Салмақсыздық. Физика, 9 сынып, дидактикалық материал.
Салмақсыздық. Асқын салмақ
1. Қандай жағдайда қозғалыстағы дененің салмағы тыныштық күйіндегі салмағынан аз болады?А/ дене бірқалыпты жоғары қозғалғанда;В/ дене бірқалыпты үдеумен жоғары қозғалғанда;С/ дене жоғары қарай үдеумен қозғалғанда;Д/ дене бірқалыпты төмен қозғалғанда;Е/ дене бірқалыпты үдеумен төмен қозғалғанда.
2. Лифт табанында массасы жүк жатыр. Лифт 2 м/с2 үдеумен жоғары қарай қозғалады. Жүктің лифт табанына түсіретін күші (g = 10 м/с2)
A) 240 Н.
B) 340 Н.
C) 140 Н.
D) 440 Н.
E) 540 Н.
3. Жоғары қарай 1 м/с2 үдеумен қозғалып бара жатқан лифтіде массасы 70 кг адам тұр. Адамға әсер етуші тең әcерлі күштің мәні және бағыты?А) 770 Н;
В) 700 Н;
С) 630 Н;
Д) 675 Н;
Е) 725 Н.
4. Лифт төбесіне ілінген денеге әрекет ететін күштер көрсетілген.
Сурет1 Сурет 2 Сурет 3
(а) Әр жағдай үшін лифт үдеуінің бағытын көрсетіңіз.
(b) Әр жағдай үшін салмақтың формуласын жазыңыз:
Сурет 1................................. Сурет 2................................ Сурет 3..........................
(с) Тік төмен 0,8м/с2 үдеумен қозғалатын лифт еденіне массасы 60кг адамның түсіретін салмағын анықтаңдар. (g=10м/c2)
[2]
5. Графикте Р планетасындағы және Q планетасындағы дене салмағының массаға
тәуелділігі көрсетілген.
Дененің Р планетасындағы салмағы 400 Н. Денені Q планетасына апарды. Төменде
көрсетілген кестеде қай қатарда дұрыс жауап берілген?
Q планетасындағы дене массасы / кг | Р планетасындағы дене массасы / кг | |
A | 40 | 20 |
B | 40 | 40 |
C | 80 | 20 |
D | 80 | 40 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру