Дененің ұшу қашықтығының лақтырылу бұрышына тәуелділігін зерттеу. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Дененің ұшу қашықтығының лақтырылу бұрышына тәуелділігін зерттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.10 - көкжиекке бұрыш жасай/параллель лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау;

 Сабақ мақсаттары

  • Көкжиек бойымен лақтырылған дене қозғалысының ерекшеліктерін біледі;
  • Көкжиек бойымен лақтырылған дене қозғалысын сипаттай алады;
  • Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған қозғалысты сипаттайтын формулаларды біледі;

- Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған қозғалысты сипаттайтын формулаларды қолданып есеп шығару дағдысын қалыптастырады;

 Бағалау критерийлері

  • Дененің ох осьі бойынша қозғалысын сипаттайтын шамаларды жазады және байланыс формуласын шығарады;
  • Дененің оу осьі бойынша қозғалысын сипаттайтын шамаларды жазады және байланыс формуласын шығарады;
  • Дененің максимал ұшу қашықтығын есептейтін формуланы жаза алады;
  • Дененің максимал ұшу биіктігін есептейтін формуланы жаза алады;

 Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Бастапқы жылдамдық

начальная скорость

initial velocity

Түсу уақыты

время падения

fall time

Толық уақыт

полное время падения

full-time fall

Ұшу қашықтығы

дальность полета

flight range

Көтерілу уақыты

время подъема

rise time

Пәнге тән лексика мен терминология:

максимал ұшу қашықтығы, максимал ұшу биіктігі, толық уақыт, бастапқы жылдамдық, лақтыру бұрышы.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)

Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Математика пәнінен бұрыштарды қалай есептейтінін біледі. sin, cos мәндерін біледі. Санның квадратын есептеуді, түбір астынан шығаруды біледі.

 АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Теңүдемелі қозғалыс, үдеу, жылдамдық, орын ауыстыру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру,

- оқушылармен бірге ОМ анықтап алу

Сабақтың ортасы

8 мин

20 мин

10 мин

10 мин

10 мин

18 мин

(T) Симуляция.: Зеңбіректен атылған оқтың ұшу биіктігі мен ұшу қашықтығы қандай шамалардан және қалай тәуелді?

(W) Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің ауырлық күші әрекетінен қозғалысын қарастыру.

Оқушылар тартылыс өрісіндегі қозғалысты сипаттау үшін кинематикалық теңдеулерді жазады.

(I f) 1) Неліктен көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің траекториясы қисайып, парабола тәрізді болады?

2) Неліктен ауада дененің ұшу биіктігі (H) мен ұшу қашықтығы (L) есептеулер арқылы алынған мәнінен аз болады?

3) Кестеде горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу кезінде алынған мәліметтер берілген.

t,c

0

0,45

0,9

1,35

1,8

2,25

3,15

x,м

0

1,42

2,85

4,27

5,69

7,12

9,96

y,м

50

48,99

45,95

40,89

33,80

24,69

0,39

а) осы мәліметтерді пайдаланып, у-тің х-қа тәуелділік графигін тұрғызу;

b) дене лақтырылған биіктікті анықтау;

с) дененің ұшу қашықтығын анықтау;

d) дененің бастапқы жылдамдығын анықтау.

4) Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттайтын графиктер көрсетілген. Осы графиктерді пайдаланып, анықтау:

а) дене лақтырылған биіктікті;

b) дененің ұшу қашықтығын;

с) дененің ұшу уақытын;

d) дененің бастапқы жылдамдығын.

а)

b)

5) Кестеде көкжиекке (горизонтқа) 300 бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу кезінде алынған мәліметтер мен ұшу биіктігінің ұшу қашықтығына тәуелділік графигі берілген.

t,с

0

1

2

3

4

5

6

6,12

х,м

0

52

104

155,9

208

259,8

311,8

318

у,м

0

25

40

45,86

42

27,43

3,517

0,004

і) Анықтау:

а) дененің максимал көтерілу биіктігін;

b) дененің ұшу қашықтығын;

с) дененің ұшу уақытын;

d) дененің бастапқы жылдамдығын.

іі) белгіленген нүктелердегі жылдамдық пен еркін түсу үдеуінің бағыттарын көрсету.

Сабақты бекіту:

1. Бала допты 20 м биіктіктегі терезеден горизонталь бағытпен лақтырды. Егер доп үйдің іргесінен 6 м қашықтыққа түссе, доп жерге дейін қанша уақыт ұшқан және қандай жылдамдықпен лақтырылған?

2. Бала биіктігі 5 м тік жағадан суға сүңгіді, оның жүгіргеннен кейін горизонталь бағытталған жылдамдығы 6 м/с еді. Баланың суға жеткен кездегі жылдамдығының модулі мен бағыты қандай?

3. Дене 10 м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта лақтырылған, ұшу алыстығы лақтыру биіктігіне тең. Дене қандай биіктіктен лақтырылған?

https://phet.colorado.edu/sims/html/projectile-motion/latest/projectile-motion_en.html

Ноутбуктер.

Ұшатын бөлшектерді модельдеу:

http://phet.colorado.edu/en/simulation/projectile-motio n

немесе

http://phet.colorado.edu/files/activities/3193/Projectiles-student.doc

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Тақырыпты меңгереді

Оқушыларды көпшілігі:

Есептерді шығарады

Кейбір оқушылар:

Қосымша тапсырмаларды орындайды

Тексеру парақтары

Шапалақтау

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету

Формативті бағалау (жетістік критерийлері арқылы)

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу