Сұйықтың кинематикасы. Физика, 10 сынып, презентация.
Сұйықтың кинематикасы
Бұл сабақта меңгеретініңіз:
cұйықтық қасиеттері, дене аққыштығы;сұйықтықтағы дене кедергісі.
Сабақты меңгеру үшін мына тақырыптармен таныс болуыңыз керек:
cұйықтық, газ және қатты дене қасиеттері;МКТ бойынша зат құрылысы.
Сұйықтық тұтқырлығы.
Тұтқырлық – cұйықтық бір бөлігінің басқа бөлігіне қатысты орын ауыстыруына кедергі көрсету қасиеті.
Табиғатта абсолют құрғақ денелер мүлдем кездеспейді десе болады. Техниканы сақтаудың кез келген жағдайларында қатты дене бетінде атмосфералық шықтар, майлардың және тағы да басқа заттардың жұқа қабаты түзіледі. Қатты дене мен сұйықтық немесе газ арасындағы үйкеліс тұтқыр немесе сұйық үйкеліс деп аталады. Тұтқыр үйкеліс қатты дененің сұйықтықта не газтәрізді ортада қозғалысы кезінде, немесе сұйықтық не газдың өзі тыныштықтағы қатты дене жанынан аққанда пайда болады.Байқалатын құбылысты түсіндіріңіз
Тұтқыр үйкелістің пайда болу себебі
Тұтқыр үйкелістің пайда болу себебі – ішкі үйкеліс. Егер қатты дене тыныштықтағы ортада қозғалса, онда оған жабысқан су немесе ауа қабатымен бірге жылжиды. Онымен қоса, ол көршілес жанасқан қабатымен сырғанайды. Осы қабатпен үйкеліс күші туындайды. Дене бетінің алшақ болған сайын, сұйықтық немесе газ қабаттары баяу қозғалады. Қабаттар арасындағы үйкеліс күші қабаттарды одан әрі баяулатады, сәйкесінше қатты денені де. Қатты дене тұтқыр үйкеліс есебінен баяулайды. Бұндай сұйықтық немесе газ ағыны тыныштықтағы дене жанынан аққанда да болады.
Сұйықтықтағы немесе газдағы үйкеліс күші неге тәуелді?
Сұйықтықтағы немесе газдағы үйкеліс күші неге тәуелді?
Дененің сұйықтықта немесе газда қозғалысы кезінде кедергі күштері туады. Олар мына екі себеппен пайда болады:
ортаның дене бетіне үйкелісі;
дене аққанда сұйықтық немесе газ ағынының өзгеруі.
Сұйықтық ағынының сызығы өзгергенде қозғалыстағы дененің алдыңғы бөлігіне түсетін қысым артады, ал артқы бөлігіне азаяды. Дене қозғалысының жылдамдығын азайтатын қысым айырымы пайда болады.
Сұйықтықтың тұрақты ағу кезінде қысым ағын жылдамдығы азырақ құбыр бөлігінде көбірек. Ортаның кедергі күші дене жылдамдығы, пішіні және өлшеміне тәуелді. Сұйықтық немесе газ ағынынығ өзгерісінен болған кедергі күшінің азаюы үшін қатты денеге аққыштық пішінін береді.Ағындардың ламинарлық және турбуленттік қозғалысы
Ағындардың ламинарлық және турбуленттік қозғалысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру