Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақ тақырыбы: Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік

Оқу мақсаттары:

  • металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау

Теориялық материал

Спираль сияқты иілген темір сымды ток көзі және амперметрге қосылған тізбекке тізбектей жалғайды. Амперметрдің көрсетуін анықтап алып, спиральді шамның жалынына ұстап қыздырады.

Амперметрдің көрсеткіші өзгергенін байқайды және спираль қызған сайын амперметр тізбектегі токтың азайғанын көрсетті деп тұжырымдайды. Демек, қызғанда темір сымның кедергісі артады деп қорытындылайды.

Кейбір таза металдардың кедергісі әжептәуір, ал қорытпаларда кедергі аз артады. Температура жоғарлағанда кедергісі өзгермейтін арнайы қорытпалар да бар. Оларға константан мен манганин жатады. Оларды эталондарды, реостаттар мен басқа да аспаптарды дайындауға пайдаланады деп жаңа ақпаратпен таныстырады.

Проблемалық сұрақ: Қыздырғанда кедергінің өсу себебі не болуы мүмкін? Сыныппен бірге талқылай отырып, сымды қыздырғанда өткізгіштің температурасы артады және молекулалардың қозғалыс, соқтығысуы жиі болады деп жауап беруі мүмкін. Өткізгіштің температурасы артқанда, кристалдықтордың түйінділеріндегі иондар тербелісі күшейеді. Нәтижесінде, электрондар иондармен жиіріек соқтығысады. Бұл олардың өткізгіштегі бағытталған қозғалысына кедергі жасайды, сондықтан кедергі артып, ток кемиді деп толықтырады.Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі былай анықталады: бұдан .

Тәжірибелік жұмыс.Демонстрация.

Егер тізбекке темір сымның орнына қандайда бір электролитті (мысалы, тұздың судағы ерітіндісін) қоссақ, онда электролит қызған сайын, токтың артатынын амперметрден байқаймыз.

Сонымен, температура артқанда заряд тасымалдаушылардың қозғалысы артады да электролиттердің кедергісі кемиді деп қорытындылайды.

Асқын өткізгіштік  деп таза металдардың және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нөлге жақын температураларда кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады.

Асқын өткізгіштің үлкен практикалық мәні бар. Асқын өткізгіштік күйінде тұйықталған өткізгіштегі ток күші кедергінің болмауы салдарынан шексіз ұзақ уақыт бойы сақталады. 1925 жылы мыс сақинамен жасалған тәжірибеде, тіпті 2,5 жыл өтсе де, сақинадағы ток күшінің ешқандай кемімегені байқалған.

Қазіргі таңда Күннің магнит өрісінен он мың есе күшті магнит өрісін беретін өте қуатты асқын өткізгішті электр - магниттер жасалған.

Өткен тақырыпты қайталауға берілген тест тапсырмаларының жауаптары

  • 1 В
  • 2 С
  • 3 С
  • 4 С
  • 5 А

Сабақты бекітуге берілген тапсырмаларының жауаптары

1.

2. 2,9 Ом



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу