Жобаның нәтижесін таныстыру. Музыка, 6 сынып, презентация. 10 сабақ.
Сабақ тақырыбы:
Жобаның нәтижесін таныстыру
Сабақ мақсаты
Тілдік терминологияны қолдана отырып, шығармашылық жоба жұмыстарын көрсетіп, талдайды;
Өзінің және өзгенің шығармашылық жоба жұмыстарын бағалайды;
Топ жұмыстарына кері байланыс береді.
Бағалау критерийлері
шығармашылық жоба жұмыстарын көрсетеді;
тілдік терминологияны қолдана отырып, талдайды;
Өзінің және өзгенің шығармашылық жоба жұмыстарын бағалайды;
Топ жұмыстарына кері байланыс береді.
Тапсырма. Топта жұмыс жасау.
1 - топ - «Музыка және поэзия» тақырыбына 4 шумақ өлең жолдарын құрастыру, әйгілі жазушылар туралы ақпарат іздеу;
2 - топ - «Музыка және кескіндеме» - Наурыз, 8-наурыз арналған сурет жазып, музыкалық сүйемелдеу құрастыру;
3 - топ - «Музыка және театр» тақырыбына - (ертегі, ықшам қойылым) кішігірім қойылым ұйымдастыру;
4- топ - «Музыка және кино» - компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып музыкалық композицияға жөндеу жасау.
Тапсырма. Презентация.
Шығармашылық жұмыстарыңызды сынып алдында көрсетіңіздер. Сұрақтарға жауап беріңіз:
Сіздің тақырыбыңыз қандай?
Топта рөлдерді қалай бөлдіңіз?
Қандай әндер таңдадыңыз?
Шығармашылық жоба дайындауда не үйрендіңіз?
Жобаның қай бөлімі сәтті орындалды?
Бағалауға арналған критерийлер:
Топтық жұмыс;
Орындау барысындағы ансамбльдік шешім;
Сюжет пен музыканың сәйкестігі;
Шығармашылық шешім.
Рефлексия
Жоба барысында:
Сізге қай топтың жұмысы ұнады? Неге?
Не сәтті орындалды?
Қандай қиындықтар болды?
Не қызықты болды?
Рефлексия
• Мен бүгін сабақта үйренгенім…
• Сабақта мені толғандырған…
• Әсіресе менің қолым жеткені…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?