Кездейсоқ және жүйелік қателіктер. Физика, 10 сынып, презентация.
Бұл мысалдан қандай қорытынды жасауға болады?
Оқушылардың қайсысы нақты мәнін анықтаған?
Төрт оқушы сызғаштың көмегімен 15.0cm болатын қарындаштың ұзындығын өлшейді. Оқушылардың алған нәтижелері төменде көрсетілген. Осы графиктердің қайсысы нақты бірақ дұрыс емес?
Кездейсоқ және жүйелік қателіктер.
Оқу мақсаттары:
10.1.2.1 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;
10.1.2.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;
Бағалау критерийлері:
Кездейсоқ қателіктер мен жүйелік қателіктерді ажырата алады;
Зертханалық жұмыста жіберілген қателіктерге анализ жасай алады;
тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтайды
Ұқыптылық пен нақтылықтың айырмашылығын біледі
Пәнге тән лексика мен терминология:
Локоть
Пядь
Ярд
Егер өлшеген шаманың мәнін m деп, ал өлшеу қателігін һm деп алатын болсақ, онда өлшеу нәтижесі былай жазылады:
M=m ± һm немесе (m – һm) < M< (m+һm).
Жүйелік қателіктер дегеніміз аспап арқылы тікелей өлшеулер кезінде жіберілетін қателіктерді айтуға болады. Олар: Аспаптың ескіруінен, аспаптың көрсетішінің дұрыс көрсетпеуінен немесе сынған құралды қолдану нәтежесінен болуы мүмкін.
Мына көрсетілген графиктерден аспаптың нәтижесінен болған қателіктерді айтуға болады. Яғни біздің пайда болған ауытқуларымыз осы құралдың жіберілген қателік болып табылады.
Кездейсоқ қателіктер сырты немесе бірнеше өлшемдер жасау кезінде жіберілетін қателіктер бола алады. Кездейсоқ қателіктерді жібермеу мүмкін емес. Мысалы кез келген шаманы өлшеу кезінде оған әрекет ететін сырқы факторлар нәтижесінен болуы мүмкін.
Графигін алып қарайтын болсақ анықталатын шамалардың барлығы біркелкі емес болып келеді.Тәуелсіз, тәуелді айнымалы және басқарылатын шамалардың арасында айырмашық қандай?
Тәуелсіз айнымалы – эксперимент жасаушы өзгертетін шама
Тәуелді айнымалы – эксперимент барысында өзгертетін шамаға тәуелді өзгеретін шама
Басқарылатын шама– эксперимент барысында шарт бойынша өзгеріске ұшырамайтын шама
Мысал
y – шамасы төмендегі формуламен есептелінеді:y = px/q2 мұндағы,
y - шамасының салыстырмалы қателігін табыңыз?
εy=εp+εx+2∙εq=16%
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру