макроскопиялық денелердің термодинамикалық жүйесі ... өзгеру процесін айтамыз. (күйінің).

6. Тұрақты температурада газ қысымының көлемге тәуелділігі график түрінде ... деп аталады. (изотерма).

7. Изобаралық процесс депқысым тұрақты болғанда ... жүйе күйінің өзгеру процесі. (термодинамикалық).

8. Изобаралық процесс күйіндегі заңды 1802 жылы француз ғалымы ...-... тәжірибе жүзінде тағайындап көрсеткен. (Гей – Люссак).

9. Изохоралық процесс дегеніміз- ол ... тұрақты болғанда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеруі. (көлем).

10. Егер газ көлемі өзгермесе массасы берілген газ үшін қысымның температураға қатысы тұрақты болады. Бұл заңды 1787 жылы француз физигі ... ашқан. (Шарль)

http://www.bbc.co.uk/bitesize/quiz/q87330834

Суретте газ күйлерінің өзгеру графиктері берілген. Графиктегі әрбір бөліктегі газ өзгерісін сипаттаңыз

Дескриптор:

- Гей-Люссак заңын біледі

- Гей-Люссак заңын пайдалана отырып, есептер шығарды.

- Білу Бойль-Мариотт заңын біледі

- Бойль-Мариотт заңын пайдаланып, есептер шығарады

- Күй теңдеуін біледі

- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу