Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі

Оқу мақсаттары:

4.1.6 – электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;

8.4.1.7 – біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу;

8.4.1.8 – электр өрісін күш сызықтар арқылы кескіндеу

Тест тапсырмалары

1.Пластмасса сызғышты жүнге үйкегенде сызғыш теріс зарядталады.Бұның себебі:

а) электрондар сызғыштан жүнге ауысады; б) протондар сызғыштан жүнге ауысады;

в) электрондар жүннен сызғышқа ауысады; г) протондар жүннен сызғышқа ауысады;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

2.Нүктелік зарядтан 12см қашықтықта электр өрісінің кернеулігі 36В/м болса, онда осы зарядтан 8см қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігі қандай болады?

а) 16 В/м; б) 24 В/м; в) 81 В/м; г) 54 В/м; д) 72 В/м.

3. Массасы 1,6·10г тозаң кернеулігі 1000В/м электр өрісінде қалықтап тұр.Тозаңдағы артық электрондар саны...

а) 10; б) 10; в) 10; г) 10; д) 10.

4. Төменде келтірілген қасиеттердің қайсысы электр өрісін сипаттайды?

1) күш сызықтары зарядтармен байланысқан;

2) өрістің энергиясы бар;

3) өрістің энергиясы жоқ;

4) күш сызықтары тұйықталған;

5) электр зарядын тұйықталған сызық бойымен орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс нольге тең;

6) электр зарядын тұйықталған сызық бойымен орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс нольге тең емес.

а) 2,3,5; б) 1,3,6; в) 3,4,5; г) 1,2,5; д) 2,4,6.

5. Жер бетінен бұлт 500 м биіктікте тұр.

500 м

Бұлт және жер арасындағы потенциал айырмасы 200мВ. Бұлт пен жер арасындағы жаңбыр тамшысының заряды 4,0 х 10-12 Кл тең.

Жаңбыр тамшыларының электр күші қандай?

A1.6 x 1015 НB8.0 x 10–4 НC1.6 x 10–9 НD0.40 Н

Қосымша тапсырма

  • Электр өрісінің кернеулігі 5кН/Кл , 1мкКл зарядқа электр өрісі қандай күшпен әсер етеді?
  • Массасы 0,1мг тозаң кернеулігі 1кН/Кл жоғары бағытталған электростатикалық өрісте тұру үшін тозаң заряды қандай болу керек?
  • Зарядқа дейінгі қашықтық 3 есе кемісе, нүктелік зарядтың өріс кернеулігі қалай өзгереді?
  • 10-7 Кл заряд тұрған нүктедегі электр өрісінің кернеулігі 5 В/м. Зарядка әсер ететін күшті табыңыз.
  • Арақашықтығы бір түзудің бойында жатқан кернеулігі біртекті дененің кернеуі 2 кВ болса, онда өріс кернеулігі неге тең?
  • Жазық конденсатордың астарларындағы өріс кернеулігі 6000 В/м. Осы өрістің арасында тепе-теңдікте тұрған заряды 5·10-11 Кл зарядтың массасын табыңыз. g=10 Н/кг
  •  Нүктелік зарядтан қашықтықта электр өрісінің кернеулігі 2·105 Н/Кл болса, осы зарядтың шамасын тап.
  •   Электр өрісінің күш сызықтарын қолданып зарядтың тегін анықтаңдар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу