Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1В Кинематика

Мектеп:

Қостанай қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

10 (ЖМБ)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар.

Осы сабақта қол жеткі-зілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.13 - инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату;

 Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату

Оқушылардың көбісі:

Галилей түрлендірулерін түсіну

Кейбір оқушылар:

Түзы сызық бойымен қозғалған дене қозғалысын басқа дене қозғалысымен салысттырғандағы жылдамдығын анықтауды үйрену

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Инвариантты және салыстырмалы шамаларды ажырата алады;
  • Галилей түрлендірулерін қолданады;
  • Есептер шығару кезінде түзы сызық бойымен қозғалған дене қозғалысын басқа дене қозғалысымен салысттыра отырып, жылдамдықты анықтай алады

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

қаз

рус

Eng

Физикалық шама

Физическая величина

Physical quantity

Инвариантты шама

Инвариантная величина

Absolute quantity

Салыстырмалы шама

Относительная величина

Relative quantity

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін құрметтеу мен тыңдау дағдыларын жетілдіру

Әлемдік жаһандылыққа тәрбиелеу

Әлемнің бәрі де салыстырмалы

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Қосымша ақпарат http://class-fizika.ru/10_a28.html

Өмірмен байланыстылығы

Трасса боймен келе жатқан машина жүргізушісі, алдындағы машинаны басып озуы үшін сол машинамен қоса қарсы келе жатқан машинаның жылдамдықтарын бағалай алуы қажет.

Пәнаралық байланыстар

Математика

Бастапқы білім

Механикалық қозғалыс, жылдамдық, векторар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін анықтау

Activity. Қозғалыс тақырыбымен байланысты сөздерді тауып, оған анықтама беріңіз

презентация

15 мин

Жаңа тақырыпты игеру

Миға шабуыл: қозғалыстағы дене тыныштықта бола алады ма? Мысал келтіріңіз.

Бейне баянды қарау: Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы (относительность движения):

https://www.youtube.com/watch?v=HYZ1cWcV6pg

Талқылау:

  • Неліктен қозғалыс салыстырмалы?
  • Кеңістіктегі дене орны неге тәуелді?
  • Қозғалыстың тәуелсіздік принципі дегенді қалай түсінесіздер?
  • Қозғалыстағы дененің басқа денемен салыстырғандағы жылдамдығын қалай анықтай аламыз?
  • Қозғалыстың салыстырмалылығына мысал келтіріңіздер

Инвариантты және салыстырмалы шамалар

Инвариантты деп – әртүрлі санақ жүйелерінде өзгеріссіз қалатын физикалық шамалар немесе физикалық заңдарды айтамыз (күш, масса, үдеу).

Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне ауысу кезінде өзгеретін шамалар салыстырмалы шамалар деп аталады (жылдамдық, орын ауыстыру, траектория).

Презентация

15 мин

Есептер шығару. Жұптық жұмыс

  • 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан қызыл көліктің 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалып бара жатқан көк көлікке қатысты олар ...... жылдамдығын анықтаңыз.
  • параллель бір бағытта қозғалғандағы;
  • параллель қарама-қарсы бағытта қозғалғандағы;
  • бір-бірінен тік бұрыш жасай алыстағандағы
  • Жүзгіш ені 225 м болатын өзенді көлденеңінен суға қатысты 1,5 м/с жылдамдықпен жүзіп өтпекші. Өзен ағысының жылдамдығы 1,2 м/с. жүзгіштің жағаға қатысты жылдамдығын анықтаңыз. Екінші жағаға жеткенде жүзгіш бастапқы орнынан қандай аралыққа ығысады? Жүзгіштің орын ауыстыруы неге тең?
  • Екі паралелль жатқан рельстер бойымен екі поезд бір-біріне қарама-қарсы 𝜐1 = 151,2 км/сағ және 𝜐2 = 374,4 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатыр. Бірінші поездың ұзындығы l2 = 465 м, ал екіншісінікі - l1 = 121 м тең. Бірінші поезд екіншісінің жанынан қанша уақыт аралығында өтеді?

Үй жұмысы

Есептер шығару

3 мин

Рефлексия

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Тақырыптың меңгерілуі сабақтың барлық кезеңдерінде бақыланып отырады. Оқушылардың жеке және жұптық жұмыс жасау бақыланады

Бұл сабақта қауіпсіздік техника ережелерімен танысады

Сабақ бойынша реф-лексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұ-рыс қойылған ба?

Оқушылардың барлы-ғы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұ-рыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт-тық кезеңдері сақ-талды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз саба-ғыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу