Механикалық энергия мен импульстің сақталу заңдары. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


W Активити.

Видео 3.15 – 3.18 с

https://www.youtube.com/watch?v=8SYssvIPkg8

Тапсырма: бақылауларыңды жазып, талдау жасаңдар.

Қорытынды: күнделікті өмірде біз денелердің әсерлесуін жиі бақылаймыз және бұл жағдайларда әсерлесу өте аз уақытты құрайтындықтан, одан механикалық қозғалыстың сипаттамаларын, әсерлесу энергиясын анықтау мүмкін емес.

Қарастырылатын мәселе: механиканың басты мәселесін қалай шешуге болады (кез келген уақыт мезетіндегі дененің орнын анықтау), егер әсерлесу қысқамезеттік болса?

I, G, W Жаңа ақпарат. Ньютонның екінші заңын импульстік түрде жазу.

Тапсырма: «Кинематика» және «Динамика» бөлімдерін оқып-үйренгенде алған білімдеріңді қолданып, импульстік түрдегі Ньютонның екінші заңын алыңдар

(Формуланың қорытылуы және қорытынды формуласын сыныптағы оқушылардың бірі тақтаға жазады)

W Ұғымдарды енгізу:

Импульс (қозғалыс мөлшері) – дененің механикалық қозғалысының өлшемі болып табылатын векторлық физикалық шама.

Күш импульсі – күштің, осы күш әсер ету уақытына көбейтіндісіне тең, берілген уақыт аралығында күштің денеге әсер ету өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шама.

W Жуан және жіңішке сұрақтар.

  • Ұшып келе жатқан оқ терезенің шынысын сындырмайды, тек онда дөңгелек саңылау түзеді? Неге?
  • Сіздің қолыңызда үрленген шар бар және оның ауызы байланбаған. Егер шариктің жібере салса не болады?
  • Метеорит Жер бетіне жетпей атмосферада жанып кетеді. Осы кезде оның қозғалыс мөлшері (импульсі) қайда кетеді?

W Есептер шығару.

№ 1.

Материалдық нүктенің қозғалысы х = 25 – 10t + 2t2 теңдеуімен сипатталады. Нүктенің массасы 3 кг деп есептеп, алғашқы 8 с-тағы қозғалыс үшін импульсінің өзгерісін табыңдар. Осы уақыт ішіндегі өзгерісті тудырған күш импульсін анықтаңдар.

№ 2.

Массасы 200 кг лифт орнынан үдемелі 2 м/с2 үдеумен қозғалады. Лифт 1 м жүріп өткенде қандай импульске ие болады?

№ 3.

Бірдей көлемді, болат және қорғасыннан жасалған денелер бірдей жылдамдықпен қозғалып келеді. Осы денелердің импульстерін салыстырыңдар.

I Есеп шығару. Соңында түзету жұмысымен қатар.

Массасы 160 г хоккей шайбасының жылдамдығы, массасы 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсімен бірдей болуы үшін қандай болуы қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу